Қазақстан республикасы әділет министрлігі


-тарау. Топологияны тiркеу туралы



бет33/37
Дата29.09.2023
өлшемі305,47 Kb.
#111460
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37
Байланысты:
@8 07 07

3-тарау. Топологияны тiркеу туралы
куәлiктi алу бойынша iс жүргiзу

16. Өтiнiм бергеннен кейiн ол бойынша хат жазысу және өтiнiмдi қараған кезде өз мүддесiн қорғау үшiн өтiнiш берушi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ресiмделген сенiмхат бере отырып өкiл тағайындай алады.


17. Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде тұратын жеке тұлға немесе шетелдiк заңды тұлға топологияны тiркеу жөнiндегi iстi патенттiк сенiм бiлдiрушi арқылы жүргiзедi.
Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, бiрақ уақытша одан тыс жерде жүрген жеке тұлға, хат жазысу үшiн Қазақстан Республикасының шегiндегi мекенжайын көрсеткен жағдайда, топологияны тiркеуге байланысты iстi патенттiк сенiм бiлдiрушiсiз жүргiзе алады.
18. Хат жазысуды өтiнiш берушi немесе осыған уәкiлеттiк берiлген оның өкiлi әрбiр өтiнiм бойынша жеке жүргiзедi.
19. Өтiнiм берiлгеннен кейiн жiберiлген материалдарда, өтiнiштiң нөмiрi мен өтiнiш берушiнiң немесе оның өкiлiнiң қолы болуы тиiс, өзге жағдайда материалдар қараусыз қайтарылады.
20. Iс жүргiзу мемлекеттiк немесе орыс тiлiнде жүргiзiледi.
Кемшiлiктермен ресiмделiп ұсынылған, оқылуы қиын материалдар, қаралмайды. Осындай материалдарды берген тұлғаға тиiстi хабарлама жiберiледi.
21. Мәлiмет ресми бюллетеньге жарияланғанға дейiн өтiнiш берушi уәкiлеттi органның сұрауы бойынша немесе өзiнiң бастамасы бойынша өтiнiмнiң материалдарын толықтыруға, түзетуге және нақтылауға құқылы.
Түзетiлген материалдарды өтiнiш берушi алмастырушы парақтар түрiнде ұсынады.
Егер түзету жаңсақ басылуға, библиографиялық деректердi көрсетудегi қателiктерге және тағы басқаларға қатысты болса және құжатты түзету тiкелей көшiрме жасаған кезде нақтылыққа қатысты терiс салдарларға апарып соқпаса, түзету енгiзудiң қажеттiгi алмастырушы парақтарды ұсынбастан өтiнiш берушiнiң хатында бiлдiрiлуi мүмкiн.
4-тарау. Интегралдық схемалар топологиясына өтінімді қарастыру тәртібі

22. Егер өтiнiштiң келiп түскен материалдарында өтiнiш және сызбалар немесе топологияның көшiрмесi қамтылса, онда олардың келiп түскен күнi қойылып тiркеледi. Өтiнiшке уәкiлеттi органның кiрiс нөмiрi берiледi.


Өтiнiш материалдарының келiп түсуi туралы өтiнiш берушiге уәкiлеттi орган қойған деректемелермен (кiрiс нөмiрi және келiп түскен күнi) өтiнiштiң бiр данасын беру немесе жiберу жолымен хабарланады.
23. Өтiнiште қажеттi құжаттардың болуы мен оның қолданылып жүрген заңнаманың талаптарына сәйкестiгiн тексеру 5 жұмыс күні ішінде сараптама ұйымымен жүзеге асырады.
24. Өтiнiштi қарау кезiнде:
өтiнiште мазмұндалуға немесе оған қоса тiркелуге тиiс құжаттардың болуы;
өтiнiш құжаттарына қойылатын белгiленген талаптардың сақталуы тексерiледi;
өтiнiштi қарау топологияның түпнұсқалылығы, сонылығы, өтiнiш берушiнiң өтiнiште көрсетiлген мәлiметтердi немесе олардың дұрыстығын қорғауға құқығы тексерiлмей жүзеге асырылады.
25. Егер өтiнiмдi қарау процесiнде өтiнiш, заңнамада көзделген талаптардың бұзылуымен ресiмделгенi анықталса, өтiнiш берушiге анықталған кемшiлiктер көрсетiле отырып сұрау жiберiлген күннен үш ай iшiнде жоқ немесе түзетiлген құжаттарды ұсыну туралы сұрау салынады.
26. Өтініште осы Қағиданың 5-тармағында көрсетілген құжаттар болмаған жағдайда немесе құжаттарды ресiмдеуде, олардың тiкелей көшiрмеленуiне кедергi жасайтын кемшiлiктердiң анықталуы (беттердiң форматына, жиектердiң көлемiне қойылатын талаптардың бұзылуы өтiнiш материалдарын оқуды қиындататын басып шығару сапасы) топологияны тiркеу жүргiзiлмейдi және өтiнiм керi қайтарылды деп есептеледi.
27. Егер өтiнiштi қарау нәтижесiнде өтiнiштiң топология ретiнде қорғалмайтын объектiге жататыны анықталса, өтiнiш берушiге топологияны тiркеуден бас тартылғандығы туралы шешiм жiберiледi.

Интегралдық микросхемалар топологияларын тіркеуге


өтінімдерді сараптау қағидасына
1-қосымша
Нысан



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет