5-бөлім. Өтінім туралы мәліметтерді жариялау
24. Егер Мемкомиссиялармен жүргізілген сараптама нәтижесінде өтінілген селекциялық жетістік Заңның 4-бабымен көзделген патентке қабілеттілік шарттарына сәйкес келетіні айқындалса, Мемкомиссиялар сорт, тұқым сипатталған қорытындыны құрастырып, сараптама ұйымына қорытындыны үш данада, сорт немесе тұқым сипатталған екі данада жолдайды. Сараптама ұйымы Заңның 10-бабының 4-тармағына сәйкес он жұмыс күні ішінде патент беру туралы шешім қабылдайды және он жұмыс күні ішінде өтініш берушіні қабылданған шешім туралы хабардар етеді.
25. Егер Мемкомиссиялармен жүргізілген сараптама нәтижесінде өтінілген селекциялық жетістік Заңның 4-бабымен көзделген патентке қабілеттілік шарттарына сәйкес келетіні айқындалса, Мемкомиссиялар сорт, тұқым сипатталған қорытындыны құрастырып, сараптама ұйымына қорытындыны үш данада, сорт немесе тұқым сипатталған екі данада жолдайды. Сараптама ұйымы Заңның 10-бабының 4-тармағына сәйкес он жұмыс күні ішінде патент беру туралы шешім қабылдайды және он жұмыс күні ішінде өтініш берушіні қабылданған шешім туралы хабардар етеді.
26. Алдын ала сараптама нәтижесінде одан әрі қарау туралы шешім шығарылған өтінім туралы мәліметтерді жариялау Заңның 8-бабының 6-тармағына сәйкес шешімді қабылдаған күннен бір ай ішінде бюллетеньде жүргізіледі.
27. Өтінім туралы мәліметтерді жариялау кезінде сараптама ұйымы мемлекеттік және орыс тілдерінде келесі мәліметтерді жариялайды:
1) нөмірі және өтінімді беру күні;
2) егер өтінімде басымдықтың сараптама ұйымына берген күннен ерте күн бекітілсе, саелекциялық жетістіктің басымдығын бекітуге негіз болған стандартқа сәйкес нөмір, беру күні және өтінімді беру елінің коды;
автордың (авотрлардың) аты-жөні, егер ол (олар) сондай болып аталудан бас тартпаса;
3) өтініш берушінің аты-жөні немесе атауы;
4) стандартқа сәйкес (ДЗМҰ ST. 3) автордың (авторлардың) тұрғылықты жері елінің және өтініш берушінің тұрғылықты жерінің (орналасу орнының) коды (кодтары);
5) селекциялық жетістіктің атауы;
6) автордың жарияланатын мәліметтерде автор ретінде аталуынан бас тартуы осы мәліметтерді жариялау кезінде егер ол жариялауға техникалық дайындықтың аяқталғанына дейін берілсе, назарға алынады. Аталған бас тарту автормен аталған мерзім ішінде қайтарылып алынуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |