Тоғыспалы ассимилияция—морфемалар аралығында қатар келген дауыссыздарпдың алдыңғысының өзінен екейінгі дыбысқа акустикңалық жақтан, ал кейінгі дыбыстың алдыңғы дыбысқа артикуляциялық жақтан ықпал етуінің нәтижесінде екеуінің де алмасуға ұшырауын тоғыспалы ассимилияция дейміз. Яғни тоғыспалы ассимилияция кезінде көрші дауыссыздар әрі прогрессивті, әрі регрессивті ассимилияцияға бірдей ұшырайды. Бұл екі түрлі жағдайда ғана, оның өзінде сөз бен сөздің аралығында кездеседі.
Алдыңғы сөз үнді н дыбысына бітіп, кейінгі сөз қ немесе к қатаңдарынан басталса, онда нк және нқ түріндегі дыбыс тіркесі нғ, нг дыбыстарына алмасады.
Алдыңғы сөз с дыбысына бітіп, ткейінгі сөз ж дыбысынан басталса, онда бұлардың екеуі де ш дыбысыц мен алмасады.
Халық тілінде қос шқысқарып та айтылады: Қошан—Қосжан, Ешан—Ешжан.
Диссимилияция
Диссимилияция бір тектес дыбыстардың арасында болады. Біркелкі дыбыстардың немесе өз ара ұқсас дыбыстардың әр басқа дыбыстар немесе сәл ғана ұқсас дыбыстар болып өзгеруін айтамыз.( К.Аханов).Дыбыстардың комбинаторлық өзгерістерінің бір түрі ретінде қарастырылады. К.Аханов « Шығу төркінінеде молла түрінде дыбысталатын сөз қырғыз, қазақ тілдерінде молда түрінде айтылады. Бұл сөздің құрамындағы үнді л дыбысының ұяң д дыбысына айналуы да диссимилияция құбылысының нәтижесі» деп қарайды. Молда деп айту араб тілі үшін диссимилияция болар еді, ал біздің тіліміз үшін түсініксіз құбылыс емес, табиғизаңдылық болса керек. Тілдегі эпентеза, гаплология, метатеза құбылыстары осы диссимилияцияның негізінде пайда болған. ( С.Мырзабеков ). Диссимилияция—ассимилияцияға қарама-қарсы құбылыс. Ассимилияция құбылысы бойынша әр басқа дыбыстар біркелкі немесе өз ара ұқсас дыбыстар болып үндессе, диссимилияция құбылысы бойынша біркелкі немесе өз ара өте жақын, ұқсас дыбыстар әр басқа немесе өз ара ұқсастығы аз дыбыстар болып өзгереді. Мысалы, феврарь сөзінің февраль болып өзгеріп қалыптасуы осы аталған диссимилияция құбылысының нәтижесі. ( К.Аханов).
Қортынды
Қорыта айтқанда, тіл мәдениеті сөзді дұрыс дыбыстап айтудан басталады, ал орфоэпия- тілдің тірегі, сондықтан қазақ тілінің айтылымы туралы мәселелер тіліміздің табиғатына сай сингармонизм заңдылықтары аясында қарастырылуы керек.
Сингармонизм –тіліміздің тарихи дамуының нәтижесінде қалыптасқан заңдылық, өзге тілден ерекше етіп тұратын өзіндік жарасым. Тіліміздің табиғи жарасылымдығына ерін үндестігі де жатады. “Ерін үндестігі өткен ғасырлар ішіндекүшті болған, енді әлсіреп құрып барады ” ( Академик Н. Сауранбаев)
Біздің айтайын дегеніміз мынау. Орысша жақсы сөйлеймін деп мақтану керек емес, ойлаңқырау керек. Ана тілін жақсы біліп тұрып, бөтенше жақсы сөйлесең бұл сүйініш, ана тілін білмей тұрып, орысша жақсы сөйлесең бұл күйініш. Өз тілін білмей тұрып, жат тілді еліктей беруі зор қате. Бұл оқығандардың есінен шықпауы керек. Х.Досмұхамедов