§7. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ
ЭКСТРЕМИЗМ МЕН
ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ ІС
-
ҚИМЫЛ
__________________________________________________
Экстремизм (лат. «шеттеу»
)
–
бұл адамның
қандай да
бір сенімге немесе идеяға шектен тыс берілуі, ол өзге
сенімдерді, ұстанымдарды, дәстүрлер мен құндылықтарды
мойындамаушылықты туындатады.
XX
ғ. француз заңгері М.
Лерой экстремистер ретінде
«өз жақтастарынан саяси идеяларға деген абсолютті
берілгендікті» талап ететін, яғни, өздерінің
саяси
идеяларына сөзсіз, фанаттық
деңгейде сенуді талап ететін
саяси ағымдарды атаған. Сол кездегі саяси аренада
белсенді саяси экстремистік күштердің
ішінен М.
Лерой
большевиктерді «қызыл экстремистер» деп, монархистерді
«ақ
экстремистер» деп көрсеткен.
Осылайша, экстремизм бірінші кезекте саяси қызметке
байланысты аталған.
Қазіргі таңдағы экстремизмнің
даму кезеңінде (2000ж. –
қазірге дейін) келесідей сипаттық
белгілері анықталады:
экстремистік әрекет түсінігінің
(экстремизм) құқықта
заңды белгіленуі;
экстремистік әрекетке заң
жүзінде жауап беру;
заңға қайшы құбылыс ретінде экстремизмге қарсы
жүйе дайындау;
экстремизм көрінісінің
көптүрлілігі және экстремизмнің
жаңа формаларының
пайда болуы;
заманауи экстремизм көрінісінің
жаһандануы;
экстремистік әрекет субъектілерінің
әртүрлілігі –
жеке
тұлғалар мен топтардан қоғамдық
ұйымдарға дейін (діни
және зайырлы) және тұтас мемлекеттер мен олардың
одақтары.
2001
жылдың
15 маусымындағы «Терроризмге,
сепаратизмге және экстремизмге қарсы күрес туралы»
Шанхай конвенциясының
1-
бабы бойынша
экстремизм
:
–
билікті күшпен басып алуға немесе күшпен ұстап
тұруға;
–
мемлекеттің
конституциялық
құрылысын күшпен
өзгертуге;
43
–
мемлекеттің
конституциялық
құрылысын күшпен
өзгертуге пара пар, қоғамдық
қауіпсіздікке күштеп
араласуға, оның
ішінде жоғарыда көрсетілген мақсаттарда
заңсыз қарулы құрылымдар ұйымдастыруға немесе оларға
қатысуға бағытталған, және ұлттық
заңдарға сәйкес қылмыс
ретінде қуғындалушы қандай да болсын әрекетті білдіреді.
ҚР 2005 жылдың
18 ақпандағы: «Экстремистік әрекетке
қарсы іс
-
қимыл туралы» Заңы бойынша
Экстремизм
–
жеке және (немесе) заңды тұлғаның
,
жеке
және
(немесе)
заңды
тұлғалар
бiрлестiгiнiң
белгiленген
тәртiппен
экстремистiк
деп
танылған
ұйымдардың
атынан iс
-
әрекеттер ұйымдастыруы және
(немесе) жасауы; жеке және (немесе) заңды тұлғаның, жеке
және (немесе) заңды тұлғалар бiрлестігінің
мынадай
экстремистік мақсаттарды:
–
Қазақстан
Республикасының
конституциялық
құрылысын күшпен өзгертудi, егемендiгiн, оның
аумағының
тұтастығын, қол сұғылмауын және бөлiнбеуiн бұзуды,
мемлекеттiң
ұлттық
қауіпсiздiгі мен қорғаныс қабiлетiне
нұқсан келтiрудi, өкiметтi күшпен басып алуды немесе
өкiметтi күшпен ұстап тұруды, заңсыз әскерилендiрілген
құралымдарды құруды, оған басшылық
жасауды және
қатысуды, қарулы бүлiк ұйымдастыруды және оған
қатысуды,
әлеуметтік,
тектiк
-
топтық
алауыздықты
қоздыруды (саяси экстремизмдi);
–
нәсілдiк, ұлттық
және рулық
алауыздықты, соның
iшiнде зорлық
-
зомбылықпен немесе зорлық
-
зомбылыққа
шақырумен байланысты алауыздықты қоздыруды (ұлттық
экстремизмдi) көрсетеді.
Діни экстремизм
–
дiни өшпендiлiктi немесе
алауыздықты, соның
iшiнде зорлық
-
зомбылықпен немесе
зорлық
-
зомбылыққа шақырумен байланысты алауыздықты
қоздыруды, сондай
-
ақ
азаматтардың
қауiпсiздiгiне, өмiрiне,
денсаулығына, имандылығына немесе құқықтары
мен
бостандықтарына қатер төндiретiн кез келген дiни
практиканы қолдануды (дiни экстремизмдi) көздейтiн iс
-
әрекет ұйымдастыруы және (немесе) жасауы.
Діни экстремизм тар мағынасында діндегі шектен
шыққан көзқарастар мен әрекеттерге берілгендік. Мұндай
44
экстремизмнің
негізін демагогиямен байланысқан зорлық
,
агрессия және шектен шыққан қаталдық
құрайды.
Кең
мағынасында бұл ұғым мемлекеттік құрылысты
күштеп өзгерту немесе билікті басып алу, мемлекеттің
егемендігі мен аумақтық
тұтастығын бұзуға бағытталған
діни мотивацияланған немесе діни безендірілген әрекет
және осы мақсатта діни жеккөрушілік пен араздықты
қоздыру.
Терроризм
(лат. «қорқыныш, үрей»)
–
экстремизмнің
шектен шыққан көрінісі. Терроризм ерекше қатал, қорқыту
формалары мен зорлық
көрсету әдістері арқылы саяси
мақсаттарға қол жеткізу.
Бұл қазіргі заманда қауіпті әрі болжануы мүмкін емес
құбылыс және ол әртүрлі формалар мен ауқымды
қатерлерге ие болуда. Террористік актілер адамдардың
жаппай қырылуына әкеледі және бұқара халықтың
басым
бөлігіне психологиялық
қысым көрсетеді, материалдық
және рухани құндылықтардың
бұзылуына, кейде мұндай
зардаптардың
салдары
қалпына
келтірілмейтіндей
деңгейде
орын
алады,
мемлекеттер
арасында
алауыздықтар туындату арқылы соғыстардың
тұтануына
ықпал етеді, әлеуметтік және
ұлттық
топтар арасында
сенімсіздік пен жеккөрушіліктердің
пайда болуына әкеледі.
Терроризм –
қазіргі жаһанданушы заман қатерлерінің
бірі, ол өзінің
формалары мен көріністерінің
ауқымдылығы
және жиілігінен, адамзатқа қарсылығы мен қаталдығы
тұрғысынан әлемдік қауымдастық
алдындағы түйткілді
мәселеге айналды. Қазақстан Республикасының
1999
жылғы 13 шілдедегі «Терроризмге қарсы күрес» заңының
1
және 5 баптарына сәйкес:
Терроризм
–
мемлекеттің
стратегиялық
және өмірлік
маңызы бар объектілері мен коммуникацияларын, халықтың
тіршілігін қамтамасыз ету жүйесін, мүлікті және басқа да
материалдық
объектілерді жою (зақымдау) немесе жоюға
(зақымдауға) қатер төндіру, мемлекет немесе қоғам
қайраткерінің
мемлекеттік немесе өзге де саяси қызметін
тоқтату не осындай қызметі
үшін кек алу үшін өміріне қауіп
төндіру.
45
Террорлық
акт –
егер iс
-
қимыл терроршылдықтың
мақсаттарына қол жеткiзу үшiн жасалса, адамдардың
қаза
табуы, едәуiр мөлшерде мүлiктiк залал келтiру қаупiн
туғызатын тiкелей қастандық, жарылыс, кепiлге адамдар
ұстау
,
өрт салу немесе өзге де iс
-
қимыл жасау не өзге де
қоғамға қауiптi зардаптардың
тууы, сондай
-
ақ
нақ
сондай
мақсатта аталған iс
-
қимылдарды жасау қаупiн төндiру.
Экстремизмге
қарсы
iс
-
қимыл
–
мемлекеттiк
органдардың
адамның
және азаматтың
құқықтары мен
бостандықтарын,
Қазақстан
Республикасының
конституциялық
құрылыс
негiздерiн
экстремизмнен
қорғауға, тұтастығы мен ұлттық
қауiпсiздiгiн қамтамасыз
етуге, экстремизмдi болғызбауға, анықтауға, оның
жолын
кесуге және зардаптарын жоюға, сондай
-
ақ
экстремизмдi
жүзеге асыруға ықпал ететiн себептер мен жағдайларды
анықтауға және жоюға бағытталған қызметi.
ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың
2012 жылғы
«Қазақстан
-
2050» Стратегиясы –
қалыптасқан мемлекеттің
жаңа саяси бағыты атты Қазақстан халқына Жолдауында
мемлекет пен азаматтар радикализмнің, экстремизмнің
және терроризмнің
барлық
түрлері мен бой көрсетулеріне
қарсы біртұтас шеп
құруға тиіс деп атап көрсеткен.
Діни экстремизм қаупі ерекше алаңдаушылық
тудырып
отыр. Дінбасылар да ортақ
алаңдаушылық
білдіруде.
Осыған байланысты, Мемелекет Басшысы Президент
Әкімшілігі мен ҚР Үкіметіне келесідей тапсырмаларды қойды:
діни радикализм мен экстремизмнің
пайда болуын
бейтараптандыру мақсатында заңдарды жетілдіру қажет.
Терроризмге қарсы заңдарды да жетілдіру қажет. Мемлекет
қайдан бой көтерсе де, радикализм мен экстремизмнің
жолын кесу керек;
әлеуметтік, этникалық
және діни қысымдар мен
шиеленістерді болдырмау механизмдерінің
жаңа сенімді
формаларын қалыптастыру;
қоғамда, әсіресе, жастар арасында діни экстремизм
профилактикасын күшейту;
Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының
съезі беретін артықшылықтарды да пайдалану. Осы сұхбат
46
алаңының
базасында діни ыңғайдағы дауларды шешудің
жаңа платформасын жасау қажет;
діни және этностық
дауларды шешу үшін аймақтағы
ыстық
нүктелерде, Үлкен Таяу Шығыс аясында, тіпті одан
да ауқымды деңгейде араағайындық
жасауға дайын болу;
мемлекетіміздің
зайырлы
келбеті
–
Қазақстанның
табысты дамуының
маңызды шарты екенін естен
шығармау;
Діни экстремизм және терроризммен күрес
жөніндегі мемлекеттік бағдарлама
дайындау.
Елбасы
Н.Ә.Назарбаев:
«Дін
мәселелерінде
ойластырылған қадам және өте мұқияттылық
қажет.
Мемлекет діни бірлестіктердің
ішкі ісіне араласпауға
тиіс. Біз ұят, толеранттылық
және төзімділік еркіндігі
принциптерін қастер тұтуымыз керек»
деп атап өтеді.
Елбасының
тапсырмаларын орындау аясында 2013
жылдың
қыркүйегінде «Қазақстан Республикасында діни
экстремизм мен терроризмге қарсы іс
-
қимыл жөніндегі
2013
-
2017
жылдарға
арналған
мемлекеттік
бағдарламасы»
–
маңызды
құжат
дайындалып,
қабылданды
.
Мемлекеттік Бағдарламаның
негізгі мақсаты діни
экстремизм көріністерінің
алдын алу және терроризм
қатерлеріне жол бермеу арқылы адамның
,
қоғамның
және
мемлекеттің
қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Мемлекеттік
Бағдарлама
діни
экстремизм
мен
терроризмге
қарсы іс
-
қимыл бойынша мемлекеттік органдар
қызметін
ұйымдастырудың
жаңа
формалары
мен
әдістерінен,
соның
ішінде,
тұрғындардың
діни
сауаттылығын арттыру шараларынан тұрады.
Соңғы жылдары экстремизм мен терроризмге қарсы іс
-
қимыл Қазақстанның
ұлттық
және рухани қауіпсіздігін
сақтаудағы мемлекеттік саясаттың
басым бағыттары болып
табылады.
Осыған
байланысты,
экстремизм
мен
терроризмнің
барлық
түрлеріне қарсы іс
-
қимылға қатысты
ауқымды жұмыстар жүргізеді.
Діни экстремизмге қарсы күрестің
маңыздылығын
ескере отырып, терроризмге қарсы қызметті үйлестіруді
қаматамасыз ету мақсатында Елбасы 2013 жылдың
24
47
маусымында «Қазақстан Республикасының
антитеррористік
орталығын бекітетін Ереже туралы»№ 588 Жарлыққа қол
қойды.
Жаңа
форматта
қалыптасқан
Қазақстан
Республикасының
Антитеррористік
орталығы
мемлекеттің
басты ұлттық
қауіптері терроризм мен
экстремизмге қарсы мемлекет пен қоғамның
қызметтерін
басқару және үйлестірумен айналысады.
АТО жоспарлы негізде ведомсвтоаралық
өзара
әрекеттестік және терроризм мен экстремизмге қарсы
жалпы мемлекеттік жүйені одан әрі нығайтуға бағытталған
шараларды қабылдауға арналған отырыстарды өткізеді.
АТО терроризм мен экстремизм көріністеріне құқықтық
тосқауылдар жасауға тікелей қатысады. Қазіргі уақытта
террористік қауіптерге қарсы
іс
-
қимылдардың
барлық
аспектілері заңмен бекітілген.
2011 және 2012 жж. елімізде орын алған экстремизм
мен терроризм көріністерін ескере отырып, еліміздің
антитеррористік құрылымдарының
жұмыстарына сәйкесті
өзгертулер енгізілді. Осы мақсатта, терроризмге
қарсы іс
-
қимыл бойынша кейбір заңдарға өзгерістер енгізілді.
Мысалы, терроризмге қарсы іс
-
қимыл қызметтерінің
негіздері қайта қарастырылды. Қарулы құрылымдардан
өзге,
терроризмнің
салдарын
азайтуда
терроризм
профилактикасы
маңызды
басымдылық
ретінде
айқындалды.
Сонымен
қатар,
саяси
-
экономикалық
,
құқықтық
,
әлеуметтік,
тәрбиелік,
насихаттық
және
мемлекеттік органдар тарапынан жүзеге асырылатын өзге
де шараларды жандандыру мәселесіне ерекше назар
аударылды.
Антитеррористік қызметте оның
ақпараттық
және
насихаттық
құрамына ерекше көңіл бөлінеді. Осыған
байланысты, Дін істері агенттігінің
де қызметтері қоғамда
толерантты діни сана мен радикалды идеологияға қарсы
иммунитетті қалыптастыруға бағытталған.
Агенттік тұрақты түрде діни мазмұндағы интернет
-
сайттарға мониторинг пен талдау жүргізеді және олар
бойынша дінтанулық
сараптама өткізеді. Деструктивті
мазмұндағы сайттардың
сараптамасының
нәтижелері
48
прокуратура органдарына шешімдер қабылдау үшін
жіберіледі. 2013 жылдан 2014 жылдың
1 тоқсаны
аралығында
2,1
мың
діни
интернет
-
ресурстардың
мазмұнына
сараптамалар
жасалды.
Прокуратура
органдарына жіберілген материалдардағы 227 сайттар мен
167 видеоматериалдар бойынша теріс сараптамалық
қорытындылар жасалды.
Дін саласында әрекет ететін Заң
ережелерін жүзеге
асыру үшін Дін
істері агенттігі 15 заңға қосымша актілер
дайындап қабылдады, соның
ішінде, 7 Үкімет қаулылары
және дін саласындағы мемлекеттік саясаттың
маңызды
бағыттары
бойынша
мемлекеттік
қызметтердің
стандарттары
мен
тәртіптерін
бекітетін
Агенттік
бұйрықтары.
Дінтанулық
сараптаманы жүзеге асыру үшін 6 заңға
қосымша актілерге негізделетін, сараптама жүргізу мен
ұйымдастырудың
стандарттары
мен
тәртіптерінен,
кезеңдері мен механизмдерінен тұратын нормативтік
-
құқықтық
база жасалды. Бұл экстремистік әдебиеттердің
енуіне салмақты тосқауыл қоюға мүмкіндік береді. Агенттік
қызмет атқарған мерзім ішінде 24 мың
664 діни кітаптар мен
өзге де ақпараттық
материалдарға сараптама жүргізілді.
Олардың
279 бойынша теріс қорытындылар берілді.
Қазақстандық
соттар
шешімдерінің
негізінде бірқатар
діни ұйымдар экстремистік деп
танылып, олардың
қызметтеріне тыйым салынды. (Қараңыз: Қосымша
5).
2013 жылы діни мәселелер бойынша ақпараттар
қабылдау
мен
азаматтарға
консультациялар
беру
Орталығы құрылды. Оның
базасында тәулік бойы тегін
қызмет атқаратын
-
«Қауырт желі
- 114
» қызметі
ұйымдастырылды. Қауырт желі қызметінің
мәні –
азаматтарды дін мәселесі бойынша тәулік бойы тегін
ақпараттандыру мен дін саласындағы заңдардың
бұзылуы
туралы мәліметтерді жинақтау мен оларды құқыққорғау
органдарына жолдау болып табылады.
Сондай
-
ақ, 2013 жылы исламның
дәстүрлі
негіздерін
түсіндіру мен Интернет кеңістігінде діни экстремизмнің
алдын
-
алу үшін
«E
-
islam» толық
сапалы ақпараттық
-
ағартушылық
Интернет
-
порталы
құрылды.
49
Дін істері агенттігі діни экстремизм мен терроризмге
қарсы іс
-
қимыл мен алдын алу бойынша жұмыстарды
келесі маңызды бағыттар бойынша жалғастыруды
жоспарлап отыр:
мемлекетіміздің
зайырлы
қағидаттарын
және
қоғамымыздың
ұлттық
құндылықтарын кеңінен насихаттау
бойынша сапалы ақпараттық
жұмыстарды іске асыру;
Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен
терроризмге қарсы іс
-
қимыл жөніндегі 2013
-
2017 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасын одан әрі жүзеге
асыруға қатысу;
қолданыстағы «Діни қызмет және діни бірлестіктер
туралы»
Заң
нормаларының
мүлтіксіз
орындалуын
қамтамасыз ету.
Өңірлердегі дін істері басқармалары мен әкімдіктің
өзге
де құрылымдарының
басты міндеттері келесілер болып
табылады:
жергілікті жерлердегі діни ахуалға тиімді талдау
жүргізу, соның
ішінде, діни ахуалға қатысты болжамдар
жасау мен оны жақсарту бойынша ұсыныстар әзірлеу;
экстремизм мен терроризмнің
алдын алу бойынша
мақсатты
ақпараттық
-
насихаттық
жұмыстарды
ұйымдастыру;
жергілікті деңгейдегі дін саласындағы мемлекеттік
саясаттың
барлық
мәселелер кешенін әдістемелік және
әдіснамалық
тұрғыдан қолдау.
Осы тапсырмаларды сапалы жүзеге асыру мақсатында
облыстардағы, Астана және Алматы ққ. Дін істері
басқармаларының
жанынан коммуналды мемлекеттік
мекеме түріндегі Дін мәселелерін зеттеу орталықтары
құрылуда (одан әрі –
Орталықтар),
олар дін істері
басқармалары арқылы әкімдіктердің
қызмет ету аясы мен
мүмкіндіктерін кеңейтеді.
Орталықтардың
жұмыстары
өңірлік
АТК,
діни
бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңестермен бірыңғай
байланыста және ортақ
ұйымдастырушылық
негізде жүзеге
асуы тиіс.
50
Орталықтардың
жергілікті жерлердегі діни экстремизмге
қарсы іс
-
қимыл мен алдын алу шаралары бойынша негізгі
қызметтері келесілер болып табылады;
жергілікті және орталық
атқару органдары, сондай
-
ақ
,
өңірлік антитеррористік комиссиялардың
жұмыстарында,
сонымен қатар, дін және экстремизм мен терроризмнің
алдын алу саласындағы мақсатты ақпараттық
-
насихаттық
жұмыстарды жетілдіру үшін өңірдегі діни ахуал туралы
талдаулық
базаны қалыптастыру. Бұл бағыт түрлі
талдаулық
материалдарға негіз болатын
талдаулық
және
әлеуметтанулық
зерттеулер, сарапшылар сауалнамасын,
БАҚ
-
қа
мониторинг пен контент
-
талдауды
жүргізуді
ұйымдастыруды қамтиды
;
ақпараттық
-
түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру
.
АНТ
ұйымдастыру, мақсатты топтар мен тақырыптарына сәйкес
қызметтерін жоспарлау, сондай
-
ақ, АНТ жұмысын бақылау
және ақпараттық
-
әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге
асыру. Бұл бағыт дәрістер, акциялар, кездесулер,
консультациялар, баспасөз
-
мәслихаттарын ұйымдастыру,
медиа
-
жоспарлауды жүзеге асыру, баспа және электронды
БАҚ
-
пен өзара әрекеттестік, Интернеттегі жұмыстарды
қамтиды;
ақпараттық
-
насихаттық
қызметте қолдану, сонымен
қатар, өңірлік деңгейдегі АНТ мүшелерінің
біліктілігін
арттыру үшін АНТ
-
ны қажетті әдістемелік және әдіснамалық
қамтамасыз ету, ол ақпараттық
және әдістемелік
материалдар,
құралдар,
кітапшалар,
бүктемелер,
бейнематериалдар және өзге де үлестіру мен таныстыру
материалдарын дайындау мен шығарудан тұрады;
ақпараттық
-
құқықтық
және
психологиялық
консультацияларды,
сондай
-
ақ,
деструктивті
діни
ағымдардан зардап шеккендерді оңалту жұмыстарын
ұйымдастыру. Бұл мақсатта Орталықтар өңірлерде дін
мәселесі бойынша қызмет ететін консультативті
-
оңалту
орталықтары мен деструктивті діни ағымдардан зардап
шеккендерге көмек көрсету орталықтарының
қызметтерін
үйлестіреді;
51
деструктивті діни ағымдардың
мүшелерін оңалту
жұмыстарын ұйымдастыру, дестурктивті діни ағымдардан
зардап шеккендерді оңалту орталықтары мен көмек көрсету
орталықтарының
қызметтерін үйлестіру.
Бұл бағыт теологтарды тарта отырып, орталықтың
оңалту бойынша мамандандырылған арнайы бөлімін құруды
қамтиды, ол дәстүрлі емес исламдық
ағымдардың
өкілдерін
дәстүрлі дінге оралту бойынша идеологиялық, сондай
-
ақ
,
өңірлердегі
деструктивті
діни
ағымдардан
зардап
шеккендерге көмек көрсету орталықтарының
қызметтерін
мақсатты түрде үйлестіру және республикалық
«114 –Қауырт
желісімен» өзара әрекеттестікті ұйымдастырумен айналысуы
тиіс.
|