Қазақстан Республикасы «Ғылым және Білім Министірлігі»


Дауыссыздар мен дауыстылардың үндесуі



бет11/15
Дата17.09.2022
өлшемі162 Kb.
#39329
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
аза стан Республикасы « ылым ж не Білім Министірлігі»

Дауыссыздар мен дауыстылардың үндесуі

Қазіргі қазақ тілінде б, в, г, ғ , д Ұяңдарынан басқа дауыссыздардың бәрі де сөзді аяқтап тұра алады және бұларға даустылардан басталатын қосымшалар ретіне қарай жалғана береді. Түбір соңындағы дауыссыздардың ішінде келесі морфеманың басында кездесетін дыбыстың сапасынан сергек қарайтын үш дзыбыс бар. Олар—қ, к, п. Түбір соңындағы қатаң қ, к, п дауыстыдан басталатын қосымша жалғағанда ұяңданып ғ, г, б дауыссыздарымен алмасады. Олар түбір мен қосымша аралығында. Бір қарағанда бұлжымастай көрінетін осы заңнан ауытқу да ұшырайды:


а) Еліктеуіштер бұл заңға илікпейді: жарқ етті, жарқыл, күңк етті.
ә) Екінші буынындағы қысаң дауыстылар түсіп қалған жағдайда. Үрік: үрк-ек, үрк-е, үрк-іп, үрк-у.
б) Сын есім тудыратын -ы жұрнағы жалғанғанда: қазақы қалмақы, тозақы.
в) Фамилияға -ов, -ев қосылғанда: Беков, Кеңесбаев.т.б.
г) Тәуелдік жалғауы жалғанғанда екі сөздің соңындағы п сақталады: тарапы, сапында.
Дауыстылардың регрессивті ықпалынан ұяңдайтын және бір қатаң дауыссыз бар, оның өзінде бір-ақ сөзде кездеседі: ренжі—рені-ші. Негізгі түбір етістіктердің соңы қатаң п дыбысына бітсе, оған көсемшенің -ып, іп жұрнағы жалғанған кезде ол үнді у дыбысына айналады. Тілімізде бып, біп, пып, піп тіркесімдері морфемалар жігінде де ұшырайды: қабы-п, қарбы-п, ілбі-п. Көсемше формалы негізгі етістікке жібер көмекші етістігі тіркескенде қатаң п-ның ұяндануы занды: жазыб-жібер—жазып-жібер, айтыбжібер—айтып жібер.
Қарапайым сөйлеу тілінде бұдан басқаша айту кездеседі:
а) Әлгіндей бунақта қатаң п және көмекші етістің құрамындағы қысаң і дыбысы мүлдем түсіп қалады: айтыжбер—айтып жібер, санажбер—санап жібер.
ә) негізгі етістік ұяң з-ға аяқталса, көсемшенің жұрнағы мүлдем түсіп қалады да, з регрессивті ықпалға ұшырап ж-ға айналады: жажжбер—жазып жібер, бұжжбер—бұзып жібер.
б) етістік с, сы-ға аяқталса с шы-ға жуықтайды: кешіжберші—кесіп жіберші, тошұжберші—тосып жіберші.
Тіпті соңғы буындағы дауыссыздың кейінгі сөздің басындағы дауыссызбен гүндесуіне де қысаңдар кедергі келтірмейді: қожжаурұн—қозы жаурын, еққыз—екі қыз. Ал екі сөздің қатаң к, қ-дан басталатын сөздермен үндесуі өз алдына: еккүн—екі күн, екқатар—екі қатар.
Ассимиляция

Ассимиляция-- морфемалардың жігіне көрші келген дауыссыздардың акустика-артикуляциялық жақтан біріне-бірінің ұқсауы, бейімделуі, өзара тріл табысуы. Бұлар да бірін-бірі дауыстының қатысы және артикуляциясы жағынан игеріп тұрады. Дауыссыз дыбыстардың бір-біріне ықпалын үшке бөліп қарауға болады:



  1. Прогрессивті ассимилияция

  2. Регрессивті ассимилияция

  3. Тоғыспалы ассимилияция





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет