ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
ӘДІЛЕТ МИНИСТРЛІГІ
|
|
МИНИСТЕРСТВО ЮСТИЦИИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
|
№ ____________________от «___» ___________ 201__года
Астана қаласы город Астана
Селекциялық жетiстiктердің, өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiнің,
тауар таңбалары және тауар шығарылған жерлердiң атауларының, интегралдық микросхемалар топологияларын тіркеу өтінімдеріне сараптама жасау қағидаларын бекіту туралы
«Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі Заңының 3-1 бабының 2-тармағының, 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі Патент Заңының 4-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына, «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» 1999 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының
3-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына, «Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының
2001 жылғы 29 маусымдағы Заңының 4-бабының 2) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Селекциялық жетістіктердің өтінімдеріне сараптама жасау қағидасы;
2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес Өнеркәсіптік меншік обектілерінің өтінімдеріне сараптама жасау қағидасы;
3) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес Тауар таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атауларының өтінімдеріне сараптама жасау қағидасы;
4) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес Интегралдық микросхемалар топологияларын тіркеу өтінімдеріне сараптама жасау қағидасы бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақша және орысша тілдерінде ресми жариялануы үшін және Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында оны ресми жариялағаннан кейін орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі
Достарыңызбен бөлісу: |