~254~
ҚР
құқық
қорғау
органдары
Мемлекет қоғамды саяси ұйымдастырудың ең үздік түрі,
онда өз
субъектілерінің əлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған əртүрлі
қызметтер бар. Осы бағыттағы жұмысын мемлекет еркіне беру, нұсқама жəне
тыйым салуларды белгілеп құқықтық нормалар арқылы жүзеге асырады.
Құқықтың көмегімен мемлекет адамдарды дұрыс қылықтар жасауға итермелеп,
саналық мінез
-
құлқына əсер етеді. Қылықтар заңды жəне заңсыз болуы мүмкін,
осыған байланысты мемлекет:
-
құқықтық нормаларды бұзуға дейін жəне одан тыс
-
субъектіні құқықтық
мінез
-
құлқы шегінде ұстауға;
-
заң бұзу кезінде
-
заңға қайшы əрекеттерге (əрекетсіздік) тыйым салу,
олардың жағымсыз салдарларын болдырмау;
-
заң бұзылғаннан кейін
-
жазықтыны əшкерелеу,
оны құқықтық
жауапкершілікке тарту, бұзылған субъективтік құқықты қалпына келтіру
бойынша шаралар қолдану.
Құқық бұзышулық барысында жəне одан кейін қарапайым нормалар мен
арнаулы белгіленген қорғаушы құқықтық санкцияларын қолдану жолын сақтау
жəне тікелей жүзеге асыру қажеттілігі туындайды. Өздігінен бұл нормалар
жұмыс істемейді, бұл нормаларды қозғалысқа келтіріп, бақылап отыру
мүмкіндігіне ие арнаулы өкілетті органның қатысуы қажет.
Нормаларды қозғалысқа келтіру мүмкіндігі бар өкілетті органдарға
жататындар:
ҚР
Конституциялық
Кеңесі
-
ол мемлекеттің
барлық аумағында
конституцияның барлық
заңдардан, заңдық жəне өзге де нормативтік құқықтық
актілерден жоғары тұруын қамтамасыз етеді;
Прокуратура
-
Республика аумағында заңдарды, Қазақстан Республикасы
Президенті Жарлығының жəне өзге де нормативтік
-
құқықтық актілердің дəл əрі
бірқалыпты қолданылуын жоғарыдан бақылаудың, жедел іздестіру қызметінің,
анықтау жəне тергеу, əкімшілік жəне атқарушы өндірістің заңдылығын
қамтамасыз етеді;
Əділет
органдары
-
құқықтық нормалардың дұрыс қызмет етуін қолдау
бойынша міндетті жүзеге асырады, сот əділдігі қызметіне тікелей жəрдемдеседі,
оған материалдық, техникалық жəне басқа да көмек түрлерін көрсетеді.
Қылмыстық
қуғындау
органдары
(
ІІМ
,
ҰҚК
,
Президенттің
күзет
қызметі
,
Салық
полициясы
жəне
басқа
органдар
)
-
олардың құзыретіне
қылмысты табу жəне ашу, қылмыс жасаушыларды тауып, қылмыстық
жауапкершілікке тарту жатады.
Сот
билігі
органдары
-
олардың құзыретіне: азаматтар мен ұйымдардың
құқықтарын, бас бостандығы мүдделерін қорғау, Конституцияның, заңның, жəне
өзге де Республиканың нормативтік құқықтық
актілерінің орындалуын
қамтамасыз ету жатады.
Адвокатура
-
оның басты міндеті білікті заңдық көмек көрсету арқылы,
көмек сұраған азаматтарды жəне ұйымдарды құқықтық қорғауды қамтамасыз
ету болып табылады.
~255~
Нотариат
-
əділет органдарының өкілдігімен тараптар арасында
келісімге жəне өзге ресми құжаттарға қол қоюға байланысты мəмле жасау
барысындағы заңдылықтың сақталуын бақылайды.
Аталған органдардың əрқайсысын жеке қарастырып, анықтамасына
тоқталатын болсақ
1) Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі
ҚР Конституциялық Кеңесі Конституция заңдары мен өзге де нормативтік
құқықтық актілердің сəйкес келуін бақылауды жүзеге асырады. Конституциялық
Кеңестің қызметі Қазақстан конституциясымен, ҚР Президентінің «ҚР
Конституциялық Кеңесі туралы» Жарлығымен жəне
дербес регламентімен
реттеледі. Конституциялық Кеңес өзін
-
өзі басқарады жəне мемлекеттік
органдарға, ұйымдарға, лауазымды тұлғаларға жəне азаматтарға тəуелді емес,
Конституцияға ғана бағынады. Оның қызметіне араласу, қысым көрсету немесе
Кеңес мүшесіне қандай да болмасын жағдайда ықпал ету заңмен қудаланады.
Конституциялық кеңестің төрағасы мен мүшелерінің өкілеттігі мерзімінде
олардың өміріне қол сұқпаушылық мəртебесін иеленеді. Конституциялық
кеңестің
-
ҚР
Конституциясының мемлекеттің барлық аумағында үстемдік етуін
қамтамасыз ететін міндеті бар.
Осы мақсатта ол: Президент сайлауын, Парламент депутаттарын жəне
республикалық референдум өткізу дұрыстығы туралы мəселе туындаса, дауды
шешеді; Президент қол қойғанға дейін Парламент
қабылдаған заңдардың
Конституцияға сəйкестігін қарастырады; Республиканың халықаралық келісімін
ратификациялауға дейін Конституцияға сəйкестігін қарастырады; Конституция
нормаларына ресми түсінік береді; Парламенттің Президенттің мерзімінен
бұрын қызметтен кетуі немесе қызметтен кетіру туралы соңғы шешімін
қабылдағанға дейін белгіленген конституциялық үрдістердің сақталғаны туралы
тұжырым жасайды; Егер сот адамдар мен азаматтардың белгіленген
Конституциялық құқықтарымен бас бостандықтарына қысым жасайды деп
тапса, заңдық жəне заңдық актілерді конституцияға қайшы деп танылған
соттардың үндеулерін қарастырады; Конституциялық
өндіріс дағдысын
топтастыру нəтижесі бойынша жыл сайын Парламентке Республикадағы
конституциялық заңдылық жағдайы туралы жолдау жібереді.
Конституциялық Кеңесте жеті мүшесі болады, олардың біреуі Төраға
болып табылады. Сонымен бірге Республиканың экс
-
Президенті заңды түрде
өмір бойы мүшесі болып саналады. Конституциялық Кеңестің Төрағасын жəне
екі мүшесін лауазымға ҚР Президенті, екі мүшесін Парламент Сенатының
Төрағасы, жəне қалған екі мүшесін Мəжіліс Төрағасы алты жылға тағайындайды
жəне лауазымнан босатады. Кеңестің қалған жарты бөлігі əрбір үш жыл сайын
жаңартылып отырады. Кеңес құрамына мемлекет аумағында мекендейтін,
жоғары
заң білімі, заң мамандығы бойынша 5 жылдан кем емес жұмыс өтілі бар
ҚР 30 жастағы азаматы тағайындала алады. Конституциялық Кеңесте
мəселелерді қарастыру конституциялық өндіріс ережесі бойынша жүргізіледі.
Конституциялық Кеңес өзінің барлық шешімін мүшелері санының басым
бөлігінің даусымен коллегиалды түрде қабылдайды. Дауыс беру ашық түрде
жүргізіледі. Төраға соңынан дауыс береді, жəне оның дауысы шешу болып
~256~
саналады. Конституциялық Кеңестің барлық мүшелері белсенді позиция
ұстанады
-
олардың ешқайсысының
дауыс
беруде қалыс қалуға немесе
қатыспауға құқығы жоқ.
Конституциялық Кеңестің соңғы шешімі міндетті түрде үндеу жолдаған
субъектілерге немесе олардың өкілдеріне, ҚР Президентіне, Парламенттің қос
палатасына, Жоғарғы Сотқа, Бас прокурорға, Əділет
министріне, сондай
-
ақ
республикалық басылымда жарияланады.
Достарыңызбен бөлісу: