Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі «Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы» рмм



Pdf көрінісі
бет8/12
Дата02.03.2017
өлшемі0,99 Mb.
#5103
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

       Қорытынды:    Абай,  Шәкәрімнің  салған  жолы,  сілтеген  бағыты  -  өнер, 
ғылым  және  қоғамда  имандылықты  нығайту  болды.  Басқадай  идеяның, 
мәселен,  қазақты  қарулы  күреске  шақыру  я  болмаса  орыстың  шаруа 
мұжықтарына  қарсы  текетіреске  үндеудің  иісі  де  жоқ.  Сол  сияқты    Абайды 
ұстаз  тұтқан  алаштықтар  да  мәдени-ағартушылық  бағыттан  айныған, 
ауытқыған  емес,  олар  тәуелсіздіктің  әуелгі  шарты  мәдениет  жағынан  өзге 
елдерді  қуып  жету  деп  білді.  Ал,  отарлық  тепкіден  құтылу  –  бұл  шарт 
орындалған  соң  ғана  мүмкін  болатын  келесі  саты.  Сонымен,  ХХ  ғасырды 
көктей  өткен  рухани-мәдени  жаңғыру  идеясы,  өз  білуімізше,  қазақ  зиялы 
қауымының дүниеге Абайдың көзімен қарағандығының мәнді белгісі. 
 
ІІІ ТАРАУ: ҮШ ТҰЛҒА: ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ  
 
3.1. Ғұмар Қараштың (1875-1921) қайта оралуы 
 
Қазан  төңкерісіне  дейінгі  Қазақстанда  қоғамдық-саяси,  ағартушылық-
педагогикалық  ой-пікірдің  дамуына  өзінің  өлшеусіз  үлесін  қосқан  ХХ  ғ.бас 
кезіндегі  қазақ  әдебиетінің  ең  көрнекті  қайраткерлерінің  бірі,  ағартушы, 

70 
 
педагог  Ғұмар  Қараш  болды.  Ол  туралы  соңғы  жылдары  ғана  баспасөз 
беттерінде мақалалар жарық көріп, шығармалар жинағы басылды. Көп жылдар 
бойы  оның  педагогикалық-ағартушылық  қызметі,  сол  кезеңнің  көкейтесті 
мәселелерін  көтерген  еңбектері  коммунистік  идеологияның  тікелей  әсерімен 
тең  басып,  кітап  қоймаларының  түкпір-түкпірінде  қажетсіз  болып  жатты. 
Отарлық саясаттың тікелей салдарынан, жаппай орыстандыру әрекетінен жапа 
шеккен,  халқын  ұлттық  бірлік  пен  ынтымақтастыққа  шақырып,  қазақ  еліне 
даналы  ақыл  бергендердің  бірі  –  осы  Құмар  Қараш  болды.  Оның  алаш 
партиясын жақтап, құрамына белсенді мүше болуы, көрнекті қайраткер есімін 
тарих бетінен мүлде сызып тастады. 
Тарихи  ақиқаттың  орнауы  нәтижесінде  Ғ.Қараштың  құнды  мұралары 
ортамызға қайтып оралды. Ғ.Қараш туралы деректер Қазан төңкерісіне дейінгі 
мерзімді баспасөз беттерінде, мұрағат қазыналарында жиі-жиі кездеседі. Оның 
есімі ХХ  ғасырдың бас  кезеңінде татар, башқұрт, қазақ және  орыс тілдерінде 
жарық көрген газет, журналдар мен кітаптардың беттерінен түскен емес, оның 
өз  заманында  Ресейдің  бүкіл  түркі  тілдес  халықтарын  аузына  қаратқандығын 
мақтан тұтуға болады. 
Ғұмар Қараш – қазақ тарихында өз орнын ала алмай келген тұлғаның бірі. 
Өйткені  оның  өмірі  мен  қоғамдық-саяси  қызметі,  шығармашылығы  халқына 
адал  еңбек  етіп,  болашаққа  жөн  сілтеп,  өз  ұлтын  өркениетті  елдер  қатарына 
қосуға бағытталған

Туған халқының мүддесі үшін адал қызмет етіп, сол жолда құрбан болса 
да, ұзақ жылдар бойына ұлтына беймәлім болып келген Ғұмар Қараштың өмірі 
мен  қоғамдық-саяси  қызметін  тарихи  тұрғыдан  зерттеу  қазіргі  заман  қажет 
етіп отырған тың тақырып екендігін айғақтайды. 
Ғ.Қарашты бұрынғы одақ жұртшылығына таныстыруда белгілі ғалым, 
академик С.З.Зиманов пен зерттеуші-ғалым, М.Ш.Ысмағұлов көп үлес қосты. 
Сонымен  қатар  Ғ.Қарашты  ақындық  қырынан  зерттеп,  кандидаттық 
диссертациясына  арқау  еткен  филология  ғылымдарының  кандидаты  Мақсат 
Әнесұлы Тәжірмұратов болды. 
Халқымыздың 
осынау 
абзал 
перзентінің 
шығармашылығын 
насихаттауға жазушы, ғалым М.Мағауин біршама еңбек сіңірді. Ол 1978 жылы 
цензорлық  бақылауға  қарамастан,  Ғұмар  Қараштың  бірнеше  өлеңдерін 
Ленинград  қаласында  басылып  шыққан  «Қазақстан  ақындары»  жинағына 
енгізді.  2005  жылы  елдің  шалғай  аудандарының  бірі  Жәнібек  кентінде  оның 
туғанына 130 жыл толуына орай өткізілген ғылыми-практикалық конференция 
Ғұмардың  өмірі  мен  шығармашылығын  жаңаша  бір  қырынан  тануға  септігін 
тигізді деуге болады. Аталмыш конференция аясында облыс орталығынан 500 
шақырым қашықтықта орналасқан Жәнібек ауданының орталығындағы басты 
алаңға Ғұмардың кеуде мүсіні орнатылды [31]. 
 
 
 

71 
 
3.1.1. Ғұмар Қараштың өмірі 
Көрнекті  қоғам  қайраткері,  ойшыл,  діндар  –ақын  Ғұмар  Қараш  1875 
жылы  Батыс  Қазақстан  облысы  Жәнібек  ауданында  дүниеге  келген. 
Жастайынан жетім қалып, ағайын-туыстарының қамқорлығымен сол заманның 
талабына  сай  ауыл  молдасынан  хат  танып  орта  дәрежелі  діни  білім  алады. 
Жалпақдаладағы Ғұбайдолла Ғалікейұлы хазіретінен дәріс алып, сол басқарған 
медресені  бітіреді.  Осы  ғылымды  жетік  меңгергені  соншама,  иман,  ал  одан 
кейін ахун дәрежесіне ие болады. Өзі басшылық еткен мешітте медресе ашып, 
қазақ балаларының сауат алуына біршама ат салысады.  
Ғұмар 
Қараштың 
өлең-толғауларында, 
көсемсөздері 
мен 
мақалаларында  заман,  өмір,  дін  шариғат,  табиғат,  махаббат  т.б.  мәселелер 
туралы  толғанады,  патша  үкіметінің  отарлаушылық  саясатын,  жергілікті 
әкімдердің  екіжүзділігін  сынап,  халыққа  адал  қызмет  етуге  үндейді.  Өз  тілі 
мен  мәдениетін  сақтай  отырып,  ғылым,  білімге  ұмтылуды,  мәдениетті 
елдерден  үлгі  алуды  насихаттайды.  Өлең  толғаулары  философиялық  ой-
пікірлерге бай, бейнелі, әсерлі келеді. 
1902-1910  жылдары  жиған  білімімен  ауылындағы  медреседе  оқитын 
шәкірттерін  жаңа  Жәдит  тәсілімен  оқуды  қолға  алып,  біршама  жетістіктерге 
жетеді. Оқушыларды тез арада сауатын ашып, арабша, қазақша, татарша және 
орысша  жазылған  басылымдарды  оқуға  мүмкіндік  алған.  Мұндай  батыл 
реформалық іс-әрекет дүмше малдар мен шынжыр балаң, шұбар төс үстем тап 
өкілдеріне  ұнамай  «ислам  дінін  бұзып,  қазақ  балаларын  орыс  қылды»  деген 
айып тағылды. Бірақ, көкірегі ояу азаматтың мақсат-мүддесі жергілікті зиялы 
қауымнан  қолдау  тауып  жәдидше  оқытуын  әрі  қарай  жалғастырды.  Ғұмар 
жастайынан-ақ  өлеңдер  шығарып,  ел  аузындағы  әдеби  мұраларды 
жалғастырды.  ХХ  ғасырдың  бас  кезінде  қазақ  даласына  тарайтын  –  арабша, 
түрікше,  татарша,  қазақша  басылымдарды  оқып,  заман  дәуір  жайын  оңға 
бастайды, ол әдеби, тарихи пәлсапалық кітаптарды іздеп жүріп оқыды. Сөйтіп, 
ислам діні қағидаларын жетік білген Ғұмардың енді дүниелік ғылымдардан да 
хабары  болады.  Жаңалыққа  жаны  құмар,  имандылық  пен  дәстүрдің  жібін 
үзбеген әдеби орта қалыптастыруға себепші болады.  
Қайраткер  1907  жылдардан  бастап,  қазақ,  татар  тілдерінде  шығатын 
газет-журналдарда  мақалалары  мен  өлеңдерін  жариялады.  Ол  елдің  өміріне 
араласып,  халық  мұратын  көздейтін  істерге  белсене  араласады.  Ғұмар 
Қараштың саяси көзқарасының  қалыптасуына  1905-1907 жылдардағы бірінші 
орыс  революциясы  өлшеусіз  әсер  етеді.  Ол  татар  тілінде  шығып  тұрған 
«Тәржіман»,  «Шора»,  «Фикер»,  қазақтың  «Айқап»,  «Қазақ»,  «Абай»  газет  – 
журналдарында  өз  дәуірінің  ең  өзекті  де  ділгір  мәселелерін  көтерген 
мақалаларында  әлеуметтік  өмір  мен  қоғамдық  дамудың  көкейкесті 
мәселелерін шешудің жолдарын қарастырды.  
Ғұмар  білім  алған  аясы  медресесінен  бастап,  өмірін  ғылым  жолында 
өткерді:  арабша,  парсыша,  түрікше,  орысша  тілдерді  білді,  бай  кітапханасы 
болған.  Ғ.Қараштың  өзінің  тіркеу  парағында  «қазақша  жоғары  білімі,  ал 

72 
 
орысша  тек  ғана  сауатты  болды»,  -  деп  өз  қолымен  жазған.  Бұған  қарағанда 
Ғ.Қараш  ауыл  медресесімен  шектелмей,  жоғары  мектепте  тиянақты  білім 
алған. 
1918  жылы  24  қыркүйекте  болған  Бөкей  губерниясы  мұғалімдерінің 
съезіне және 1918-1920 жылдарда өткен сол губернияның кеңестерінің І, ІІ, ІІІ, 
ІҮ съезіне делегат болып қатысады. Ғұмар Қараштың 1920 жылы 21 маусымда 
ІІ  Бөкей  губерниялық  партия  конференциясында  пленум  мүшесі  болып 
сайлануы,  үгіт-насихат  бөлімінің  меңгерушісі  болып  бекітілуі  –  ағартушы 
қайраткерге халықтың үлкен сенім артқандығын көрсетеді. 
1917 жыл көптеген зиялылар сияқты Ғұмар өмірінде де ең күрделі, ең 
маңызды,  ең  қайшылықты  кезең  болды.  «Ғұмарды  екінші  көруім  1917  жылы 
Бөкейліктің  орталығы  Ордада»  -  деп  еске  алады  20-жылдардың  қоғам  және 
мемлекет қайраткері, кейін әділет министрі Шафқат Бекмұхамедов. Сол жылы 
май  айында  Бөкей  қазақтарының  жалпы  съезі  болды.  Съезде  оншақты 
Бөкейліктердің  иман-молдалары  болып,  съезд  президиумына  Ғұмардың 
үстінен арыз түсірді. 
Арызда отыз шақты кісі қол қойған. Олар ірі байлар, иман-молдалар, 
өтініштері  –  Омарды  съезден  қуу,  (Мен  съездің  президиумында  едім). 
Олардың  айтатыны:  Ғұмар  қазақшылықтан,  мұсылманшылдықтан  шыққан 
адам,  ол  орысқа  сатылған,  дінді  сатқан  «кәпір»  ол  орыс    миссионерлерінің 
агенті,  сондықтан  оны  бұл  съездің  маңайына  да  жуытпау  керек,  абақты  салу 
керек,  -  депті.  Әрине  съез  Ғұмарды  имамдарға  бермеді,  арыздарын 
қостамайды, Ғұмарды көтеріп, оны Мәскеуде өтетін Ресей мұсылмандарының 
жалпы съезіне өкіл етіп жіберді. Ғұмар съезде иман-молдалардың реакцияшыл 
қара  күш  екенін,  ғылым,  мәдениет  жолына  олардың  бөгет  болып  отырғанын, 
көпшілікті оқыту, жастарға өнер-білім керек екені туралы сөйледі. 
Ғұмар  Қараштың  ағартушылық,  жасампаздық  қызметінің  алғашқы 
кезеңінен  бастап,  оның  дүниетанымында  зор  төңкеріс  жасаған  адам  Жәңгір 
хан  немересі,  қазақ  әдебиетінің  ХХ  ғасыр  басындағы  көрнекті  тұлғаларының 
бірі  –  Шәңгерей  Бөкеев.  Нұғыман  Манайұлы  «Ғұмардың  оянуына  бірінші 
себеп  1905  жылғы  төңкеріс,  Ресей  мұсылман  оқығандары  арасындағы 
жәдидшілік  қозғалыс  болған  болса,  екінші  жағынан  оның  оянуына  қамшы 
болып тікелей жетекші болған Шәңгерей», - дейді [32]. 
Уфа кезеңі Ғұмар өміріндегі азаматтық ағартушылық-шығармашылық 
жалынға  толы,  көтерілу,  серпілу  жылдары  болды.  «Қазақ»,  «Сарыарқа», 
«Ұран» газеттерін, өлең, мақалаларын жазып тұрды. Ғұмар мұрасын зерттеуші 
М. Тәжімұатов ақынның 1917-1918 жылдары  қазақтан  тұңғыш рет Ресей мен 
Сібір  мұсылмандары  Діни  басқармасының  қазиы  болып  жұмыс  істеп  әрі  осы 
жылдары  Уфа  кітапханасында отырып,  «Педагогика»,  «Қара»  және  «Қан мен 
жан»  дейтін  үш  еңбек  жазғанын  айтады.  Ғалым  «Қан  мен  жан»  еңбегінің 
қолжазбасы табылмағаның, журналдың «Педагогика» жарияланған әзірге № 2 
және  №  7  сандары  табылғанын,  онда  еңбектің  ортасынан  соңына  дейін 
басылғанын ескртеді. 

73 
 
Халыққа  қызмет  етуді  өмірінің  мақсат-мұраты  санаған  азамат  ақын 
1918  жылы  елге  нақты  қызмет  ету,  әлеуметтік-ағартушылық  өмірге  белсене 
араласу  жолына  ойысады.  Сөйтіп,  туған  елі  Жәнібекке  келеді.  Ортадағы 
педагогикалық техникумда сабақ береді.  
«Шора»  журналында  Алаш  қайраткері  Ғұмардың  сонымен  қатар 
«Әйелдер  хақында»  (Түрікшеден  аударған  М.Шафиғов),  «Қазақтар  хақында» 
(түрікшеден аударған М.Шафиғов) мақалалары да жарияланған. 
«Өтініш»  (Неке  туралы)  мақаласында  (түрікше,  татаршадан  аударған 
М.Шафиғов)  әйелдердің  отбасы  мен  қоғамдағы  орынын,  әлеуметтік  теңдігін 
өткір көтеріп, «Шын мәнінде әйелдер құқын қорғайтын әділ қазылар жоқ. Сол 
себептен он-он бес, тіпті жиырма жыл бірге тұрған жұбайлардың айрылысуы 
осы  жайлардың  жолға  қойылмауынан.  Сол  үшін  осындай  адамдардың  көз 
жасын ескеретін әділ шара керек. Міне, осы мәселе төңірегінде баспа бетінде 
сөз  қозғау  қажет  деп  білімін»  деп  адамгершілік  ізгі  қасиеттерге  шақырады, 
әйел құқын қорғауды заң негізінде шешу туралы жаңашыл ұсыныс жасайды.  
 
3.1.2. Ғұмардың діни шығармашылығы 
Жоғарыда  айтылғандай,  Ғұмар  Қараш  –  ұлт  идеясын  көтеру  мен 
елшілдік мәселесін  талдап-таразылауды бірізді  және жүйелі  жазған  қаламгер. 
Ол  XIX  ғасырда  мұсылмандық  Шығысқа  ерекше  серпін  берген,  тіпті  Қазақ 
даласындағы  Абай  сынды  даналардың  рухани  ниегтесіпе  айналған  Мысыр 
мүфтиі  Мүхамед  Абдо  мен  пәлсапашы  Жәлелатдин  Афғани  реформаларынан 
хабардар еді. Мысалы, ол "Ойға келген пікірлерім" атты фәлсафалық еңбегінде 
(1910)  Мысырда  оқыған,  бірақ  ізденгісі  келмеген  бір  мұғалімге:  "Рух  туралы 
торт  кітап  оқығаннан  гөрі,  Мухаммед  Ғабдудың  (Абдо  -  Д.Қ.)  Бахра  сүресі 
туралы  тәфсірін  оқығаның  дұрысырақ  шығар",  -  деп  айтқанын  жазады. 
Әлбетте,  Ғұмар  бүл  жерде  басты  ислам  кітаптарын  оқыма  деп  түрған  жоқ. 
Оның  айтпағы  -  канондарды  таптаурын  етпей,  тазарту  һәм  тарату  турасында 
болып отыр. Осы ретте рухты оңалту мәселесін түбірлеп зерделеген Ғұмардың 
ойлары  аса  бағалы.  Санаткер  «Өрнек»  аталынған  еңбегінде  (1911):  «Адамдар 
әр  ісінде  Алланың  көрсеткен  жолымен  жүрмесе,  яғни  себебіне  кіріспесе, 
ыждағат  етпесе,  ғылым-әнер  үйреніп,  орнына  қолданбаса,  ол  адам  иман 
келтіріп,  бой  ұсынған  болып  шықпайды.  Бұл  екпей  егін  күту  һәм  әкесіз 
перзент үміт ету секілді нәрсе», - дейді. 
«Шора»  журналында  жарияланған  мақалаларына  мұсылман  дінінің  рухани 
өрлеудегі  маңызы,  имандылық  пен  ар  -  ождан  тазалығы  арқау  болған.  «Ар  - 
ождан  -  сенімнің  өлшемі»  мақаласында  (түрік  тілінен  аударған  М.Шафиғов) 
«Адамзат  баласы  бойындағы  ең  қажетті  сезім  -  ар-ожданы.  Ар-ожданның 
негізгі мақсаты ақтық пен нақақты анық айыру, бір нәрсені өтірік мақтамау, не 
оны  жалған  жамандамау.  Демек,  әрбір  жағдайда  да  ар  -  ождан  биік  тұруы 
керек.  Сонда  ғана  оның  қасиеті  жоғары  болмақ»  деп  ар-ождан  қасиетін  биік 
қояды.  Ақынның  мұндағы  ой-толғамы  Хазрет  пайғамбар  ғалайһыссаламның 
ар,  ұятқа  байланысты  бұйырған  Хадистеріндегі  адамгершілік  қағидаларымен 

74 
 
ұштасып  жатыр.  Халифа  Алтай  атап  өткеніндей,  «Ислам  дінінде  де 
әдептіліктің, ұяттылықтың елеулі орны бар. Сондықтан мұсылман адамдардың 
ар, ұятқа ие болуы шарт. «Ұят тұрған жерде иман тұрады» деген мақал текке 
айтылмаған.  Ар,  ұят  тұрған  жерде  әдеп  те  тұрады.  Адамнан  ұят  кетсе,  арсыз 
болады. Арсыз адам әр нәрсеге ұрынады. Көрінгенге тіл тигізеді, ұятсыз адам 
өзінде  ар-ұят  болмағандықтан  басқаның  намысын  қорлаудан  тартынбайды. 
Оның үшін хазрет пайғамбарымыз ғалайһыссалам ұятқа байланысты көптеген 
Хадис бұйырған» [33].  
         Ғұмар 
Қараш 
«Дін 
Исламның 
жақсылықтары 
жәйлы 
Яхут 
пайғамбарларының  көзқарастары»  мақаласында  (татаршадан  аударған 
М.Шафиғов)  «Шариғат  пен  дінге  байланысты  көптеген  еңбектерде  ислам 
дінінің негізі Құран Кәрим мен Хадис екендігі аян. Ислам дінінің бұл негіздері 
ғылым  ретінде  мойындалған.  Шындығында,  ислам  діні  бұл  дүние  туралы  да, 
ол  дүние  туралы  да  жинақтап,  басын  қосқан  дін.  Осылай  деп  түсінгеніміз 
дұрыс. Сол себептен ислам дінінің тек ахирет үшін ғана емес, бұл дүние үшін 
де  маңызы  бар»  деген  келелі  толғанысымен  діннің  қоғамдық  ілгерлеудегі 
мәнін ұғындырады. Мұның өзі дін мен ғылымды қатар ұстау барысында кемел 
адам, кемел қоғам орнатуды көздеген ақынның ел мұратымен астасып жатқан 
жәдитшілдік, миләтшілік ұстанымын көрсетеді. Т.Жұртбайдың «Исламият пен 
түркі  тарихындағы  жәдидшілердің  заман  сахнасына  шығуы  кездейсоқ 
құбылыс  емес.  Дін  тарихы  -  таным  тарихы.  Ал  танымда  тоқырау  болмауға 
тиісті.  Ол  да  адамзаттың  даму  сатысымен  қоса  жаңа  баспалдаққа  көтеріліп, 
қоғамның ішкі заңдылығына байланысты  бағыт  - бағдарын анықтап, уағызын 
соған  орай  жүргізуі  парыз»  деген  пікірі  түркі  әлеміндегі  осындай  кемел  істе 
Ғ.Қараштың да биік тұғыры бар деуге негіз болады. 
Ғұмар  Қараш  шығармасынан  ислам  дініне  тағылған  айыптардан 
тазартуды  алдына  мақсат  етіп  қойған  көктен  түскен  кітап  көп  ойшыл 
Ғұмардың:  "Терең  ойлап,  тесе  тексергенде  һәр  нәрсе  де  болған  секілді-ақ, 
шариғаттың  да  ресімі  бар.  Һәм  рухы-мақсуды  бір.  Шариғаттың  ресімін, 
сынын-сымбатын  кешіп  пішетұғын  һәрбір  замандағы  мұжтаһад  ғұлама  ийіті 
болып, ғылым фәқа деген шығарылып фәқай мұғәбәр фәтуә кітаптары таралып, 
ел-жұрт  соныменен  ғамал  істейді.  Һидәия,  уәқая,  Қазыхан  сияқты  мұғтабар 
китаптары болды. Әрине бұлардағы айтылып кесіліп-пішілген нәрселер біреуі 
де мәңгілік емес. Һәр уақыт адам баласының халі, тіршілігі, заманы өзгерумен 
бұлар  да  өзгеріп  тұрады.  Пайғамбарымыздың  (с.ғ.с.)  заманалардың 
өзгеруіменен  хәкімдер  өзгереді  деген  сөзінен  мұрад,  осы  шариғаттың  ресімі 
сын-сымбаты өзгеруі. 
        Шариғаттың  рухы  -  мақсуды  құран  -  шарифте  баян  етіледі,  бұл  мәңгілік, 
бұл ескірмейді, тозбайды. Бұл рух түрлі заманда түрлі сүгіреттелсе де, өзі саф 
таза балқып, көңілі соқыр емес адамдарға көрініп тұрады. Бұл рух мұнан мың 
жыл  бұрын  қалай  болса,  хазірде  де  солай,  құранның  мәңгілік  жол  басшысы 
болуы осы жөнменен" - деуінен ақынның Алла жолы мен пайғамбар жолының 
арасын  бөліп  көрсетіп  отырғанын  анық  аңғарамыз.  Оның  өз  дүнитанымында 

75 
 
Алла  шексіз,  мәңгілік  есебінде  қаралады,  бірақ  пайғамбар  әулиелер  жөнінде 
жақсы ойлар айтып, белгілі бір тұжырымдарға келген. 
                  Жалқаулықты, бос жүрісті тастағанын, 
                  Орынсызға дәулет мүлкін шашпағанын. 
                  Керек жерде бойды балап қашпағанын, 
                  Тірлікте көзімізбен көреміз бе? 
                  Әулие деп көрінгенге бас ұрмауын, 
                  Дін деп қорқып ақиқатты жасырмауын. 
                  Ешнәрсені өлшеуіне асырмауын, 
                  Тірлікте көзімізбен көреміз бе? 
                  Өз жеріне шыққан кенді өзі алғанып, 
                  Әдемілеп айқыш- үйқыш жол салғанын. 
                  Еуропаның өнерінен үлгі алғаның, 
                  Тірлікте көзімізбен көреміз бе?  
-  деген  өлең  жолдарынан  көрінгенге  әулие  деп  бас  ұру  надандық  деп  тапқан. 
Сондықтанда, әулиелік жолдың бағытын дұрыс біліп барып ғана, оған тағзым 
етуге шақырған. 
         Ғұмар  Қараш  әулиелік  жол  бар,  бірақ  барша  халыққа  айтылған  жол 
әділдік, рақымдылық жолда болуды ұсынған. Алла сүйіспеншілігіне жетем деп 
сопылық,  әулиелік  жолға  түсудің  дұрыс  еместігін  айтқан.  Барша  халық 
сопылық, әулиелік жолды қаласа, онда Алланың адал парызын кім орындайды 
деген  болатын.  Дүниеде  жақсылық  пен  жамандық  қатар  тұрғанда  адамның 
таңдау еркіндігі өзінде, дін адамның өзіне таңдау яғни, еркіндік береді. Бірақ, 
осы еркіндікте дін деп ақиқатты жасырмауға шақырады.  
Ғұмар  Қараш  ақиқатты  осы  нақты  дүние,  тіршілік  деп  білген.  Сондықтанда 
ақын адамдардың күнделікті тіршілік барысында жақсылыққа да, жамандыққа 
да бой алдыртып жататындығын қалыпты жағдай деп түсіндірген [34]. 
          Ақын  «Өрнек»  деген  кітабында  адамның  әрбір  істеген  немесе  істеуге 
ниет  етіп  жүрген  ісінің  негізі  «ығдиқат»  деген  иман  нәрсе  болатындығын 
айтады. "Бұл бір ресуә ғамал болмаса едң? - деп күмәнға қалушылар бар. Билік 
иесі адамдардан мұның жарап-жарамауы хақында сұрап біліп, егер шариғатта 
дұрыс  болса,  біздер  неге  солай  істемейміз  деп  ойға  қалып,  сізді  соған  дұрыс 
дәлеліменен фәтуасын беруге рақым етер деп бұл өтініш сәлемімді жолдадым". 
Иманның негізінде ізгі ғамал (іс) болып табылады ізгі іс дегеніміз  жақсы істі 
жақсы болуы үшін  істеу керек. Атақ үшін, мақтан үшін, істелген іс немесе екі 
рахат  намаз  үшін  мәңгілік  сауап  күту  –  ғибадаттың  рухын  жолтын  бір 
әдепсіздік  деп  таныды.  Алланың  көрсеткен  жолымен  жүрмесе  халық  ұлт 
ретінде жойылатындығын баяндады. 
Сол  қоғам  тұрғысынан  қазақ  даласында  патша  үкіметі  сайлаған  молдалар 
тарапынан  сопылар  саудагерлер  қаптап  келе  бастады.  Бірі  халыққа  ислам 
дінінің  қағидаларын  түсіндірсе,  екіншілері  халықтың  діннен  хабарының  аз 
екенін  пайдаланып,  жалған  діни-  ғұрыптарды  орындау  арқылы,  өздерінің 

76 
 
тұрмыс  –  жағдайын    түзеп  отыруға  тырысқан  алаяқтар  көптеп  кездесті. 
Осындай келеңсіздіктердің бой көрсетіп тұрғанын ақын қинала айтады. 
Ғұмар Қараштың дүниетанымынан сопылықтың алатын орнына келетін болсақ, 
оның  негізгі  арнасын  қамтитын  сопылық  бағыттың  екі  жолын  бөліп 
қарастырғанын атап өтуге болады. Шын сопының, халыққа берер пайдасының 
мол екеніне ақын еш күмән келтірмейді. Ақын дүниетанымында шын сопылар 
үшін  дүние,  ғұмыр  мәнсіз  емес  ақиқат  болып  келетіндігін  баяндайды.  Оған 
ақынның мына өлең жолдары дәлел болады:  
"Ождан" деген көңілдің 
Төресіне айтады. 
Ождан түбі Алланың 
Бұйрығына қайтады. 
Ғамал етсе кім де кім 
Шыны ождан бойынша 
Ешбір уақыт ол адам 
Бұйрығынан Алланың 
Адаспаса керек-ті. 
Осы ғана адамның 
Ақылы тауып жеткені, 
Ақылдылар халыққа 
Ашып баян еткені. 
Мұнан ары озуға 
Адамның тайы келмес-ті 
Тайы келмес нәрсеге 
Хәлін біліп адамзат 
Қатыспауы керек-ті. 
        Ойшыл  Ғұмар  ислам  дінін  дұрыс  түсіндіре  алмай  жүрген,  әрі  ескіліктің 
шырмауында  електенген  оқу,  ғылым  білімінен  және  дүниелік  ғылымдардың 
хабары  жоқ  сопылардың,  шейхтардың  халықты  дұрыс  емес  жолға  салып 
отырғанына «еттен бұрын тұз шіріп», "бастан ауған халық біз» деп ызаланады. 
Шын сопылық халыққа берер пайдасы мол екенін «өзін таныған жаратушыны 
да таныр» деген қағидасы сопылық пен үйлесетіндігін, байқауға болады, бірақ 
басы  бүтін  сопылық  бағытпен  келісе  бермейді.  «Бұл  дүние  себеп,  талап 
дүниесі,  тек  жүрген  себеп  ептей  болар  харап»  деуіне  қарағанда  ойшыл  әр 
нәрсенің себебін ізденуші әрә бағыт сілтеуші екенін аңғарамыз. Сондықтанда 
ол бұл дүниеде харекет ету, тырбану керек екенін алдыға таратады.  
         Ғұмар  Алланы  ғылым  арқылы  тануға  ұмтылған  ойшыл,  яғни  исламдағы 
ғылыми ғақли бағытын ұстанған. Алланы тану ислам діні бойынша пайғамбар 
арқылы  тану  болмақ  екені  белгілі.  Ол  Алла  мен  адам  арасын  жалғастырушы 
күш махаббат деп білген. Оны "Махаббат" өлеңінен байқауға болады: 
Махаббаттың ұрығы, 
Болса көңілің ішінде, 
Адамшылық жемісі 

77 
 
Өсер көктеп ісіңде. 
Махаббатсыз есіліп, 
Жүрегіңе қонбайды. 
Жолдас етіп шешіліп, 
Не жарисың мұндайды. 
          Ақын  бұл  өлең  жолдарында  Алланың  ақ  жолына  түскен  адам 
адамшылықтан  шықпайтындығына  меңзейді.  Ғұмар  Қараш  махаббатты  адам 
басындағы  нашар  қылықтардан  арылатын  күш  екеніне  сенген.  Алла  шындық 
деп  ұққан,  ал  осы  шындықты  халыққа  жеткізуші  пайғамбардың  тұлғалық 
болмысындағы даралықты, даналықты жоққа шығармайды [35].   
          Ғұмар Қарашты заман аңысын аңдап, тіпті болжай білген көреген деп те 
айтуға  болады.  Ол  «Неден  қорқам?»  деген  жырында:  «Мезгілсіз  ерте  туған 
таңнан  қорқам,  Жауынсыз  құр  желдеткен  шаңнан  қорқам.  «Таң  туды,  мезгіл 
жетті» деп адасып, Құрылған қараңғыда заңнан қорқам», деп жазды. Кейін өзі 
де  сол  «мезгілсіз  атқан  таңның»  құрбаны  болып  кетті,  яғни  1921  жылы 
бандылардың  қолынан  небәрі  қырық  алты  жасында,  шығармашылық  күш-
қуаты әбден толысқан шағында қаза тапты.  
          Қорыта  айтқанда,  артына  мол  мұра  қалдырған,  Алаштың  өз  алдына 
дербес  ел  болып  шалқығанынан  көруді  армандаған  Ғұмар  Қараштың 
шығармаларын толық көлемде бастырып  шығару  бүгінгі ұрпақтың абыройлы 
борышы болса керек. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет