Қазақстан Республикасы «Ғылым және Білім Министірлігі»



бет5/15
Дата17.09.2022
өлшемі162 Kb.
#39329
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
аза стан Республикасы « ылым ж не Білім Министірлігі»

Ықпалдардың түрлері

Үндестік заңы көрші дыбыстар мен буындардың бір-біріне ықпал етіп,бірінің екіншісіне бейімделіп тұруына негізделеді. Ықпал негізінен морфема мен морфеманың аралығындақатар келген дыбыстар мен буындардың арасында болады. Дыбыстардың бір-біріне етер ықпалы негізінен екі түрлі болады:


а) акустикалық – дауыс қатысына қарай;
ә) артикуляциялық – айтылу орнына қарай.
Қазақ тілінде морфемалар жапсарында қатар келген дыбыстардың көбіне алдыңғысы кейінгісіне дауыс қатысы жағынан ықпал етіп, өзіне бағындырып тұрады. Мұндайда дыбыстардың күшті не әлсіз болуы ондағы дауыстының мөлшеріне байланысты. Дауыстылар тоннан жасалатындықтан, әрқащан да басқа дыбыстарға ықпалын жүргізеді. Бұл жағынан үнділер де қалыспайды. Олар да дауыстылар секілді үнсіз дауыссыздарға күштілік жасайды. Дауыс қатысы жағынан әлсізі – үнсіз дауыссыздар. Сөйте тұра, қатаңдар мен ұяңдар қатаңданып, кейде қатаңдар ұяңданып кетуге мәжбүр.
Көрші дыбыстардың бірі игеріп, екіншісі соның ықпалына көніп, игеріліп тұрады. Игерудің өзі екі түрде болады:
а) толық игерудәл өзіндей ету; ат-ты, кес-се, ашшы ( ас-шы ),ашша ( аш-са ), жүжжыл ( жүз жыл ).т.б.
б) жартылай игеру — өзіне жуықтату — бейімдеу: ат-қа, кес-ті, қап-қа, аш-ты, жаз-ды.т.б.
Игеретін дыбыстың орын тәртібіне қарай қазақ тілінде дыбыстардың бір-біріне ықпалы үш түрлі болады.

  1. Ілгерінді ықпал ( прогрессивті) — алдыңғы тұрған дыбыстың кейінгі дыбысқа әсер етіп, өзіне ұқсатып алу.Көрші дыбыстардың алдыңғысы кейінгісін үнемі дауыс қатысы жағынан тәуелді етіп, игеріп тұрады. Мысалы, алыппер—алып бер, тапу—табу.т.б.

  2. Кейінді ықпал ( регрессивті ) – сөз бен қосымша немесе сөз бен сөздің арасындағы кейінгі дыбыстың өзінің алдында тұрған дыбысқа әсер етіп, ұқсатып алуы.Соңы қ, к, п қатандарына біткен сөздерге дауыстыдан басталатын қосымша жалғанғанда әлсіз қатаңдар күшті дауыстылардың регрессивті ықпалына ұшырайды: тарағы—тарақ-ы, күрегі—күрек-і т.б.Регрессивті ықпал күрделі сөздердің буындары арасында жиі кездеседі: бүгі—бұл күн, сөйтіп—солай етіп, ышқыр—іш құр.т.б.Дыбыстар акустикалық жақтан үндескенімен, артикуляциясы жағынан үйлеспей қалуы мүмкін. Мұны ілгерінді ықпал реттейді: сөшшең—сөз-шең, сөжжоқ—сөз-жоқ, жамбады—жан-бады.т.б.



  3. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет