Сингорманизм Сингорманизм—түркі тілдерінде тән аса күшті заң. Осы уақытқа дейін сингорманизм дауысты дыбыстардың үндесуі немесе буын үндестігі делініп келді.Түбірдегі дауысты жуан болуына қарай оған тікелей көршілес қосымшадағы дауысты да тиісінше жуан болуы алдындағы өзімен тетелес қосымшамен байланысты; біртіндеп, сатылап барып бір буын екінші буынды ілестірумен барабар, сөздегі барлық буындарға арқау түбірдің дауыстысы. Яғни қосымшадағы дауыстының сипаты түбірдегі дауыстыға байланысты, бірімен бірі үндесіп тұрады. Ә.Жүнісбеков сингорманизмнің басты фонологиялық қызметі—қазақ сөзінің өн бойында біркелкі тембірдің сақталуында. Бұлай болмаған жағдайда сөз құлаққа жағымсыз естіліп, қабылдауды, түсінуді қиындатады.
Индоевропа тілдеріндегі фонологиялық конститутивтік қызметін түркі тілдерінде свингорманизм атқарады. Байырғы қазақ сөздері мынадай сингармониялық белгілерімен ажырайды.
жуан езулік—жіңішке езулік: тыс-тіс, бас-бәс.
Жіңішке еріндік—жіңішке езулік: өн-ін, түр-тер, өт-ет.
Жіңішке еріндік—жуан езулік: түс-тас, өр-ар, өт-ат.
Бұдан тіл және ерін сингармонизмдерінің сөз мағынасын ажыратудағы қызметінің бірдей екендігі байқалады. Дауыстылардың сингармотиптеріжақтың қызметіне сай келеді де, үш түрлі болады. 1) қысаң дауыстылар ( ДҚ ); 2) Ашықтар ( ДА ); 3) дифтонгілер ( ДД ). Бұлар—сингармобуын деңгейінде өзара қарсы қоюарқылы ажыратылатын дауыстылардың топтары.
Тіл үндестігі Дауыстылардың тілдің қызметіне орай бір сөз көлемінде не біріңғай жуан, не біріңғай жіңішке ыңғайласып, үйлесіп келуін тіл үндестігі дейді. Тіл үндестігінің өзін екіге бөліп қарау керек болады: Түбір тұрғысынан және түбір мен қосымшалардың ара қатысы тұрғысынан. Қазіргі қазақ тілінде түбір сөздер буын құрамына қарай көбіне бір буынды, екі буынды, үш буынды, қала берді төрт-бес буынды болады. Соның өзінде көп буынды түбірлер—негізінен кірме сөздер. Түбір мен қосымшалардың арақатынасы тұрғысынан қазіргі қазақ тіліндегі қосымшалар түбірдің соңғы буынына толық тәуелді болады. Яғни түбірдің соңғы буыны жуан болса, қосымшалар да жуан буынды болады: мал-шы-лар-ымыз-дың, қа-ла-мыз-да.т.б. Соңғы жіңішке буынды түбірге жалғанатын қосымша да жіңішке буынды болып келеді: ес-іміз-де, пионер-лер-дің, дәптер-лер-дің.т.б. Қосымшалардың ішінде түбірдің соңғы буынына тәуелді болмай, өз қалпын әрқашан сақтап тұратын қосымшалар да кездеседі. Олар: