Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі



Pdf көрінісі
бет79/200
Дата20.10.2023
өлшемі2,48 Mb.
#119854
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   200
Байланысты:
5f48db6acc320 1598610282 (1)

құлдырауының
дағдарысы. Дағдарыс құбылысының болуы сұраным төлем 
қаблеттілігімен салыстырғанда тауарды артық өндірумен түсіндіріледі

Құлдырау сатысына тəн ерекшеліктер:
 
тауар артықшылығы; бағалардың 
төмендеуі; жұмыссыздықтың артуы; өндіріс көлемінің қысқаруы; пайыз 
қосылымының өсуі.
Дағдарыс кезеңінде өткерілмеген өнім саны тез ұлғайып, 
жұмысшылар босатылады, жұмыссыздық ұлғайып, несие
-
ақша байланыстары 
бұзылып, құлдырау толқыны ұлғайды жəне кəсіпорындар кұлдырап, жойыла 
бастайды. 
Экономикалық циклдың келесі фазасы 
дағдарыс
(депрессия) («depressio» 

латын сөзі, төмендеу, тереңдеу дегенді білдіреді). Бұл фазада өндірістің 
құлдырауы тоқтайды. Жайлап болса да қордағы тауарлар өткеріледі жəне еркін 
ақша капиталы пайда болады.
 
Дағдарыс сатысына тəн ерекшеліктер

өндіріс 
құлдырауының қысқаруы;
тауар қорының көбеюі;
жаппай жұмыссыздық;
төмен 
жалақы;
ссудалық
пайыз қойылымының төмен деңгейі.
Келесі фаза —
жандану,
бұған тəн нəрсе өндірісті ұлғайту, демек пайда 
бар деген сөз. Ол кезегінде өндірістің дамуын ынталандырады

Жандану 
сатысына тəн ерекшеліктер:
 
құлдырауға дейінгі өндірістің өсуі; өндіріске 
инвестицияның келуі;
тауарлар бағасының өсуі

жұмыссыздық мөлшерінің аздап 
болсын қысқаруы;
 
халықтың табысының біртіндеп өсуі.
Циклдың кезекті фазасы —
өрлеумен
алмасады.
Өрлеу өнім ендірудің 
қарқындылығымен сипатталады жəне ол дағдарыс алдындағы деңгейден 
жоғары, жұмыссыздық тартылады, қарыз капиталы ұсынымы ұлғаяды жəне банк 
пайызының
нормасы төмендейді
.
Өрлеу сатысына тəн ерекшеліктер

өндірістің 
кұлдырауға дейінгі мөлшерінен артуы;
тауарлар бағасының жоғарлауы;
жұмыссыздықтың қысқаруы;
жалақының көбеюі;
несиеге деген сұраныстың 
артуы.
Нарық жағдайында өндіріс қозғалысының циклдық себептеріне 
экономикалық теорияда қалыптаскан бірнеше теориялық қөзқарастар бар. 
Мəселен, К. Маркс артық өндірудің циклдық дағдарысының реттілікпен 
қайталану себептерін тұрақты капиталдың жаппай жаңаруымен қарастырған.
Ағылшын экономисті Дж. Кейнстің ойынша, цикл фазасының алмасуы 
күрделі қаржы мөлшерімен байланысты, ол пайда мөлшері мен пайыз мөлшері 
ара қатынасымен түсіндіріледі. Дағдарыс сонда ғана болады, егер пайда мөлшері 
(«шекті тиімділік») пайыз мөлшеріне дейін төмендесе, онда
кəсіпкердің өндірісті 
дамытуға қаржы салу ниеті жойылады.
Қазіргі Дж. Кейнстің ізбасарлары —
«неокейнстіктер» —
мəселен 
американ экономисті —
Пол Самуэльсон былай дейді: нарықтық экономиканың 
циклдық сипаты ұлттық табыстағы тұтыну үлесінің төмендеуімен жəне 
акселератор жеделдету іс
-
əрекетімен түсіндіріледі. Олар күрделі қаржы 
тербелісінің амплитудасына жəне оның уақыт бойынша үлестірілуіне оң немесе 
теріс əсер етіп, өндірістің өсуінен оның қысқаруына бет бұрыс жасайды.


~135~ 
Американ экономисті Милтон Фридмен басқарған «монетаристік мектеп» 
өкілдері «неокейнстіктерден» айырмашылығы олар нарықтық экономиканың 
циклдық дамуының басты себептерін ақша факторынан іздейді. Ақша сұранымы 
арасындағы алшақтық жəне тұрлаусыз ақша ұсынымы нарықтық экономика 
тұраксыздығының себебі болып табылады.
Монетаристік мектептің негізін қалаушы Милтон Фридменнің ойынша, 
дағдарыстар мемлекеттің ақша саясатын нашар жүргізуінен туындайды. 
Сондықтан мемлекеттің араласуы ақша массасын шектеу мен тұрақтандыруға 
бағытталуы кажет. Осы ойларын Милтон Фридмен өзінің «АҚШ
-
ның
монетарлық саясаты» еңбегінде баяндаған. 
Нарықтық экономиканың циклдық дамуын жою жолдары немесе 
жұмсартуды жоғарыдағы аталған əртүрлі мектеп өкілдерінің ойлары мынаған 
əкеледі: мемлекет антициклдык бағдарламаларға қатысуы немесе экономиканы 
тікелей реттеуі кажет.
Мəселен, Ф.Энгельстің пайымдауынша, нарықтық 
анархияны «өндірісті қоғамдық
-
жоспарлы реттеу» арқылы жоюды алға тартады. 
Дж. Кейнстің пайымдауынша, стихиялы нарықтық экономика олқылықтарын 
мемлекеттің араласуы арқылы жоюға болатындығын айтады. Мемлекет 
өндірістің құлдырауын жеке күрделі қаржыландыруды өзі ынталандыруы 
болдырмау үшін қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет