Қазақстан республикасы дін істері агенттігі



жүктеу 5.01 Kb.
Pdf просмотр
бет1/21
Дата07.02.2017
өлшемі5.01 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21

 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДІН ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
ДІН САЛАСЫНДАҒЫ НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕР 
БОЙЫНША МАТЕРИАЛДАР ЖИНАҒЫ
 
 
 
 
 
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ КӨМЕК РЕТІНДЕ
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Астана –
 2014  


 
УДК
 322 (574) 
ББК
 86.2 
Д 91
 
 
 
 
Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі
 
Төрағасының
 
орынбасары, саяси.ғ.к. Ғ.Н.Шойкиннің
 
жалпы редакторлығымен
 
 
 
 
 
 
Д
 91 
Дін  саласындағы  негізгі  мәселелер  бойынша 
материалдар  жинағы:  Мемлекеттік  қызметкерлерге  көмек 
ретінде  /  Құраст.
 
Ж.Ж.
 
Қарашолақов,  Е.Е.
 
Ибраев.  Қазақшаға 
аударған:  Г.М.Тоқтарова,  Е.Е.Ибраев.  –
 
Астана,  ҚР  Дін  істері 
агенттігі
, 2014. 

 183 
б.
 
 
 
ISBN 

 978-601-7028-73-2 
 
 
 
 
Жинаққа  Қазақстан  Республикасының
 
дін  және  мемлекеттік
-
конфессионалдық
 
қатынастар 
саласындағы 
мемлекеттік 
саясатының
 
маңызды  аспектілері  көрсетілетін  материалдар 
енгізілген. 
 
Басылым  мемлекеттік  қызметкерлердің
 
республиканың
 
түрлі 
топтағы  тұрғындарымен  дін  саласындағы  мәселелер  бойынша 
жұмысы барысында қолдануына арналған.
 
 
 
 
 
 
 
 
УДК 322 (574)
 
ББК 86.2
 
 
 
ISBN 

 978-601-7028-73-2                        
© ҚР Дін істері агенттігі
, 2014 


 
 
МАЗМҰНЫ
 
 
 
§1

 
Мемлекеттің
 
конфессионалдық
 
саясатының
 
негізгі 
міндеттері мен ұстанымдары
.............................................. 
 
 

§2.
 
Дін саласындағы мемлекеттік органдар қызметінің
 
басымдықтары
....................................................................... 
 
 

§
3. 
Діни сенім бостандығы және мемлекеттің
 
зайырлылық
 
принциптері
.............................................................................. 
 
 
13 
§4.
 
Дін саласындағы мемлекеттік саясаттың
 
ұйымдас
-
тырушылық
 - 
институттық
 
негізі
........................................ 
 
 
19 
§5.
 
Қазақстан Республикасының
 
конфессионалдық
 
кеңістігі
..................................................................................... 
 
 
29 
§6.
 
Конфессияаралық
 
келісімді қамтамасыз ету –
 
Қазақстанның
 
үдемелі дамуының
 
басты шарты
............. 
 
 
36 
§7.
 
Қазақстандағы экстремизм мен терроризмге қарсы іс
-
қимыл
....................................................................................... 
 
 
42 
§8.
 
Қазақстан Республикасының
 
халықаралық
 
бастамалары, 
олардың
 
бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз етудегі 
рөлі
....................................................... 
 
 
 
52 
§9.
 
Қазақстан Республикасының
 
Президенті 
Н.Ә.Назарбаевтың
 
конфессионалдық
 
саясат туралы 
сөйлеген сөздерінен
.............................................................. 
 
 
58 
  
 
 
 
Қосымша
..................................................................................  72 
 
 
 
 
 
 


 
§1. МЕМЛЕКЕТТІҢ
 
КОНФЕССИОНАЛДЫҚ
 
САЯСАТЫНЫҢ
 
НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІ МЕН ҰСТАНЫМДАРЫ
 
 
 
Қазақстан 
Республикасының
 
Президенті 

 
Ұлт 
Көшбасшысы  Нұрсұлтан  Назарбаев  «Қазақстан
-2050
» 
Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің
 
жаңа саяси бағыты» 
атты  Қазақстан  халқына  Жолдауында  азаматтық
 
татулық
 
пен  ұлтаралық
 
келісім  –
 
біздің
 
басты  құндылығымыз.  Көп 
этносты  еліміздегі  татулық
 
пен  келісім,  мәдениеттер  мен 
діндердің
 
үндесуі  әлемдік  эталон  ретінде  танылған. 
Қазақстан  жаһандық
 
конфессияаралық
 
үнқатысу  орталығы 
болып саналады деп көрсетеді.
 
Қазіргі  таңда  Қазақстанда  130  этностық
 
және  18 
конфессионалдық
 
топ өкілдері
 
тіршілік етеді, елде олардың
 
арасында бейбіт  қатар өмір сүруі
 
мен дамуы  үшін қолайлы 
жағдай жасалған.
 
Қазақстандағы  діндердің
 
дамуы  діни сенім бостандығы, 
рухани 
даму, 
елдегі 
азаматтық
 
татулық
 
пен 
конфессияаралық
 
келісімді 
сақтау 
мен 
нығайтуға 
бағытталған
 
мемлекеттің
 
жүйелі  саясатының
 
нәтижесі 
болып саналады. 
 
Соңғы  екі  онжылдықта  дін  мен  конфессияаралық
 
қатынас 
аясындағы 
жағдай 
айтарлықтай 
өзгеріске 
ұшырады. Діни ахуалдың
 
жай
-
күйі, өсу қарқынына жасалған 
талдау 
өскелең
 
ұрпақ
 
өкілдерінде 
діндарлықтың
 
артқандығын байқатады. Және де бұл жеке тұлғаның
 
табиғи 
рухани  қажеттілігі  тұрғысында  ғана  емес,  қоғамда 
қалыптасқан мәдени және рухани дәстүрге нұқсан келтіруге 
талпынатын жалған діни ұйымдар қызметі арқылы да өсуде.
 
2009  жылы  жүргізілген  ұлттық
 
халық
 
санағының
 
мәліметі  бойынша  Қазақстан  тұрғындарының
  70%-
дан 
астамы өздерін мұсылман санаса, 25%
-
ы христиан, 0,3%
-
ы 
иудей, 0,1% –
 
буддист санайтындығын көрсеткен.
 
Қазақстан  Республикасы  Конституциясының
  1-
бабында 
Қазақстан  Республикасы  өзін  демократиялық,  зайырлы, 
құқықтық
 
және 
әлеуметтік 
мемлекет 
ретінде 
орнықтыратындығы  көрсетілген.  Нақты  осы  негізде  бүгінгі 
таңда  мемлекет  дін  аясындағы  өз  саясатын  жүзеге 


 
асыруда.  
 
 
Дін  саласындағы  мемлекеттік  саясаттың
 
негізгі 
міндеттері:
 
1. 
Азаматтардың
 
діни  сенім  бостандығына  құқығын 
жүзеге асыруды қамтамасыз ету және діни бірлестіктермен 
өзара әрекеттестік орнату. 
 
2. 
Қазақстандық
 
қоғамда  конфессияаралық
 
келісім  мен 
тұрақтылықты қамтамасыз ету, конфессияаралық
 
диалогты 
ұйымдастыру және қолдау.
 
3. 
Діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс
-
қимыл, дін 
саласындағы ұлттық
 
қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
 
Көрсетілген 
міндеттер 
орталық
 
мемлекеттік 
органдармен  қатар  жергілікті  атқарушы  органдар  саясаты 
ретінде жүзеге асырылады.
 
 
Қазақстандағы 
конфессионалдық
 
саясаттың
 
құрылуына негіз болатын басты ұстанымдар:
 
1. 
Елдің
 
Конституциясы мен заңдары азаматтардың
 
ар
-
ұждан  және  діни  сенім  бостандығына  кепілдік  береді. 
Конституция  конфессионалдық,  этникалық
 
және  өзге  де 
белгілердегі  кемсітушіліктің
 
кез  келген  формасына  тыйым 
салады.  ҚР  «Діни  қызмет  және  діни  бірлестіктер  туралы» 
Заңы  діни  бірлестіктердің
 
еркін  қызмет  етуі  үшін  құқықтық
 
негізді  нығайтты.  Қазақстан  адам  құқығы  аясындағы 
маңызды  халықаралық
 
келісімдер  мен  шарттарға,  оның
 
ішінде осы саладағы БҰҰ
-
ның
 
іргелі пактілеріне қосылды. 
 
2. 
Қазақстан 
зайырлы 
және 
құқықтық
 
мемлекет 
саналатындықтан, 
мемлекет 
конфессиялардың
 
өз 
қызметтері  мен  құқықтарын  жүзеге  асыруға  тең
 
және 
қолайлы жағдай жасайды. 
 
Аталған  ұстанымдар  діни  бірлестіктер  санының
 
айтарлықтай артуына және конфессиялар арасында достық
 
байланыстың
 
нығаюына 
себепші  болды. 
Қазақстан 
тұрғындарының
 
басым  көпшілігі  өздерін  мұсылман  санауы 
өзге  діни  сенімдердің
 
толыққанды  қызмет  етуіне  кедергі 
жасамайды.  Мұсылман  емес  діни  бірлестіктер  санының
 
артуы  осыған  дәлел  бола  алады.  Тәуелсіздік  алған
 
кезеңнен  бері  православиелік,  католиктік,  протестанттық
 
қауым саны бірнеше есеге өсті.
 


 
Азаматтық
 
қоғам  институттарының
 

 
үкіметтік  емес 
ұйымдар,  Қазақстан  халқы  Ассамблеясы,  сонымен  қатар, 
бұқаралық
 
ақпарат  құралдарының
 
дін  саласындағы 
мемлекеттік  саясаттың
 
жүзеге  асуына  белсенді  қатысуы 
Қазақстандағы  конфессиялық
 
тұрақтылықтың
 
нығаюында 
маңызды  рөл  атқарады.  Бүгінгі  таңда  халықтың
 
түрлі 
деструктивтік,  оның
 
ішінде  жалған  діни  идеяларды 
мойындамаудағы 
нақты 
азаматтық
 
ұстанымын 
қалыптастыру маңызды саналады.
 
Діндердің
 
бейбіт  қатар  өмір  сүруі,  экстремизмнің
 
таралуына  қарсы  іс
-
қимыл,  жалпы  алғанда  Қазақстанның
 
ішкі  және  сыртқы  саясатының
 
басым  міндеттері  болып 
табылады.  Діни  және  этникалық
 
негіздегі  қақтығыстар, 
мәдени, әлеуметтік, саяси құқықтардың
 
шектелуі, этникалық
 
немесе конфессионалдық
 
белгілердің, діни экстремизм мен 
терроризмнің
 
мемлекеттің
 
саяси жүйесінің
 
тұрақсыздығына, 
халықаралық
 
қатынастардың
 
шиеленісуіне  себеп  болуы 
мүмкін екендігін есте сақтау қажет. 
 
Қорыта 
келе, 
қазіргі 
таңда 
Қазақстанда 
діни 
бірлестіктердің
 
ішкі  ісіне  араласпауға,  діни  сенімдерге 
құрметпен  қарауға,  заң
 
алдында  түрлі  дін  өкілдері  тең
 
дәрежеге  ие  болуына  негізделген  мемлекет  пен  діндер 
арасында бірегей үлгі орнағандығын айта кету керек.
 
2013 жылғы әлеуметтанулық
 
сауалнаманың
 
мәліметтері 
бойынша  дін  саласындағы  мемлекет  саясатын  ел 
азаматтарының
  89%-
ы  қолдайды.  Осыған  сәйкес,  дін 
саласындағы 
мемлекет 
саясатын, 
осы 
саладағы 
мемлекеттік 
бастамалардың
 
қоғамдық
 
қолдауға 
ие 
болғандығын  есепке  ала  отырып,  толықтай  жетістікке  ие 
деп атауға
 
болады.
 
Біздің
 
еліміздің
 
түрлі 
конфессиялармен 
өзара 
әрекеттестік орнату тәжірибесін халықаралық
 
ұйымдар мен 
шетелдік  серіктестер,  оның
 
қатарында  БҰҰ,  ЮНЕСКО, 
ЕҚЫҰ
 
зерттеп, зерделеуде. 
 
 
 
 
 


 
§2. ДІН САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАР 
ҚЫЗМЕТІНІҢ
 
БАСЫМДЫҚТАРЫ
 
 
 
 
Дін  саласындағы  мемлекеттік  органдар  қызметінің
 
ақпараттық
-
түсіндіру  жұмысындағы  басымдықтары  болып 
азаматтардың
 
бұқаралық
 
сана
-
сезімінде келесі 4 маңызды 
идеологиялық
 
құндылықтар 
мен 
қағидаларды 
қалыптастыру болып табылады.
 
Бірінші  идеологиялық
 
қағида

«Зайырлы  қоғам  және 
жоғары руханилық
 

 
біздің
 
басты құндылықтарымыз».
 
Қоғамдағы  зайырлылық
 
сана
-
сезімін  нығайту  керек. 
Азаматтар  мен  қоғамды  сыртқы  рухани  агрессиядан 
қорғауды қамтамасыз ету және халық
 
санасында еліміздің
 
болашағын 
зайырлылық
 
қағидаларына
 
негізделген 
индустриялық
-
инновациялық
 
дамушы  Қазақстан  ретінде 
қалыптастыру. 
 
Осы  контексте  келесі  ойды  халыққа  жеткізу  өте 
маңызды:  «рухани  және  діни  құндылықтар  еліміздің
 
көркеюіне,  еліміздің
 
барлық
 
салаларының
 
дамуына 
қолайлы 
жағдайлар 
қалыптастыруға 
себептесуі 
қажет».
 
Бұл  идея  Қазақстанның
 
экономикалық
 
өзгерісі  рухани 
құндылықтардың
 
өзгерісімен қатар жүретіндігін көрсетеді. 
 
Рухани  құндылықтар  еліміздің
 
одан  әрі  даму  үдерісіне 
белгілі  бір  идеологиялық
 
негіз  қалыптастырады.  Оған 
сәйкес,  рухани
-
діни  құндылықтар  қоғамда  толеранттықты 
қалыптастырып  және  әртүрлі  конфессия  адамдарының
 
арасында 
сыйластықты 
қамтамасыз 
ете 
отырып, 
Қазақстанның
 
дамуына  байланысты  2050  жылға  дейін 
қойылған  мақсаттардың
 
негізін  қалыптастыру  және  біздің
 
еліміздің
 
дамыған  30  елдің
 
құрамына  кіруі  үшін  жағдай 
жасауы керек.
 
Осыған байланысты, халыққа архаикалық
 
құндылықтарға 
бағдарланған 
радикалды
-
діни 
сипаттағы 
идеялар 
Қазақстандағы прогрессивті үдерісті тежейтіндігі туралы ойды 
жеткізу аса маңызды.
 
 


 
Екінші  идеологиялық
 
қағида:
 
«Бірлік
 
және
 
келісім  –
  
Қазақстан дамуының
 
негізі».
 
Халықты  Қазақстандағы  конфессияаралық
 
келісімнің
 
арқасында 
қамтамасыз 
етілетін, 
ел 
тәуелсіздігінің
 
табыстарының
 
сақталуы  мен  дамуына  бағдарлау  қажет. 
Идеологиялық
 
құндылықтар, тұрақтылық, бірлік пен келісім 
еліміз бен әр қазақстандық
 
отбасының
 
одан әрі көркеюінің
 
негізгі шарты екеніне азаматтардың
 
назарын аудару қажет.
 
Үшінші  идеологиялық
 
қағида
: 
«Отан  сүйгіштік,  ұлттық
 
дәстүр  мен  мәдениет  –
 
бұл  ұлтымыздың
 
рухани 
іргетасы».
 
Тарихи  сананың
 
құрамдас  бөлігі  және  азаматтардың
 
болашаққа  рухани
-
өнегелік  бағдарлары  ретінде  отан 
сүйгіштік,  ұлттық
 
дәстүр,  мәдениет  пен  дәстүрлі  діни 
құндылықтарды қоғамда біртіндеп насихаттау маңызды.
 
Төртінші  идеологиялық
 
қағида:
 
«Радикализм  және 
экстремизммен күресу –
 
бүкіл қоғамның
 
міндеті».
 
Қоғам 
назарын 
радикализм, 
экстремизм 
мен 
терроризмнің
 
барлық
 
түрлері  мен  көріністеріне  қарсы
 
мемлекет  пен  азаматтар
 
ортақ
 
шеп  құра  отырып  күресулері 
тиіс  екендігіне  аударту  қажет.  Қоғамды  экстремизм  мен 
терроризмнің
 
қаупінен  сақтандыруға  қоғамның
 
барлық
 
мүшелерінің
 
қатысуының
 
маңыздылығына  ерекше  көңіл 
аудару керек, сонымен қатар, ең
 
бастысы зиялылар, үкіметтік 
емес  ұйымдар,  БАҚ
 
өкілдері  белсенді  түрде  қатысуы  тиіс 
екенін
 
түсіну маңызды болып табылады. 
 
Осы  орайда,  дінбасылары  өкілдерінің,  этностық
-
мәдени 
орталықтар,  үкіметтік  емес  және  жастар  ұйымдары,  әртүрлі 
саладағы 
беделді 
азаматтардың
 
әлеуеттерін 
діни 
экстремизмге  қарсы  түсіндіру  жұмыстарына  қолдану  қажет. 
Қоғам өкілдері экстремизм мен терроризмнің
 
барлық
 
түрлері 
мен көріністеріне қарсы шығып қана қоймай, сонымен қатар, 
оларға  принциптік  бағалау  мен  кез  келген  деструктивті 
ағымдарды айыптауларын көрсетулері тиіс.
 
Жалпы  алғанда,  экстремистік  доктриналар  мен  ілімдерді 
жою  мен  дін  атын  жамылған  радикалды  және  деструктивті 
идеологиялардан  өзіндік  қорғануға  бағытталған  қоғамдық
 
бастамаларды жандандыруға күш салу қажет.
 


 
Барлық
 
аталған  қағидалар  мемлекеттік  органдар  мен 
діни 
саладағы 
азаматтық
 
қоғам 
институттарының
 
ақпараттық
-
түсіндіру  жұмыстарының
 
басты  идеологиясына 
айналуы
 
тиіс.
 
Ақпараттық
-
түсіндіру  жұмысы  –
 
мемлекеттік  саясаттың
 
түрлі  аспектілері  бойынша  қоғамдық
 
пікір  қалыптастыру 
мақсатында  мемлекеттік  мекемелердің
 
халықпен  жұмыс 
жүргізу формасының
 
бірі.
 
Дін мәселелері жөніндегі ақпараттық
-
насихаттық
 
топтар 
(
әрі қарай 

АНТ) елдегі үйлесімді конфессияаралық
 
қарым
-
қатынасты  қалыптастыруға  және  нығайтуға,  халықтың
 
діни 
сауаттылығын  арттыруға  және  діни  экстремизм  мен 
терроризмнің
 
алдын  алуға  бағытталған  ақпараттық
-
насихаттық
 
жұмыстарды  іске  асыру  тәсілінің
 
бірі  болып 
табылады.
 
Дін мәселелері жөніндегі АНТ азаматтардың
 
мемлекеттік 
құрылымдардың
 
және 
дәстүрлі 
діндердің
 
құзыретті 
өкілдерінен, дінтанушылар мен теологтардан дін мәселелері 
жөнінде 
толыққанды 
да 
шынайы 
ақпарат 
алудағы 
конституциялық
 
құқығын іске асыру мақсатында құрылады. 
 
АНТ  жұмысының
 
басты  бағыттары  келесілер  болып 
табылады:
 
1) 
конфессияаралық
 
келісімді насихаттау;
 
2) 
тұрғындардың
 
діни  және  құқықтық
 
сауаттылығын 
көтеру;
 
3) 
діни экстремизм мен терроризмнің
 
алдын алу.
 
АНТ  облыстық,  аудандық
 
және  қалалық
 
деңгейлерде 
құрылады.  АНТ  жұмысы  дін  саласындағы  мемлекеттік 
саясатқа  халық
 
сенімінің
 
негізін  қалайды  және  қоғамдық
 
келісім  мен  қоғамдағы  тұрақтылықты  нығайтуға  белсенді 
азаматтық
 
ұстанымды қалыптастырады.
 
АНТ 
құрамына 
дінтанушы
-
мамандар, 
теологтар, 
ғалымдар,  үкіметтік  емес  ұйымдардың
 
өкілдері,  заңгерлер, 
психологтар,  жергілікті  атқарушы  және  құқық
 
қорғаушы 
органдардың
 
қызметкерлері 
енеді. 
Өзінің
 
жұмысы 
барысында  АНТ  тұрғындардың
 
мақсатты  әлеуметтік 
топтарын  қамтып,  оларға  діннің
 
шынайы  адамгершілік 
бастауларын  жеткізіп,  дәстүрлі  рухани  құндылықтарды 

10 
 
сіңіреді  және  радикалды,  деструктивті  діни  қауымдардың
 
қатарына өту қауіптері туралы ескертеді.
 
Дін 
саласындағы 
ақпараттық
-
түсіндіру 
жұмысындағы  мақсатты  топтар  қатарына  келесілер 
енеді:
 
1) жастар, соның
 
ішінде колледж, ЖОО студенттері, 
сондай
-
ақ,  жоғарғы  сыныптағы  мектеп  оқушылары;  2) 
халықтың
 
дін ұстанушы бөлігі; 3) мемлекеттік қызметкерлер, 
мемлекеттік  мекемелердің
 
қызметкерлері;
 
4)  халықтың
 
басым  бөлігі,  соның
 
ішінде,
 
жұмысшылар  мен  ауыл 
тұрғындары.
 
Жоғарыда  көрсетілген  міндеттерді  шешу  және  қоғамға 
аталған  идеологиялық
 
қағидаттарды  жеткізу  мақсатында 
келесідей  сатылы  және  кешенді  ақпараттық
-
түсіндіру 
шараларын іске асыру қажет: 
 

 
тұрғындардың
 
түрлі топтарында дін саласына қатысты 
негізгі білімді қалыптастыру, азаматтардың
 
ақпараттылығын 
арттыру және мемлекеттің
 
Қазақстандағы конфессияаралық
 
келісім және дінаралық
 
қатынастар саласындағы саясатына
 
халықтың
 
қолдауын қамтамасыз ету; 
 

 
құқықтық
 
сауаттылықты 
арттыру 
арқылы 
азаматтардың
 
құқықтық
 
мәдениетін қалыптастыру;
 

 
конфессияаралық
 
және  ішкі  конфессиялық
 
негізде 
мүмкін  болатын  әлеуметтік  шиеленістерді  ескерту  және 
алдын алу;
 

 
азаматтар 
арасында 
толеранттылық
 
және 
қазақстандық
 
қоғамның
 
рухани 
бірлігі 
идеяларын 
қалыптастыру және тарату;
 

 
халықты  Қазақстандағы  діни  бірлестіктердің
 
және 
ағымдардың
 
қызметімен 
ақпараттандыру, 
сондай
-
ақ

дәстүрлі діндердің
 
қызметтерінің
 
мәнін ашып көрсету;
 

 
қоғамда  жалған  діни  ағымдар  мен  радикалды 
ұйымдардың
 
таралуының
 
алдын алу; 
 

 
қоғамда 
діни 
экстремизм 
мен 
терроризмді 
насихаттайтын идеологиялардың
 
таралуының
 
алдын алу;
 

 
радикалды  діни  идеологияны  ұстанатындар,  сонымен 
қатар 
қылмыстық
-
атқарушы 
жүйенің
 
мекемелерінде 
жазасын  өтеушілердің
 
арасында,  оларды  дәстүрлі  діни 
құндылықтарға  оралту,  әрі  қарай  қоғамға  бейімдеу 
мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
 

11 
 
АНТ
-
ның
 
жұмыстарының
 
ең
 
тиімді түрлері келесілер:
 

 
интерактивті семинар
-
тренингтер;
 

 
баспасөз
-
мәслихаттары;
 

 
дәрістер;
 

 
алдын  алу  сипатындағы  ақпараттық
 
материалдарды 
тарату (буклеттер, брошюралар және т.б.);
 

 
қоғамдық
-
саяси, спорттық
 
іс
-
шараларға қатысу;
 

 
белгілі бір әлеуметтік санаттағылармен өмірде болған 
нақты  оқиға/«оқиғалар  қатары»  негізінде  ресми  және 
бейресми кездесулер (нақты жұмыс) өткізу.
 
АНТ
-
ның
 
нақты  аудиториямен  жұмысының
 
тиімділігін 
көтеру бойынша негізгі талаптар:
 
  1) 
арнаулылық

Жас,  кәсібилік,  этникалық
 
және 
аудиторияның
 
өзге  де  ерекшеліктеріне  сай  идеологиялық
 
әсер етудің
 
формалары мен әдістерін саралау;
 
  2) 
біртіндеп  іске  асырушылық

Ұзақ
 
мерзімде  іске 
асуға  негізделген  насихаттау  қызметі  ойластыру  мен 
сатылап жүзеге асыру;  
 
  3) 
реттілік.  Күнделікті  жұмыс  тұрғындардың
 
әртүрлі 
топтарының
 
қалыпты  мінезі  мен  психологиялық
 
жай
-
күйіне 
назар аудару;
 
4) 
жаңашылдық
. 
Тыңдаушыларға  әсер  ету  мен 
жұмыстың
 
жаңа  формаларын  іздестіруді  тұрақты  түрде 
жүргізу;
 
5) 
айқындылық
 
және  бейнелілік.  Эмоционалды  әсер 
ету  жолдарын,  тыңдаушылардың
 
көп  бөлігіне  ұғынықты, 
таныс үндеулерді қолдану;
 
6) 
қолжетімділік және түсініктілік.
 
Түсініктер аппараты 
қабылдауға оңай және мағынасы бірегей болуы тиіс. Өмірде 
бар  өзекті  мәселелер  мен  оларды  шешудің
 
жолдары  дәл, 
нақты көрсетілуі керек. 
 
Ақпараттық
 
іс
-
шараларды  жүзеге  асыру  барысында 
бұқаралық
 
ақпарат  құралдары  атқарылған  іс
-
шаралардың
 
субъектісі ретінде де, оларды жүзеге асыру құралы ретінде 
де  қатысады.  Осыған  байланысты  жұмыстарды  дін 
мәселелерін  жариялайтын  баспа  беттері  мен  электронды 
масс
-
медиа, 
ақпараттық
 
интернет
-
ресурстар 
журналистерімен  өзара  әрекеттестікте  атқарылуына  баса 
назар аударылуы қажет. 
 

12 
 
Осыған  байланысты  баспа  және  электрондық
 
масс
-
медиа  журналистерімен,  сонымен  қатар  дін  мәселелерін 
баяндауға маманданған ақпараттық
 
интернет
-
ресурстармен 
өзара ықпалдасу бойынша жұмыстарға маңызды басымдық
 
жасау керек. 
 
Тұрғындармен  жұмыс  істеуге  бұқаралық
 
ақпарат
 
құралдарын тарту мақсатында орталықта және аймақтарда 
журналистердің
 
арнайы  пулы  құрылды,  сонымен  бірге  діни 
салада  ақпараттық
-
ағартушылық
 
жұмыстарды  жүргізу  үшін 
спикерлердің
 
тізімі жасалды.
 
Дін  істері  агенттігі  жанынан  Бұқаралық
 
ақпарат 
құралдарында  діни  тақырыптарды  жариялау  бойынша 
Әдістемелік 
Кеңес 
жұмыс 
істейді. 
Дін 
саласында 
мемлекеттік  саясаттың
 
әртүрлі  аспектілерін  ақпараттық
 
қолдауға арналған бірқатар  медиа
-
жоспарлар  жүйелі түрде 
жүзеге асырылып келеді. 
 
Дін  істері  агенттігінің
 
ұйымдастырушылық
-
әдіснамалық
 
қолдауымен  аймақтық
 
деңгейде  дін  мәселелері  бойынша 
500-
ден 
астам 
ақпараттық
 
топтардың
 
жұмыстары 
ұйымдастырылды. 
2013 
жылы 
ақпараттық
-
түсіндіру 
жұмыстарымен  1,3  млн.  астам  адам  қамтылды,  дін 
саласының
 
өзекті  мәселелер  бойынша  бұқаралық
 
ақпарат 
құралдарында 7 мыңнан астам әртүрлі жарияланымдар мен 
сөз сөйлеу ұйымдастырылды. 
 
Жалпы  алғанда,  дін  саласындағы  ақпараттық
-
түсіндіру 
жұмыстарын  ұйымдастыруда  АНТ
-
ның
 
құрылуы  және 
қызмет  ету  тәртібінің
 
бағыты,  қызмет  ету  формалары  мен 
әдістері,  әдіснамалық
 
қамтамасыз  ету  мен  ақпараттық
 
қолдау  мәселелері  мен  АНТ  қызметінің
 
тиімділігін 
бағалауды  анықтайтын  Дін  істері  агенттігі  дайындаған 
бірыңғай әдістемелік ұсынымдарды жетекшілікке алған жөн.  
 
 

13 
 

Каталог: files
files -> Оңтүстік Қазақстан облыстық «Отырар» ғылыми әмбебап кітапханасы
files -> Көркемсөз зергері
files -> Мұратбеков Сайын
files -> Литература по физико-математическим наукам
files -> Г. Д. Рыскелдиева Жинақта «Жаратылыстану гуманитарлық ғылымдары жəне олардың Қазақстан Республикасының индустриалды нновациялық даму бағдарламасын жүзеге асырудағы рөлі» атты
files -> Issn 2308-0590 Индекс 74661 редакциялық кеңес мағауин Мұхтар Қазақстанның халық жазушысы Ғарифолла Есім
files -> «Бекітемін» Алматы облысы білім басқармасының басшысы
files -> Хіх ғасырдағЫ Қазақ Әдебиетінің тарихы
files -> Бағдарламасы бойынша шығарылып отыр Редакция алқасы


Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет