Аккомодация Аккомадация—морфемалар жігінде қатар келген дауысты және дауыссыз дыбыстардың бір-біріне ықпал етіп, бейімделіп айтылуы. Дауыстылар мен дауыссыздардың және керісінше, дауыссыздардың дауыстылармен көрші тұруында тарихи дамудың нәтижесінде қалыптасқан заңдылық бар. Аккомодация құбылысында қазақ тілінде негізінен дауыстылар дауыссыздарға күштілік жасап, өз ықпалын жүргізеді, көбіне дауыстың қатысы және айтылуы жағынан өзіне бейімдеп тұрады. Дауыстың қатысы жағынан дауыссыздарды игеріп тұр деп түсіну керек. Дауыстылардың артикуляциялық жақтан әсері дегенде, әсіресе тілдің қалпы жағынан дауыссыздарға етер ықпалын айту керек. Яғни қазақ тілінде дауыссыздардың жуан не жіңішке болып айтылуы көбіне дауыстымен байланысты. Керісінше, дауыссыздар да дауыстыларға азды-көпті әсер етіп тұрады, алайда оларды өзгертуге күштері жете бермейді. Тек, қ,ғ дыбыстары өз маңында үнемі жуан дауыстылардың, ұруын талап етеді. Морфемалар жігінде дауыстылар мен дауыссыздар және керісінше дауыссыздар мен дауыстылар қатар келген кезде әрқашан дауыстылар күштілік жасайды да, аккомодациядағы ықпалдың түрідауыстының орын тәртібімен байланысты болады:
1. Дауысты мен дауыссыздың үндесуі ( прогрессивті аккомодация ).
2. Дауыссыздар мен дауыстылардың үндесуі ( регрессивті аккомодация).
Дауыстылар мен дауыссыздардың үндесуі
Сөздің соңғы дыбысы дауысты болса, онда оған жалғанатын қосымша тек дауыссыздардан басталады делінеді. Алайда кейбір оқулықтар мен ереже, зерттеулерде осы аксиомаға қайшы, жаңсақ пікірлер де кездеседі. Олар:
а) бу, су, ту, ми, қи, ине, биле, у, жуан, уық сөздерінің у, и әріптерін дауысты дыбыстар деп қарау.
ә) « ы, і дыбыстарына бітетін етістіктерге тұйық райдың у жұрнағы жалғанғанда і, ы дыбыстары түсіріліп жазылады ».
Алдыңғы морфеманың соңындағы дауыстылар мен көрші тұрып айтыла алатын дауыссыздар мыналар:
а) Үнді дауыссыздар.Әсіресе л, м, н, ң үнділерден жалғаулар да, жұрнақтар да басталады және олар дауыстылардан кейін еркін тұра бередітерезе-міз, терезе-лер, терезе-ңіз, терезе-ні, ойла-н, ал-ма.Ал р, й, у үнділерінен тек жұрнақтарғана басталады: ала-й, қара-у.Үнді дауыссыздар дауыстылар мен еркін қатар тұрып айтыла береді және ешқандай алмасуға ұшырамайды. Бұл қасиет олардың құрамында салдырдан гөрі дауыстың басым болуымен байланысты.
ә) Ұяңдардан тек г, ғ, д дыбыстарынан басталатын қосымшалар ғана дауыстылардан кейін тұра алады: терезе-ге, жылқы-ға, қала-ды. Ал сөз басында ұяңдардан кейін айтыла береді: қара белбеу, қара дауыл, қара вагон. б) Әдетте дауыстыға біткен сөздерге қатаң дуыссыздан басталатын қосымшалар жалғанбайды делінеді. Алайда с және ш қатаңдарынан басталатын қосымшалар бұл заңға көнбейді де, ретіне қарай дауыстымен көрші тұра береді. Олар: -сы, -сі, -сың, -сің, -сыз, сіз, -с, -са, -се, -сын, -сін, -шы, -ші, -ша, -ше, -ш, -шық, -шік.Сондай-ақ т қатаңынан басталатын бірер қосымша кездеседі: -т, -тай. Қатаң с және ш дауыссыздарынан басталатын қосымшаларды ерме қосымшалар дейміз. Соңы дауыстыға біткен сөздерге басқы дыбысы қатаңдардан басталатын қосымшалар жалғанбайдыдейтін қағида ең алдымен қатаң қ, к, п дыбыстарына негізделеді.