Қазақстан республикасы дін істері агенттігі



Pdf көрінісі
бет8/21
Дата07.02.2017
өлшемі1,75 Mb.
#3606
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   21

 

76 
 
Дао
 (
қыт.  тіл.  «жол»
)
–даосизм  мен  конфуциандықта    жол, 
әдіс, тұрмыс қалпы, жалпыға ортақ
 
заң, абсолют.
 
Даосизм
 (
қыт.  тіл.)  –
 
Қытайда  б.э.д.  І  мыңжылдықтың
 
екінші  жартысында  діни  және  философиялық
 
негіздерге 
құрылған,    дао  немесе  «заттар  жолы»  туралы  ілім.  Оның
 
өзіндік  теологиялық
 
негіздері,  дін  қызметшілері,  рәсімдері, 
қасиетті  мәтіндері  мен  ұйымдық
 
құрылымы  бар.  Даосизм 
ғарыш  Күштерімен  байланыс  орнату  арқылы  өмір  күшінің
 
жанаруына көп мән береді.
 
Дәстүрлі  дін
 

 
сан  ғасырлар  бойына  қалыптасып  келген 
бір халықтың
 
тарихымен, мәдениетімен, рухани өмірімен тығыз 
байланысты дін.
 
Дәстүрлі  емес  діндер
 

 
әлемдік  және  ұлттық
 
діндердің
 
шектерінен  шыққан,  бірақ
 
олардың
 
идеяларын,  рәміздері  мен 
рәсімдерін 
қолданатын 
діни 
қозғалыстар 
және 
олар 
қалыптастырған ұйымдар. Олардың
 
дәстүрлі емес екені нақты 
қоғамның
 
мәдени  және  рухани  өмірімен  байланыссыздығынан 
көрінеді.
 
Диакон
 
(грек  тіл.  «қызмет  етуші»


 
Шіркеуде  пресвитер 
мен  епископтан  бұрын  келетін  діни  қызметтің
 
алғашқы 
дәрежесі.  Диакон  –
 
дін  қызметкерлері    баспалдағындағы 
алғашқы  сатысы.  Диакон  священник  пен  архиерей  өткізетін 
құпияшылдыққа тікелей қатысып, көмек бере алады, бірақ
 
оны 
өз  бетінше  өткізе  алмайды  (Шоқындырудан  басқасын,  оны  дін 
қызметшілер  еместер  де  өткізе  алады).  Ғибадат  ету 
барысында 
диакон 
қасиетті 
ыдыстарды
 
дайындайды, 
ектенияларды айтады және т.б. 
 
Догмат
 
(грек  тіл.  «пікір»,  «шешім»,  «үкім»


 
сынауға 
келмейтін  ақиқат  шындық
 
жайында  мәлімет  беруші  діни  ілім 
ережесі.
 
Діни бірлестік 
 
азаматтардың
 
заң
 
шеңберінде діни сенім 
мен  рәсімдердің
 
бірлігі  негізінде  рухани  қажеттіліктерін 
қанағаттандыру мақсатында ерікті қалыптасқан бірлестік.
 
Діни  қызмет
 

 
діндарлардың
 
діни  қажеттіліктерін 
қанағаттандыруға бағытталған қызмет. 
 
Дін  қызметкерлері
 
(духовенство)  –
 
діни  рәсімдер  мен 
жоралғыларды  атқаратын  дін  қызметкерлері.  Осындай  дін 
қызметкерлерінің
 
үш  дәрежесі  бар:  диакон,  иерей  және 
архиерей.  Православ  Шіркеуінде  архиерейлікке  тек  монахтық
 
өмірді таңдағандар ғана жетеді. Сондай
-
ақ
 
шығыс Шіркеулерде 
дін  қызметкерлерінің
 
ақ
 
және  қара  түрін  ажыратады.  Ақ
 
дін 
қызметкерлеріне 
бойдақтық
 
ант 
бермеген 
приходтық
 

77 
 
храмдарда  қызмет көрсететін священниктер (православиеде  –
 
протопресвитер, протоиерей, иерей мен диакон) жатады.  Қара 
(яғни,  монахтық
 
өмірді  таңдаған)  дін  қызметкерлеріне 
патриарх,  митрополит,  архиепископ,  епископ,  архимандрит, 
игумен,  иеромонах,  иеродиакон  жатады.  Католиктерде  дін 
қызметкерлері целибат қабылдайды.
 
Діни  рәсім  
 
белгілі  бір  әлеуметтік  қарым
-
қатынастардың
 
рәмізі,  олардың
 
бейнелік  көрінісінің
 
және  бекуінің
 
формасы 
болып табылатын дәстүрлі, шартты іс
-
әрекеттердің
 
жиынтығы. 
Діни рәсімдер діндарлардың
 
санасындағы діни көзқарастардың
 
орнығуына,  діни  өзіндік  сананың
 
қалыптасуына  және  тылсым 
күштерге сенімін нығайтуға ықпалын тигізеді.
 
Діни  сенім
 

 
қандай  да  бір  діндерге,  шіркеулерге, 
конфессияларға тиесілі болу.
 
Діни  сенім  бостандығы
 

 
әркімнің
 
діни  және  ғибадаттық
 
іс
-
әрекеттерге  қатысуына  еркіндік  берілу  құқығын  білдіретін 
құқықтық
 
ұстаным. 
 
Діни  синкретизм
 
(грек  тіл.
 
«синкретизм»
) 

 
«біріктіру», 
«ұштастыру»)  –
   
тарихи  бастауы  бірдей  діндердің
 
бір
-
біріне 
өзара  ықпал  етуі  үдерісіндегі  діни  және  діни  білімдік 
ережелердің
 
бірігуі. 
 
Дінтану
 

 
діннің
 
пайда болу тарихы, дамуы, қызмет етуінің
 
негізгі  заңдылықтарын  үйрететін,  оның
 
қоғам  өмірінің
 
басқа 
салаларымен, халық
 
тарихымен байланысы жөніндегі ғылым.
 
Евангелие
 
(грек  тіл.  «жақсы  хабар»


 
Иисус  Христостың
 
өмірі  мен  ілімі  жайында  түсінік  беретін  «Жаңа  өсиеттің» 
алғашқы төрт кітабының
 
атауы.
 
Елеосвящение
 (
зәйтүн  майымен  жағу
) 
/  соборование  
ауру  адамға  Евангелиені,  Апостолды  және  Құдайдың
 
рахымын 
шақыруға  арналған  дұға  оқу  арқылы  зәйтүн  майын  жағуы. 
Православие  мен  католицизмде  құпияшылдық
 
деп  танылады. 
Православиеде  адамның
 
маңдайы,  мұрны,  беті,  аузы,  кеудесі, 
қолдың
 
алақаны мен сыртқы жағы крест бейнесімен жағылады. 
 
Епархия
 
(грек 
тіл. 
«облыс»


 
территориясындағы 
благочиниелерге  біріккен  приходтардан  және  монастырлардан 
тұратын,  архиерей  басқаратын  шіркеулік
-
әкімшілік  округі.  Орыс 
православ  шіркеуінде  епархиялардың
 
шекаралары  әдетте 
облыстар аймақтардың
 
шекараларымен сәйкес келеді.
 
Епископ
 (
грек  тіл.  «тәртіп  сақтаушы»,  «қараушы»


 
шіркеудегі дін қызметкерлері басшылығының
 
жоғарғы дәрежесі, 
священниктік  қызмет  етудің
 
диакон  пен  пресвитерден  кейінгі 
үшінші  дәрежесі.  Шіркеудің
 
барлық
 
жеті  құпияшылдықтарын 

78 
 
атқара  алатын  қасиетті  билігі  бар  апостолдың
 
мұрагері,  қол 
беруде  (рукоположение)  архипасторлық
 
қасиетін  қолданады, 
әкімшіліктік
-
территориялық
 
қауымдастық
 
ұйымының
 
төрағасы.  
 
Жамағат
 (
араб тіл. «жұртшылық», «ұжым», «қаумдастық»


 
бір
-
бірімен өзара тікелей қарым
-
қатынас жасамаса да белгілі 
бір  ортақ
 
мүддежолында
 
діни  рәсімдерді  істеу  үшін,  өзара 
қолдау көрсету үшін, бір
-
бірімен қатынасу үшін біріккен, алайда 
ресми  түрде  ұйымдаспаған
 
мұсылмандар  бірлестігі,  көпшілік 
қауым
.  
Жаңа  діни  қозғалыс  
 
жаңадан  қалыптасқан  немесе 
қоғамда  деноминация,  шіркеу  немесе  дін  ретінде  әлі 
қабылданбаған діни топ. 
 
Жаңа  өсиет
 

 
Құтқарушының
 
әлемге  келуі,  алғашқы 
христиандық
 
шіркеуінің
 
даму  тарихы,  алғашқы  шіркеулерге 
апостолдық
 
жолдаулары  және  әлемнің
 
ақырғы  тағдырлары 
жайындағы  кітап  –
 
Апокалипсис  туралы  әңгімелейтін  Інжілдің
 
екінші  бөлімі.  Христиандар  оны  Қасиетті    жазба  ретінде  қадір 
тұтады.  
 
Жахилия
 
(араб  тіл.  «жаһилия»,  «надандық»)  –
 
исламда 
арабтарға  ислам  діні  келмей  тұрғанда  пұтқа  табынушылық

адасушылық

ұлттық,  нәсілдік,  тектік  үстемдік  басым  болған 
дәуір.  Кең
 
мағынасында  –
 
«табиғи  күйдің»  теңдесі:  заңсыздық
 
пен қатыгездік.  
 
Жиһад
 
(араб  тіл.  «күш  жігер»)  
 
араб  тілінде  белгілі  бір 
нәтижеге, мақсатқа жету үшін, яки бір істі істеу үшін бар қажыр
-
қайрат  пен  ынта
-
жігерді  жұмсау,  тырысу,  күресу  деген 
мағыналарды  білдіреді.  Жиһадты  қару  алып  соғысу  деп 
біржақты  түсінуге  болмайды.  Құранда  «жиһад»  сөзі  35  жерде 
аталғанымен,  төрт  жерде  ғана  тікелей  «соғыс»  мағынасында 
келген. Құранда «соғыс» ұғымы «харб»,«мухарабә», «мағрака», 
«қитал»  терминдерімен  білдірілген.  Барлық
 
дипломатиялық
 
байланыстар нәтижесіз аяқталып, келіссөздерден толықтай үміт 
үзілген  шақта  отанды  қорғау  үшін  қолға  қару  алып,  жиһад 
жасауға  болады.  Жиһад  –
 
«адамға  Алла  тағаланы  тану  үшін 
жол  ашу»  дегенді  де  білдіреді.  Жаратушыны  тануға 
сауатсыздық,  кедейшілік  пен  еркін  ойға,  санаға  жасалған 
шектеулер кедергі келтірсе, солармен күресу үшін атқарылатын 
барлық
 
іс
-
шара жиһад болып есептеледі. 
 
Жоғарғы 
архиепископ
 

 
жоғарғы 
архиепископтық
 
мәртебесі  бар  шығыс  католиктік  шіркеуді  басқаратын 
митрополит.  Жоғарғы  архиепископ  Шығыс
-
католиктік  шіркеуінің
 
патриархынан  дәрежесі  төмен  болғанымен  құқықтары  жағынан 

79 
 
олар  қандай  жағдайда  болса  да  тең

Өз  Шіркеуімен  сайланған 
жоғарғы  архиепископты  Рим  Папасы  бекітеді.  Жоғарғы 
архиепископтар  шығыс  шіркеулері  істері  бойынша  Конгрегация 
мүшелері болып табылады.  
 
Зәмзәм
 
(араб тіл. «мол су»


 
Қағбаға жақын исламның
 
бас 
мешіті  әл
-
Масджид  әл
-
Харам  аумағында  орналасқан  қасиетті 
бұлақ. Зәмзәм бұлағының
 
суы шипалы деп есептеледі.
 
Зекет
 (
араб  тіл.«өсу»,  «тазару»
) 

 
исламдағы  бес 
парыздың
 
бірі. Мұсылмандар арасындағы ауқатты адамдардың
 
дүние
-
мүлкі  зекет  мөлшеріне  жетіп,  өзінің
 
қажеттілігінен 
артылған  жағдайда  жағдайы  төмендерге  көмек  ретінде  беруге 
тиісті жыл сайынғы міндетті садақа. 
 
Зікір 
(
араб тіл. «зикр»

«еске алу», «еске түсіру», «жадына 
сақтау»
). 
Сопылық
 
ілімде  –
 
Алла  тағаланы  еске  алу,  оны 
ұмытпай, үнемі ойлау. Алланы әрдайым еске ала отырып, оның
 
әмірлерін  терең
 
түсіну  және  ұжданның
 
түкпірінен  келген 
қалтқысыз  сезіммен  оны  құлай  сүю.  Тілмен  айтылатын  зікір, 
яғни    «зикр  лисан
-
и»  –
   
лә
 
иллаҺа  иллаллаҺ,  субханаллаһ

әлхамдулиллаһ,  аллаһу  әкбар  сияқты  т.б.  сөздерді  қайталап 
айтудан тұрады.
 
И  Цзин 
(
қытай  тіл.)–Өзгерістер  Кітабы  (нақтырақ
 
айтқанда 
Каноны).  Б.э.д.  ІІ  ғ.  Конфуциялық
 
дәстүрмен  конфуциялық
 
Бес 
кітабы канонының
 
бірі ретінде қабылданды.
 
Ибраһимдік  діндер
 

 
Ибраһим  пайғамбар  идеяларына 
негізделген діндер (иудаизм, христиан, ислам
).  
Игумен  (грек  тіл.  «жетекші»


 
алғашқыда  –
 
монастыр 
бастығы. Қазіргі таңда игумендік монахтық
 
өмірге бет бұрған дін 
қызметкеріне  (ал  монахтық
 
еместе  –
 
протоиерейге)  берілетін 
марапат.  Монастырдың
 
бастығы  болып  табылатын  игумен, 
асатаяқты тасу құқығына ие. 
 
Иджма  –Мужтаһид  ғалымдардың
 
белгілі  бір  мәселеге  бір 
ауыздан келісуі. Шариғи дәлелдердің
 
төртіншісіне жатады.
 
Иерей / священник (грек тіл. «священник»).
 
Діни қызметтің
 
екінші  дәрежесіндегі  дін  қызметкері.  Оған  берілген  рұқсат 
бойынша  «хиротония»  және  әлем  мен  «антиминстерді» 
дәріптеуден 
басқа 
барлық
 
құлшылық
 
ету 
мен 
құпияшылдықтарын атқара алады.
 
Иеродиакон  (грек  тіл.  «қасиетті»,  «қызметші»).
 
Диакон 
лауазымындағы монах (тақуа).
 
Иеромонах  
 
шіркеулік  діни  қызметкерлікке  жататын, 
священник лауазымы бар дін қызметкері, монах (тақуа).
 

80 
 
Ижтиһад  (араб  тіл.  «ынта»,  «жігер»,  «тырысу»)  –
 
қандай 
да бір мәселенің
 
шешімі Құраннан, хадистерден, сахабалардың
 
сөздерінен  кездеспеген  жағдайда  Құран  мен  сүннетке  қайшы 
келмейтін  арнайы  қағидаларға  сүйене  отырып,  ізденіс  арқылы 
ақылға сүйенген  дәлелдермен үкім шығару.
 
Икона  (грек  тіл.  «бейне»)
 

 
Құдайдың

әулие  немесе 
қасиетті оқиғалар тарихының
 
кескіндеме бейнесі.
 
Имам
 
(араб  тіл.  «әмма»  етістігінен  шыққан  –
 
«алдында 
тұру»,  «жетекшілік  ету»


 
құлшылық
 
еткенде  алда  тұратын 
рухани  басшы,  ұстаз  және  мұсылман  қауымының
 
жетекшісі. 
Исламда  мешітті  басқаратын  және  діни  рәсімдерді  атқаратын 
діни  тұлға.  Сондай
-
ақ,  «имам»  сөзі  «үлгі  тұтарлық»    деген 
мағынаны береді.
 
Имамдықтар
 
(имамиттер)  –
 
(араб  тіл.  «ал
-
имамийя»)  –
 
исламдағы  шииттік  ағымның
 
бір  тармағы,  Әли  тегіндегі  он  екі 
имамды мойындайтын «қалыпты» шииттер.
 
Иман
 
(араб  тіл.    نام يإ

«сену»,  «илану»,  «қабылдау»


 
исламдағы  исламдық
 
парыздардың
 
дұрыстығына  көз  жеткізу 
және мұсылман дінінің
 
ажырамас бөлігі болып табылады. 
 
Иманның
 
негізі  –
 
Бір  Жаратушыға  сену  және  Мұхаммед 
с.а.с.  пайғамбардан  жеткізілгеннің
 
барлығын  толығымен 
қабылдау,  яғни,  оның
 
айтқандары  мен  Аллах  Тағаланың
 
халыққа жеткізген сөздеріне сену. Исламда иманның
 
алты негізі 
бар. Олар:
 
1. Аллаһ
 
Тағала хақтығына сену
 
2. Періштелерге сену
 
3. Аллаһ
 
Тағала тарапынан түсірілген кітаптарға сену
 
4. Пайғамбарларға сену
 
5. Ақыретке, қиямет
-
қайым күніне сену
 
6. Тағдырға қалтқысыз сеніп, иман ету.
 
Инквизиция
 
(лат.  тіл.  «іздеу»,  «тергеу»,  «зерттеу»


 
орта  ғасыр  мен  қайта  өрлеу  дәуірінің
 
басындағы    католик 
шіркеуінің
 
дінсіздік  пен  дінсіздерді  айқындауға  арналған  сот
 
институты. 
 
Инь  және  Ян  (даосизм  мен  басқа  да  шығыс  діндеріндегі) 
күн  мен  түннің

қыс  пен  жаздың,  ай  мен  күннің
 
қарама
-
қайшылығымен байланысатын әлемдегі энергияның
 
түрлері. 
 
Ифтар (араб тіл. «ауыз ашар»)
 

 
исламда күндізгі оразаның
 
бітіп,  ораза  ұстаушының
 
күн  батқаннан  кейін  аузды  ашып, 
тағаммен  тәбетін  ашуы.  Ауыз  ашар  алдында  арнайы  дұғалар 
айтылады.
 

81 
 
Ихрам  (араб  тіл.  «арнау»)
 

 
ислам  дінінде  қажылық
 
және 
ұмра  амалдарына  байланысты  рәсімдерді  орындау  үшін 
арнайы  ниетпен киілетін киім. 
 
Каббала  (иврит  тіл.  «алу»,  «қабылдау»,  «аңыз»)
 

 
иудаизмнің
 
эзотерикалық
 
(мистикалық) 
бөлігі. 
Каббала 
Жаратушыны,  Жаратылыс  пен  олардың
 
арасындағы  өзара  
байланыстарын,  адам  мен  табиғаттың
 
рөлі  мне  мақсаттарын, 
тіршілік етудің
 
мәнін ұғынумен байланысты.  
 
Канондық
 
құқық
 

 
шіркеулік  билік  жариялаған  және 
шіркеулік  канондарда  бар  қағидалардың
 
жиынтығы,  шіркеулік 
мекемелердің
 
құрылымына,  шіркеу  мен  мемлекеттің
 
өзара 
қарым
-
қатынасына,  сондай
-
ақ
 
шіркеу  мүшелерінің
 
өміріне 
қатысты  ережелер.  Канондық
 
құқық
 
Құдай  заңына  негізделеді, 
бірақ
 
берілген  уақыт  пен  орнына  қолданбалы  рухани  және 
табиғи заңдардың
 
талаптарын да есепке алады.
 
Кардинал  
 
Католик  шіркеуіндегі  қасиеттіліктің
 
барлық
 
үш 
дәрежесін  иемденген  жоғары  дін  қызметкері.  Кардиналдар  –
 
шіркеуді  басқарудағы  папаның
 
ең
 
жақын  кеңесшілері  мен 
көмекшілері. Кардиналдың
 
сыртқы көрінісін  қызыл қалпақ
 
және 
мантия ерекшелейді. 
 
Карма  (санскр.тіл.  «себеп
-
салдары»,  «сауап»


 
үнді 
діндерінде  кез  келген  тірі  жанның
 
қайта  туылуындағы 
болашағын айқындайтын ниет пен іс
-
әрекеттер жиынтығы.
 
Катехизис
 
(лат.  грек  тіл.  «үйрету»,  «өсиет  айту»


 
алғашқыда сенімдегі ауызша өсиет айту, бүгінгі таңда катехизис 
деп дінге жаңадан кірушілерге уағыз жасау үшін қолданылатын 
діни оқулардың
 
барлық
 
ресми баяндалуын айтуға болады.
 
Католицизм  
 
христиан  дінінің
 
Батыс  Рим  империясының
 
аумағында 
б.э.ғ. 
пайда 
болған. 
Православие 
мен 
протестантизммен  қатар  христиан  дінінің
 
негізгі  бағытының
 
бірі.  Католик  Шіркеуінің
 
басшысы  Қасиетті  Престолды  және 
Римдегі  Ватикан  қала
-
мемлекетін  басқарушы  Рим  Папасы 
болып табылады.
 
Кашрут  (кошер,  кашер)  –
 
Галаха  бойынша  белгілі  бір 
нәрсенің
 
рұқсаттылығы,  жарамдылығы.  Нақтырақ
 
айтқанда, 
«кашер  (кошер)  тамағы»  –
 
ол  яхудейлердің
 
заңдарына  сәйкес 
келетін  және  яхудейлердің
 
азық
 
ретінде  қолдануға  жарамды 
тамақ
 
болып есептеледі. 
 
Кәпір  (араб  тіл.  «кафир»


 
Аллаһ
 
Тағалаға  (жалғыз 
Құдайға)  және  Мұхаммед  Пайғамбардың
 
елшілік  міндетіне 
сенбейтін адамдарға қолданылатын ұғым.
 

82 
 
Конфессия
 
(лат.  тіл.  «дін  жолы»)
 

 
немесе  діни  сенім. 
Белгілі  бір  діни  ілім  тұрғысындағы  діни  сенім  ерекшелігі, 
сондай
-
ақ
 
бір діни сенімді ұстанатын діндарлар бірлестігі.
 
Конфуциандық
 

 
Конфуций  (551
-
479  б.э.д.)  есімімен 
аталған  саяси
-
этикалық
 
ілім.  Қытайда  «Ғалымдардың
 
мектебі» 
деп  аталады.  Конфуциандық
  XX 
ғасырға  дейін  мәртебесін 
сақтап  келген  мемлекеттік  идеология  болып  табылады. 
Конфуциандық
 

 
дүниетаным, өмір сүру амалы, қоғамдық
 
этика, 
саяси  идеология,  ғылыми  дәстүр  болып  табылады,  кей  кезде 
оны философия деп қарастырса, кейде дін деп қарастырады.
 
Көз  жасы  қабырғасы  немесе  Батыс  қабырғасы  
 
Иерусалимдегі  б.э.д.  70
-
жылдары  римдіктердің
 
Екінші  Храмды 
қиратқаннан  кейін  бүтін  қалған  Храм  тауының
 
айналасындағы 
тіреуші  қабырғаның
 
бір  бөлігі.  Бұл  яхудейлер  үшін  ең
 
қасиетті 
жер  болып  саналады,  себебі  ол  өзімен  Жалғыз  Құдай 
Храмымен  байланысты  бүгінге  дейін  сақталған  бір  ғана 
құрылыс нышаны.  
 
Көне  өсиет
 

 
христиан  дінінде  Қасиетті  жазба  ретінде 
қарастырылатын Інжілдің
 
бір бөлігі. 
 
Күнә
 

 
діни  өсиеттерді  (Құдайдың

құдайлардың
 
ғақлияттарын,  бұйрықтары
 
мен  дәстүрлерін)  тікелей  немесе 
жанама  бұзу;  қоғамда  қалыптасқан  басты  адамгершіліктік  –
 
этикалық
 
ережелер  мен  нормаларды  бұзу.  Жалпы  мағынада 
күнә
 
жеке адамның
 
ерік актісінің
 
нәтижесі.
 
Күпірлік (араб тіл. «куфр»


 
исламда тұлға мен қоғамның
 
өзіндік  құлдырауына  апаратын  сенбеушілік,  өнегелілік  діңгегі 
жоқ
 
рухани  вакуумды  білдіреді.  Ол  ақиқатты  біле  тұра  әдейі 
мойындамай  жоққа  шығарып,  Алла  тағаланың
 
бар  екендігіне 
сенбеу.  Ислам  бойынша,  күпірлік  –
 
барлық
 
күнәнің
 
түбірі  –
 
адамды кәпір қылатын нәрсе.
 
Қағба
 
(араб  тіл.  «куб»)
 

 
Меккедегі  масжид  ул
-
һарамда 
(
Қасиетті  мешіт)  мұсылмандар  құлшылық
 
ететін  қастерлі 
орындағы  тұңғыш  ғимарат.  «Қасиетті  үй»,  «көне  үй»  деп 
аталады.  Қағбаның
 
бір  бұрышына  Қара  тас    салынған. 
Қажылық
 
кезінде  Қағбаны  айнала  тауаф  рәсімі  орындалады. 
Қағба  сондай
-
ақ
 
бүкіл  әлемдегі  мұсылмандар  үшін  намаз 
кезіндегі  құбыла  –
 
бағыт  қызметін  де  атқарады.  Меккедегі 
масжид  ул
-
һарамда  (Қасиетті  мешіт)  орналасқандықтан  "әл
-
Бәй
-
түл
-
һарам" (қасиетті үй) деп те аталады.
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет