Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі «Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы» рмм


 Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің (1858-1930) өмірі



Pdf көрінісі
бет9/12
Дата02.03.2017
өлшемі0,99 Mb.
#5103
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

3.2. Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің (1858-1930) өмірі 
Мәшһүр Жүсіп Көпеев әкесі Көпейдің 42 жасында, шешесі Ұлбаланың 
18  жасында,  Баянауылдың  Қызылтау  деген  жерінде,  қыс  түнінде,  қыстауда, 
1858 жылында,  қазақша  жыл аты  «қой», арабша  ай аты  «ережеп» деген айда, 
жұма  күні,  түс  бесін  уақытында  дүниеге  келді.  Туғанда  азан  шақырып 
койылған есімі - Адам Жүсіп. Кейіннен 9 жасында қисса - дастандарды айтып, 
ел  көзіне  түскен  кезде  жиынды  шақырып  отырған  Мұса  Шорманұлы  Адам 
Жүсіпті  ұнатып,  тақиясына  үкі  таққызып:  «Өз  заманында  халқына  Мәшһүр 
болатын бала екен», - деп, лепес қылуымен Мәшһүр Жүсіп атанып кетеді. 
1858  жылы  қыста  Көпей  Сермұхаммедұлы  керуеншілікте  жинаған 
табысына  мал  алып,  Қызылжардан  көшіп  келіп,  Қызылтауға  қоныс  тебеді. 
1861 ж. Адам Жүсіп 3 жасқа толғанда, әкесі Көпейдің малы жұтқа ұшырап, «ақ 
сирақ»  болып  шығады.  Сонда  Көпей  Сермұхаммедұлы:  «Адамға  мал  жолдас 
болмас,  ғылым  жолдас»,  -  деп  ,  ұлы  Адам  Жүсіпті  оқуға  беріп,  ол  Баянауыл 
медресесінде  Қамар  (Хамариддин)  хазыреттен  білім  алып,  оқуын 
жалғастырып,  1872-1874  жылдары  Бұһарадағы  «Көкілташ»  медресесінде 
ортағасырлық  араб,  парсы,  шағатай  тілдерін  еркін  меңгереді.  Еліне  оралған 
соң екі жылдай (1833-1835жж.) өз ауылында балаларды оқытып табыс табады. 
Тұрмысы  түзелген  Мәшһүр  Жүсіп  Көпейұлы  1885,  1887,  1907  ж.  үш  мәрте 
Түркістан,  Ташкент,  Бұхара,  Самарқанд  қалаларына  сапар  шегіп,  шығыстың 
мұсылмандық білімін молайтады.  

78 
 
Орта Азия қалаларына шеккен сапарларының тағы бір құнды нәтижесі 
сол  өңірлердегі  тарихи  әңгіме,  аңыз,  шежіре  сөздерінің  жазылып  алынуы. 
Мәшһүр  Жүсіп  Көпейұлының  өзі  дерек  жинастыру  қызметін  ерте  кезден 
бастаған. Ә.Х. Марғұлан хаты бойынша, «Ер Олжабай батыр» жырын Мәшһүр 
Жүсіп Көпейұлы 7 жасар бала кезінде 1865 ж. Сақау ақыннан айтуынан жазып 
алған. Бұған ұстазы Қамар хазіреттен қисса - дастандары қағаз бетіне көшіріп 
түсіруі де әсер еткен. 1887 ж. Бұхар сапарының барар жолында Түркістандағы 
Қожа  Ахмет  Йассауи,  Ташкенттегі  Зеңгі  Ата  кесенелерін  көріп,  қайтар 
жолында  Шу  мен  Сырдария,  Ұлытау,  Кішітауды,  Есіл  мен  Нұраны  асықпай 
аралап сапар шегеді. 
Мәшһүр  Жүсіп  Көпейұлы  патша  манифесінің  арқасында  үш  бірдей 
кітабын (  «Тірлікте  көп  жасағандықтан көрген бір тамашамыз»,  «Хал-ахуал», 
«Сарыарқаның кімдікі екендігі?» ) 1907 жылы жарыққа шығарып үлгерді. 
Ғалым  бұл  мезгілде  саяси-қоғамдық  өмірмен  байланысын  үзіп, 
ақындықпен  қош  айтысып,  «Қазақ  түбі»  үлгілерін  (шамамен  XX  ғ.  20 
жылдары)  құрастырып  жинақтай  бастайды.  Саяси  күрес  шиеленіскен 
жағдайда,  1921  ж.  ортаншы  баласы  Әмен  Ташкентте  қаза  болып,  Мәшһүр 
Жүсіп  Көпейұлы  көтерілісші  қазақ  жастарының  тобына  кездесіп,  солардың 
ескертуінен  соң,  Ташкентке  бармай  орта  жолда  қайтып  оралуға  мәжбүр 
болады. 
Осы жылы яғни 1931 жылы Мәшһүр Жүсіптің қайтыс болғаны туралы 
хабар ел арасына жетеді  [36]. 
Мәшһүр-Жүсіп  Көпейұлының  ірі  суреткер  ақын  екені,  оның  қазақ 
фольклорын жинаудағы, тарих, педагогика дін т.с.с. ғылым салалары бойынша 
жазғандары біршама зерттелді деуге болады. Мәшһүр-Жүсіптің сонымен бірге 
дін  тарихы,  оның  ішінде  ислам  діні  тарихы,  мәні,  ерекшеліктері  туралы 
жазғандары  бір  төбе.  Біз  төменде  Мәшһүр-Жүсіптің  дін  туралы  жазғандарын 
қазіргі  ғылым  табыстарымен  салыстыра  отырып,  өз  ойларымызды  ортаға 
салмақпыз. 
 
3.2.1. Мәшһүр-Жүсіптің дін туралы жазғандары 
Күні  кеше отаршыл коммунистер:  «Алла  жоқ, әлем өзінен-өзі  белгілі 
бір  заңдылықтар  бойынша  жаратылды»  дегенді  жай  айтып  қоймай,  қуғындау 
ісін  жүргізіп  келгені  мәлім.  Қазір  «Алла  бар!»  деушілерге  тыйым  жойылды, 
бірақ  «демократия»  дегенді  желеу  етіп,  ислам  дінінен  аулақтатып,  исламды 
мансұқтайтын білгіштердің көбейіп, түрлі кітаптарды қарапайым жұртқа тегін 
таратып,  дінді  бұрмалау  етек  алып  бара  жатқанын  көрмеу  мүмкін  бе?!  Міне, 
осы орайда дінге, оның ішінде ислам дініне ғылым көзімен қарай алмаушылар 
бар  екенін  ескеріп,  осы  еңбегімізге  Алланың  бар  екені  ғылым  әлемінде 
әлдеқашан дәлелденгеніне назар аудартқымыз келеді. 
Бағымдасақ,  XVІІІ-XІX  ғасырдағы  әлемге  танылған  ең  үздік 
ғалымдардың  бір  тобы  әдеттегі  қалыпты  адамдар  тәрізді  көзі  көріп,  құлағы 
естіп  келген  бір  ғана  ғаламға  сүйеніп,  «Алла  жоқ!»  деп  жар  салса,  Мәшһүр-

79 
 
Жүсіп  көзге  көрініп  тұрған  ғалам  біреу  ғана  болса,  көрінбейтіні  үшеу  екенін 
осыдан  100-120  жыл  бұрын  айтқан.  Ең  жетілді  деген  фотоаппараттың,  т.с.с. 
көмегімен ғалымдар көзге көрініп тұрғаннан басқа көзге көрінбейтін құбылыс 
барына енді-енді ғана көз жеткізе бастаса, Мәшһүр-Жүсіптің ол көрінбейтіннің 
біреу  емес,  үшеу  екенін  көне  қолжазбаларда  ерте  әйгілеуі,  қазіргі  ғылым 
ашпаған жаңалықтар мол екеніне жарық түсіре алады. 
«Айта-  Керимеде-Алла  тәбәрік  отғылы:  «Ие  ғалам  лығып 
уалшаһадат», – деп тұр. Оның мағынасы: «Көрініп тұрған да ғалам бар екен». 
Көрініп тұрған ғаламды: «Ғалам лашаһадат, ғалам лызор, ғалам лыхақ»- дейді. 
Көрінбей  тұрған  ғаламды:  «Ғалам  лығиып,  ғалам  лимығына,  ғалам  ламир»-
дейді.  Олай  болғанда,  көрініп  тұрғанды:  төрт  аяқты  хайуан,  ұшқан  құс, 
жүгірген аң, бәрі де біледі. «Көрінбей тұрған ғалам» мағынада – ғалам ламирде 
не  бар,  одан  адамға  келетұғын  қандай  пайдалар  бар?  Соны  білуге  тырысу 
керек [37]. 
Бұрынғы  ата-бабаларымыз  мұның  бәрін  білді.  Бірақ  артына  нұсқа 
қалдыруға  хат  жазу  білмеген  себепті  ауыздары  айтып  кетті.  Исі  қазақ  деген 
жұрттың көрініп тұрғаннан басқамен жұмысы болмағаннан: «Қазақтың жаны – 
азапта,  Наданның  жаны  –  тозақта!»,  –  деп  зарлап  кетті.  «Көзі  соқыр  –  соқыр 
емес, Кеудесі соқыр – соқыр», – деп қақсап кетті. Осы сөздерді бұрынғы ата-
бабаларымыз  айтып  кеткен.  Сонда  біздің  осы  көрініп  тұрғанменен  ғана 
алданып:  «Өзіміздің  шешеден  туумен  кісі  болдық  қой!»,  –  деп  шолақ  ойда 
қалғанымызды білгендіктен бұл сөздерді айтқан». 
Осы  түйінге  жүгінсек,  адамды  теріс  жолға  түсіруді  мақсат  етіп,  арақ 
ішуге,  шылым  шегуге,  зина  жасауға,  пара  алуға  т.с.с.  үгіттейтін,  тек  сөздері 
тікелей құлаққа естілмейтін шайтанның адамға көрінбейтінінен келіп шығады. 
Осы орайда: «Тән деген не? Жан деген не?» – деген сауалдар туатыны 
анық.  Басқаны  былай  қойғанда,  Алла  сөзін  жеткізуші  Інжіл  (Библия)  мен 
Құранда  ерлі-зайыптылардың  қосылуынан  бөлінген  ұрық  негізінде  пайда 
болған ана жатырындағы нәрестеге 40 күннен кейін жан салынатыны айтылса, 
ғылымда  ол  енді-енді  дәлелдене  бастады.  Атап  айтқанда,  42  күннен  кейін 
нәрестенің түрлі қимыл жасай бастайтыны ғылым жүзінде қазір дәлелденуі де 
Құранда  айтылғанды  растап  отыр  емес  пе?!  Енді  оны  қарапайым  пендеге 
ұғынықты  етіп  түсіндіру  үшін,  моторсыз  машинаның  дүрілдеп  орнынан 
қозғала  алмайтыны  тәрізді  жансыз  тәннің  қимыл  жасауға  дәрменсіздігі  ойға 
оралады. Сонда 40 күннен кейін іште  жатқан сәбиге періште жан салса, адам 
өлерінде  сол  салынған  жанды  екінші  бір  періштенің  көзге  көрінбей  келіп 
алатыны  шығады.  Жан  алуға  келген  Әзірейілді  бәтін  көзі  бар,  демек  әдеттегі 
адамда  жоқ,  ерекшені  көру  қабілеті  бар  әулиелер,  немесе  өлгелі  жатқан 
адамның өзі  ғана  көре  алады. Ендеше, өлгелі  жатқан адам:  «Әне  келді!»  деп, 
біз  көрмейтінге  қол  созса,  біз  оны:  «Сандырақтап  жатыр»  демеуіміз  керек. 
Адам  өлгелі  жатқанда  мысықтың  үрейленіп  мияулауы,  сол  үйден  кетуге 
асығып, есікке ұмтылуы, сыртта үйшігінде  жатқан иттің ұлуы оларда  «бәтін» 
көз бар екенін, тек олардың не сезгенін бізге адам тілімен жеткізе алмайтынын 

80 
 
зерделеген  жөн.  «1917  жылға  дейін  қазақ  халқының  пәлен  пайызы  ғана 
сауатты болған» – дегендерге айтарымыз: «Сауаттылық тек кітап оқи білумен 
өлшенбейді»  Оған  дәлел,  бұрынғы  «оқымады»  делінген  қазақтың  өзі  біреуді 
«өлді»  деп  айтпай,  «қайтты»  деуінің,  кісі  жерлеуге  әйелдерді  апармауының 
мәнісі: «Алла өзі берген жанын өзі алдырды, демек жан Алладан келіп, қайта 
қайтты.  Ал,  бейіт  басына  әйелдер  барса,  жылауы  мүмкін,  ол  Алла  ісіне 
қарсылық,  өлген  адамның  сол  күнге  дейінгі  өмірін  қанағат  етпеу»  дегенге 
тіреледі. 
Сондықтан да данышпан Абай: 
Өлсе өлер табиғат, адам өлмес, 
Ол бірақ қайтып келіп, ойнап-күлмес. 
«Мені» мен «менікінің» айрылғанын. 
«Өлді» деп ат қойыпты өңкей білмес. 
Ақыл мен жан – мен өзім, тән – менікі, 
«Мені» мен «менікінің» мағынасы – екі. 
«Мен» өлмекке тағдыр жоқ әуел бастан, 
«Менікі» өлсе өлсін, оған бекі, – деді ғой. 
Бұдан  шығатын  түйін:  Алладан  берілген  жан,  яғни  «мен»  дегені 
өлмейді,  не  жұмақта,  не  тозақта  о  дүниеде  мәңгі  өмір  сүреді.  Ал,  «менікі» 
делінген  тән  өліп,  шіріп,  топыраққа  айналады.  Физика  ғылымындағы: 
«Энергияның  сақталу,  айналу  заңы»  да  осыған  негізделген.  Алла  Адамды 
топырақтан жаратты, кез келген өлген адам тәні де қайта топыраққа айналып 
отырады.  Демек,  адам  өлгеннен  кейін,  оның  тәнін  жеген  құрттар  жер  бетіне 
шығып, топыраққа айналса, оған шөп шығып, соны мал жесе, адам тәнінің де 
мүлде  жоқ  болып  кетпегені,  қайта  топыраққа  айналып,  оған  шөп  шығып, 
қайтадан  тіршілікке  үлес  қосып  жатқаны,  демек  энергияның  мүлде  жоқ 
болмауы,  сақталуы,  басқа  түрге  айналып  отыратыны  дәлелденбей  ме?  Алла 
адамды оң жолға итермелейтін періштені де теріс жолға азғыратын шайтанды 
да қоса жаратты. Періште: «Арақ ішпе, ұрлық істеме, жалған сөйлеме» дегенді 
тікелей сыбырламаса  да,  соған тілектес болады.  Ал, шайтан болса:  «Арақ іш, 
ұрлық  істе,  зина  қыл»  –  дегенді  тікелей  естіртіп  айтпаса  да,  соған  ниеттес 
болады.  Пейілі  оң  адам  араққа  да,  параға  да  жоламайды,  пейілі  теріс  адам 
түрлі сылтау тауып алып, параны да алады, ұрлық та жасайды. 
Осы  орайда  биолог  болмасақ  та,  солардан  оқыған,  естігенімізді  өз 
сөзімізбен  түсіндіріп  көрейік.  Ара  ұшып  келе  жатыр  дейік,  ол  солғын  гүлге 
қонбайды, әдемісіне қонады, себебі оның шырыны дәмдірек. Ара қонғасын да 
оның  аяғына  бұрынғы  гүлден  жұққан  не  аталық,  не  аналық  ұрық  екінші  бір 
гүлді  тозаңдандырады.  Соның  нәтижесінде  солғын  гүл  емес,  әсем  гүл  ғана 
ұрпақ жалғастыруға мүмкіндік алады. Демек, әлсізден – әлсіз, күштіден күшті 
тарауы  ықтималдығы  жүзеге  асады.  Жан  туралы  Мәшһүр-Жүсіп  те  көп 
пікірлер қалдырған, соның біреуін келтірейік: «Өзінде жан барлығын мынадай 
жұмыстардан  сезеді.  Адамда  бір  нәрсені  ойына  алып,  илану  бар,  сезу  бар; 
ойланып,  сезген  нәрсесін  орындап,  орынға  келтіру  бар.  Жалығу  бар,  тынығу 

81 
 
бар,  т.б.  толып  жатыр.  Осының  бәрі  жанның  күшімен  жұмсалатұғын  жұмыс. 
Ендеше,  ол  жан  да  қолға  түспейтұғын,  кісі  өзі  жасап  ала  алмайтұғын  бір  зор 
күшті  қуат.  «Ондай  күшті  нәрсе  өзінен  күшті,  өзінен  жоғары,  бір  жақтан 
келген күш-қуат қой» деп білеміз. 
Денемізде  жан  барын  білеміз.  Бірақ  сол  жан  денеміздің  қай  жерінде 
тұрғанын білмейміз. Түрі қандай, өзі не нәрсе екенін сезбейміз. Көрмегенмен, 
сезбегенмен: «Денемізде жан жоқ», деп айтпаймыз да, ойламаймыз. 
Дінді,  оның  ішінде  ислам  дінін  әспеттеген  Мәшһүр-Жүсіп  өлеңдері 
туралы  жазған  негізгі  ойларымыздың  баспасөз  бетінде,  оның  ішінде  «Қазақ 
лирикасындағы  стиль  және  бейнелілік»  деген  монографиямызда  берілгенін 
ескеріп,  біз  бұл  жолы  жоғарыда  аталып  өткен  шығармалардағы  діни  идеяны 
бөліп  көрсетумен  шектелеміз.  Мәселен,  1940-1949  жылдары  мектеп 
оқулығына  еніп,  кейін  «ұлтшылдықпен»  күрестің  жаңа  науқаны  басталғанда 
шығып  қалған  «Шайтанның  саудасы»  өлеңінің  фабуласына  келсек,  базарға 
келе  жатқан  лағынға  (шайтанға)  кез  болған  Ғайса  пайғамбар  оның  не  әкеле 
жатқанын  сұрайды.  Сонда  шайтан  бір  есекке  өтірік,  екіншісіне  «мікір-хайла» 
(қастық  айла),  үшіншісіне  күншілдік,  төртіншісіне  зорлық,  бесіншісіне 
тәкаппарлық  артылғаны,  өтірігін  алыпсатарлар,  мікір-хайла  қулығын 
«қатынның  ең  жаманы»,  күншілдікті  молдалар,  зорлықты  «жұрт  билейтін 
ұлықтар»,  тәкаппарлықты  «жетілген  надандыққа»  байлар  алатынын 
мәлімдейді.  Бұл  бес  есекке  артылған  әр  түрлі  жүк  болса,  есектен  гөрі  жүкті 
мол  көтеретін  он  қашырда  бір  ғана  жүк  тамиғты  («тілемсекті»)  жұрт  көзіне 
дінді  насихаттаушылар  болып  саналса  да,  іс  жүзінде  өз  пайдасын  ғана 
ойлайтын  қожа,  молда,  ишандардың  алғаны,  сөйтіп  елді  алдап  жүргені 
баяндалады.  Бұл  да  дін  жолындамыз  дегендердің  алдымен  таза  болуын 
әспеттеу үлгісі. 
Сонымен қатар Мәшһүр Жүсіптің махаббат жөніндегі таным шеңбері 
діни  ұғым  түсініктерімен  астасып  жатыр,  ол  ақын  қолданысындағы 
фразеологизмдерді талдау барысында анықталды.  
      Махаббат – сәулесі зор, Құдай нұры
      Көрген жан сол сәулені қалмас құры. 
      Мәшһүр  Жүсіп  махаббат  ұғымының  кең  екенін  аңғартады.  Ол 
махаббат концептісін ер адам мен әйел  адам арасындағы  сүйіспеншілік сезім 
ретінде  түсіндірмейді.  Ақын танымындағы  махаббат  –  Аллаһ Тағаллаға, яғни 
Жаратушыға сүйіспеншілігі, іңкәрлігі. 
      Ақын дүниетанымы бойынша махаббат иесі – Алла, Алла шүбәсіз, 
дүниедегі  бардың  есімі.  Сондықтан  да  ол  өлеңдерінде  адамдарды  Аллаға 
құлшылық  етуге  шақырады,  оның  қайтарымы  болатынын  насихаттайды. 
Мысалы, Шын ниетпен бір Аллаға құлшылық қыл, Түзу түс алдыңдағы жолға 
таман;  Тағат  қыл  бір  Аллаға  ақ  ниетпен,  Бұл  күнде  түк  болмайсың  жүрген 
бетпен;  Болады  кімге  залал,  кімге  пайда,  Әр  істің  ықтияры  бір  құдайда;  Бір 
адам қылар қияс шариғатқа, Құранға, қарамайды жазған хатқа. Осындай қисық 
сөзден  бойыңды  тарт,  Алланы  ұқсатпаңыз  ешбір  затқа;  Бір  Алла  діліне 

82 
 
алмай, фазылына алсын, Жұмақты біз ғаріпке қылсын несіп; Махаббат күннен-
күнге  артады  екен,  Оралып  шырмауықтай  тартады  екен.  Басқаны  бір 
Құдайдан сүйгендіктен, Бір залал ақырында тартады екен және т.б. 
     Мәшһүр Жүсіп қолданысындағы бір Алла фразеологизмі қатысқан 
өлеңдерін  сараптай  отырып,  төмендегідей  ойтүйін  қалыптастырамыз:  ақын 
дүниетанымы  бойынша  әлем  мен  Алла  ұғымы  бірлікте  жүреді.  Бұл  екеуі  бір 
ғана мәннің шеңберінде топтасқан дүниелер. Дүние бір қалыпта тұрмайды, ол 
өзгеріп  отырады.  Өзгермейтін  –  жалғыз  Алла  дегенді  ақын  философиялық 
тұрғыдан  басып  айтады.  Сондықтан  да  Аллаға  деген  махаббаттың  шексіз 
болуы заңды құбылыс. Мәшһүр Жүсіп ұғымы бойынша Алланы сүю адамның 
жеке  басындағы  асыл  қасиеттерді  қастерлеу,  адамгершілікті  негізгі  қағидаға 
айналдыру.  Алланы  сүю  –  ізгілікке  байланысты  жол.  Ақынның  тұжырымы 
бойынша,  махаббат  –  Алланың  қасиеті,  құдіреті,  қуаты,  рухы.  Алланы  сүю 
арқылы,  оның  сүйген  құлы  –  Адамды  сүюге  шақырады,  имандылықты, 
мейірбандылықты, биік адамгершілікті күйттейді. 
      Сол  сияқты  ақын  шығармаларындағы  өмір  концептісіне  келетін 
болсақ, 
төмендегідей 
фразеологизмдердің 
қатысуымен 
дәйектелгені 
анықталды:  Жалған  дүние  кеткен  соң  көзді  жауып;  Жарық  дүние  – 
жалғанға келген шақта; Сұм дүние әуре қылған жұрттың көбін; Адамды жас 
күнінде  алдайды  екен,  Батшаған  сұм  дүниенің  көп  апаты;  Біз  келдік  сұм 
дүниеге  қайдан  туып,  Мұздаған  әлдеқашан  көңіл  суып;  Баянсыз  өтірікші 
дүние пәни, Көп жасап, өлмей кеткен бар ма, қане, ей?!.  
      Адам тіршілігінің шектеулі екендігі, фәнидің жалғандығы, дүниеде 
мәңгілік  ештеңе  жоқтығы,  қамшының  сабындай  қысқа  өмірді  мәнді  өткізу, 
күліп-ойнап,  дүниенің  қызығын  көру  керектігін  баяндайды.  Бұл  өмір  – 
мәңгілік  мекеніне  қарай  жолаушылап  бара  жатқан  адам  баласының  бір 
аялдамасы ғана. Ислам діні мұсылмандардың осы сапар барысында бұл өмірге 
және осы өмірдің ләззаттарына алданып қалмай, ақыретке және ақыретте оңды 
жетістікке  жетелейтін  негіздерге  көңіл  аударуды  бұйырады.  Аллаһ  Тағала 
Құран Кәрімде: «Сіз бұл өмірді қалайсыз, алайда ақырет өмірі одан да жақсы, 
әрі  мәңгі»  (Ағла  сүресі,  16)  немесе  «Мына  өмір  тек  қана  бір  ойын  мен  көңіл 
көтеру ғана, ал ақырет болса, ол – нағыз өмір» (Анкәбут сүресі, 64), - делінеді. 
Мәшһүр  Жүсіп  өмір  концептісі  бойынша  идеяларын  Құран  сүрелерімен 
сәйкестендіреді [38]. 
      Поэтикалық  мәтінде концептілер дүние құндылықтарын танытады: 
санадағы  ұғымды  бейнелейді,  тіл  арқылы  объективтенеді  ұлттың  мәдени 
болмысы  мен  менталитетін  көрсетеді,  әрбір  ұлттың  танымдық  белгілерінің 
мазмұнын  береді.  Фразеологизмдер  қатысқан  суреттеулер  арқылы  ой  бейнелі 
шығады. Мәшһүр Жүсіптің тілдік тұлға ретіндегі дүниеге деген көзқарастарын, 
тілдік  құрылымын  қарастыра  отырып,  оның  өзіне  тән  даралық  стилі 
ажыратылды.  Ақынның  шығармаларындағы  фразеологизмдерде  діни 
дүниетанымдық  түсініктер  мол  қамтылған.  Ақын  қолданысындағы 
фразеологизмдерді  саралай  отырып,  автордың  поэтикалық  санасының  бірлігі 

83 
 
іспетті  индивидуалды-авторлық  концептілері  анықталды  және  олар  діни 
ұғымдармен астасып жатқандығы байқалды. 
       Фразеологизмдер  мағынасына  интерпретациялық  талдау  жасау 
барысында: 1) әлем, дүние туралы ақпарат алмасу жүзеге асады; 2) құбылысқа 
баға  беріліп,  ол  қабылданады;  3)  фразеологизм  коннотациясының  әсер 
етушілік  қабілеті  айқындалады;  4)  автор  қолданысындағы  фразеологизмдер 
оқырманның эмоцияналдық қарым-қатынасын туғызуға уәждейді. 
Ақын  елінің  өткенін  шолып,  жақсы-жаманын  саралайды,  ойлы, 
парасатты  шығармалар  туғызады.  Мәшһүрдің  бұл  тараптағы  еңбегін  –  діни 
таным,  рухани  ғибрат-тәлім,  адамгершілік,  имандылық  тақырыбындағы 
туындыларын алдымен бір сөзбен түйіндеп айтсақ, дін түзеу тақырыбындағы, 
яғни  дін  түзеу  арқылы  ел  түзеу  жолындағы  шығармалары  деп  айтуға  болар 
еді. Ақынның дін, имандылық тақырыбындағы барлық шығармалары рухани-
азаматтық әуенге құралған, елдің көзін ашып, ақ жолға салып, алдағы келешек 
жолын  нұсқаған  дүниелер  демейміз.  Олардың  ішінде  жай  діни  білім  беретін, 
қасиетті  Құран  Кәрімнің  мазмұнын,  өсиеті  мен  өнегесі  мол  аят-сүрелерін 
таныстыратын,  Мұхаммед  Пайғамбар  хадистерін  өлең  тілімен  баяндағандары 
көп.  Мәшһүр  Жүсіптің  «Шайқы  Ысқақ»,  «Мәшһүрдің  алпыс  сегізінде 
сөйлегені»,  «Қолыма  қағаз, қалам алайын  да»,  «Бес  парыз»,  «Қажылық,  иман 
шарттары»,  «Адам  екі  түрлі»,  «Ит  дүние»,  «Шайтанның  досы»,  «Табылар 
мергенге  де  бұқтырушы»,  «Ағашсыз  жапырақ»,  «Жәдігөйдің  жыры», 
«Қажыларға»,  «Қамаралдин  қазірет»,  «Сүлеймен  мен  байғыз»,  «Жарты  нан», 
«Шайтанның  саудасы»,  «Ақ  қағаз,  қалам,  сия  келді  бізге»,  «Төрт  асыл,  бес 
береке»,  «Науан  би»,  «Жалған  туралы»,  «Адам  ата  мен  шайтан»,  т.б. 
туындыларын  осы  тақырыпқа  жатқызуға  болады.  Барлығы  дерлік  өз  кезінде 
халық  көңілінен  шыққан,  ел  қажетін  өтеген,  сондықтан  бүгін  де  оқырманды 
бей-жай  қалдырмас,  қазақ  әдебиеті  қазынасына  өзіндік  үлес  болып  қосылған 
шығармалар. 
Қорыта келгенде Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы өз өлеңдерінде әлеуметтің 
хал-жайын, қоғамның өзгерісін, дін мен тілді, адамшылық пен имандылықты, 
аңыз, сапар, ишарат, сын, айтыс нақыштарын бере отырып, шынайы, тиянақты 
ой-байламдар  жасайды.  М.Ж.Көпейұлы  адамгершілікті,  гуманизмді,  ар-
намысты ту етіп көтерген ақын ағартушылық идеясын жарнамалаған, оқу оқып, 
білім  алу,  жан-жақты  өнерлі  болу  адам  жанын  тазартып,  биік  мұраттарға 
жетеді  деп  насихаттаған  азаматшыл  ақын.  Өзінің  бұл  идеяларын  дінмен 
байланыстырып уағыздайды. 
 
3.3. Майлықожа Сұлтанқожаұлының (1835 - 1898 ж.ж) өмірі 
Майлықожа  Сұлтанқожаұлы қазақтың халық ақыны. Қазiргi Оңтүстік 
Қазақстан облысы Отырар ауданының Қожатоғай ауылында дүниеге келген. 
Ауыл  молласынан  сауат  ашып,  ескіше  хат  таныған.  14 жасында  әке-
сiнен айырылған ақын тағдыр тауқыметiн көп көрiп, терме-толғаулар шығарып 

84 
 
айтыс өнерiне бет бұрады. Ұлдары Асан, Жолбарыс, Исабек әке жолын қуған 
сөз шеберi апайтөс ақындар болып өмiрден өткен. 
Майлықожа  Сұлтанқожаұлы  XIX  ғасырда  өмір  сүрген  ақын-жыра-
улардың  ішінде  өзіндік  орны  ерекше,  артына  мол  мұра  қалдырып,  халықтың 
ықыласына  бөленген  ақын.  Атақты  Жамбыл  ақынның  өзі  оның  ақындығына, 
ғибраты мол өлең-термелеріне «Майлықожа, Сүйінбай, пірім еді сиынған» деп 
бағасын да беріп кеткен. 
Майлықожа 
ақынның 
Сүйiнбай, 
Мәделқожа 
Жүсіпқожаұлы, 
Күдеріқожа,  Құлыншақ,  Айман-Гүлханым,  Ұлбике,  қырғыз  ақыны  Жаныс-
тармен  сөз  сайыстыруы  ақын  атамыздың  терең  ойлы  шындықты  ту  еткен  бi-
лiмдi шайыр екенiне көз жеткiземiз. 
Мысалы, замандасы Құлыншақ ақынның: 
«Майлы, Майлы дегенмен май болмадың, 
Жұрттан алып жегенмен бай болмадың» — дегенiне лезде сөз тауып: 
Сен Құлыншақ болғалы талай болды. 
Не құлын, не жабағы тай болмадың. 
Немесе Гүлханым арудың: 
Кедейсiң қызды жылқысы көп бай алады-деген әзiлiне: 
Бибiмiз тегiн қызды күндемейдi, 
Алдың деп мұны қайдан үндемейдi. 
Батыр бiр оқ, бай бiр жұрт бәрi бекер, 
Дүниенiң байлығы тiлде дейдi, — деп орнықты, ойлы жауап бердi. 
Қырғыздың Асыл деген байының тойында қазақ ақындары бет қарат-
паған Жанысты тарих жолымен жiпсiз байлап: 
Молдалар кiтап оқып мән айтады. 
Бiлмесе бекер сөздi неге айтады. 
«Қыс-асыл әмбиенiң» кiтабында 
Қырғыздың ата тегiн ит деп айтады — деп иттей қапқан Жаныc ақын-
ды Жолбарыстай талауы Майлының мықтылығы Бұхара — Самарқанда бiлiм 
алғандығының септiгi. 
Бiрде Қасымбек болыстың бәйбiшесi ақынның тартпа желдiгiн қойып 
«Үш  күн  күттiк  бiздi  бiр  мақтамадың  тартпа  желдiгiңмен  құрып  кеткiр  Май-
лықожа» дегенiне сөз сүлейi: 
Қазақтың оза шапқан майлысы едiм, 
Бұл өлеңiм болмаса қай кiсi едiм, 
Бес-алты ауыз өлеңдi айтып берiп, 
Көңiлiн қош қылайын бәйбiшенiң 
Жоғалмаса құрысын тартпа желдiк 
Бұрын қай ер-тоқымы сай кiсi едiм, — деп елдi риза етiптi. 
Майлықожа  ақынның  бір  топ  өлеңдері  Я.  Лютиштің  құрастыруымен 
1883 жылы  Ташкентте  басылып  шыққан  «Қырғыз  хрестоматиясы»  кітабына 
енген. Майлықожа Сұлтанқожаұлы ауыз әдебиетін жақсы білген, фольклоршы 
Ә. Диваев мол деректерді Майлықожадан алған. Көптеген өлеңдері «Үш ғасыр 

85 
 
жырлайды»  (1964),  «Бес  ғасыр  жырлайды»  (1964),  «Ай,  заман-ай,  заман-ай» 
(1991) кітаптарында және «Нақыл» (1972) атты жеке жинағында жарияланған. 
«Айтыс» жинағына (2 том, 1988) ақынның бірқатар айтыстары енген. 
Шымкент  қаласында  Майлықожа  Сұлтанқожаұлына  ескерткіш  мүсін 
орнатылып, бір көшеге есімі берілген. 
2009 жылы Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Иасауи атындағы Ха-
лықаралық  Қазақ-Түрік  университетінің  мәдениет  орталығында  ақын  Май-
лықожа Сұлтанқожаұлының 175-жылдық мерейтойына арналған «Қазақ әдеби-
етіндегі  кітаби  ақындар  дәстүрі»  тақырыбында  ғылыми-теориялық  конферен-
ция болып өтті. 
  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет