6-тарау. Тауардың шыққан жерінің атауына өтінімдерді қарау бойынша басқа да мәселелер
99. Тауар шығарылған жерлердің атауын тiркеу туралы өтiнiштi қарау және/немесе тауар шығарылған жердiң атауын пайдалану құқығын беру кезiнде өтiнiм берушi өтiнiм материалдарын мәнi бойынша өзгертпей толықтыруға, нақтылауға немесе түзетуге құқылы.
100. Өтiнiш материалдарына өзгерiстер, толықтырулар, түсiндiру және түзету (өзгерiстер енгiзу) туралы өтiнiш жазбаша нысанда жасалады және түпнұсқада берiледi. Өтініш берушінің немесе оның өкілінің атына беріледі және өтініштің нөмірін, өтініш берушінің атын, өтініште өзгертілетін мәліметтерді қамтуға тиіс.
101. Өтініш берушінің өтініміне өзгеріс енгізу туралы, оның ішінде атауын және/немесе өтініш берушінің өкілінің хат алмасу мекенжайы туралы ақпаратты өзгерту тауар шығарылған жердің атауын және/немесе тауар шығарылған жерлердiң атауларын пайдалану құқығын тіркеу мемлекеттiк тiзiлiмiнде сараптама жасау ұйымына тауар шығарылған жердің атауын тіркеуге дейін берілуі мүмкін.
Өтiнiшке:
жеке тұлғаның және/немесе оның тұрғылықты жерінің өзгергенін растайтын құжат немесе заңды тұлғаның және/немесе оның орналасқан жерінің атауы;
өзгерістер енгізу туралы сараптама ұйымының қызметтері үшін ақы төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
өкіл арқылы өтінім бойынша жұмыс істеген жағдайда сенімхаттың көшірмесі.
102. Өтінімге түзетулер мен толықтырулар енгізу, оның ішінде тауарлардың шығу тегі (шығарылған жері) (географиялық объектінің шекаралары), тауарлардың ерекше қасиеттері, сапасы, беделін немесе басқа да сипаттамаларын сипаттау туралы қателерді (қателерді) түзету туралы өтініш материалдары сараптама жасау ұйымына сараптама аяқталғанға дейін берілуі мүмкін.
Өтiнiшке:
енгізілген жаңартулармен жаңа өтінім бланкісі;
өзгерістер енгізу туралы сараптама ұйымының қызметтері үшін ақы төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
өкіл арқылы өтінім бойынша жұмыс істеген жағдайда сенімхаттың көшірмесі.
103. Егер өтiнiш осы талаптарды орындамаса, өзгерiстер енгiзу туралы өтiнiш қарауға қабылданбайды, ол жайында өтiнiш берушiге жазбаша түрде хабарланады.
Төлемді растайтын құжат болмаған жағдайда, өзгерістер енгізу туралы өтінішт қарауға қабылданбайды, ол жайында өтініш берушіге жазбаша түрде хабарланады.
104. Өзгерістер енгізу туралы өтініш сараптама жасау ұйымымен өтініш түскен күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде қаралуға тиіс. Өтініш берушінің барлық талаптарына сәйкес келетін өтінішін қарау нәтижесі өтініш беруші материалдарына енгізілген өзгерістер туралы өтінім берушіге хабарланады.