1.1 Ағылшын тілінен қазақ тіліне аудару мәселелері мен оның сапасы Ағылшын тілінен тікелей қазақ тіліне аудару 1960 жылы басталды. Бұл құбылысты ғылыми зерттеу ХХ ғасырда басталған. Оған А. Байтұрсынов, А.Х. Марғұлан, М.О. Әуезов, Ш.К. Сатпаева сияқты ғалымдар мол үлес қосты. Қазақ – ағылшын байланысына бірінші болып қазақ ғалымы – Ш. Уәлиханов, одан кейін – ойшыл А. Құнанбаев және Ы. Алтынсариндер назар аударған. Ұлы ақын және ойшыл Абай ағылшын философы Дж. Г. Байронның шығармаларын Пушкин, Лермонтов аудармаларынан білген және кейбір жекелеген аудармаларын қазақ тіліне аударып, өз халқының игілігіне айналдырды. Қазақ әдебиетінде жиырмасыншы жылдардың өзінде ағылшын әдебиетіне көңіл аударылып, оның ішінде Шекспир драмалары алғаш болып аударыла бастады [1, 145 б.]. Қазақшаға 1927 жылы Д. Лондонның, Р. Киплингтің әңгімелері, 1932 жылы Әлкей Марғұланның аударған Ч. Диккенстің «Бастелле тұтқыны», Шекспир трагедиялары, Д. Свифттің «Гулливер Лилипуттар арасында» - атты шығармалары аударылды. Барлық шет ел жазушылары шығармаларының қазақша аудармалары жанама аудармаға жатады. Ал, жанама аудармалар тікелей аударманың аудармасы болып табылады.
Ағылшын тілінен қазақ тіліне тек көркем әдебиеттер ғана емес, сондай-ақ, ғылыми мәтіндер, ресми іс-қағаздар, терминдер, әдеби шығармалар, балалар әдебиеті, интернет контенттер, ғылыми басылымдар, оқулықтар, фильмдер, анимациялық фильмдерді аудару үлкен белең алды. Әрине, осындай салаларды аудару барысында аудармашының түпнұсқа сапасын сақтай отырып, түрлі мәселелерге бетпе-бет келетіні сөзсіз.
Ғалымдардың айтуы бойынша аудармаға әрқашан өзіне тән ерекше талаптар қою мен қатар қыры мен сырын аша білу қажет. Мәселен, көркем әдебиет аудармасының өз мәтініне сөз қосамын деп негізгі ойдан ауытқып кетуге, ал түпнұсқаны сөзбе-сөз келтіремін деп ұғымсыз да мазмұнсыз етіп қоюға болмайтындығы жайлы ғалымдардың ойы бір. Аудармаға қойылатын талаптардың бірі – алғашқы шығармадағы тілдік, стильдік ерекшеліктерді ескеріп, оның әдеби-көркемдік, идеялық қасиеттерін толық жеткізу болатыны даусыз. Бұдан аудармашыға түпнұсқаның мағынасы мен көркемдігімен қатар беру талабы туындайды. Кейбір кездерде аудару барысында қандай да бір лексикалық бөліктің дәл аудармасы болмай жататын кездер де кездеседі. Сол кездерде көбінесе дәнекер тіл қолданылады. Мәселен, ағылшын тіліндегі мәтінді қазақ тіліне аударуда қандай да бір сөздің дәлме-дәл аудармасы болғанымен мазмұны сәл өзгеріске ұшырап, реңкі жоғалады. Осындай жағдайларда дәнекер тіл қажет болады. Біздің жағдайымызда бұл тіл орыс тілі болып табылады. Әсіресе біздің қарастырғалы отырған көркем әдебиет аудармаларында кездеседі. Көркем аудармада басты мәселе шығарманың құрылымымен қатар мағынасын, құрылысын, эстетикалық әсерін сақтап қалу болады. Көркем әдебиет аудармасында бірқатар ерекшеліктері болады, соның біріншісі мен маңыздысы – тікелей еместік. Көркем әдебиетті аудару барысында, техникалық аудармаға қарағанда нақтылықтылыққа аса назар аудару қателік болып табылады. Себебі қөркем әдебиетті аудару бұл еркін де азат аударма болып келеді. Маңыздысы мазмұны толығымен сақтала отырып аударылуы қажет [2, 235 б.]. Мәселен, кейбір қазақ тіліндегі фразеологиялық бірліктердің ағылшын тіліндегі дәлме-дәл аудармасы мәтіннің мазмұның бұрмалап, мағынасын бере алмауы мүмкін, сондықтан да аудармашыға оның баламасын қолдануға тура келеді. Енді бір негізгі ерекшеліктерінің бірі – аударылған әдебиеттің әсері түпнұсқаның әсеріндей болуы тиіс, яғни оқырман бірінші мәтінде қандай сезім мен эмоциялар алса, аударылған мәтін оқырманы да сондай әсер алуы тиіс. Көркем әдебиетті аударудың тағы бір ерекшелігі – кезең дәуірінің мәдениетіне сай келетін стилін сақтап қалу.
Аударматанудағы күні бүгінге дейін толығымен шешіле алмай келе жатқан мәселелердің бірі – термин сөздері.Терминдер – өзіндік құрылымдық, семантикалық, деривациялық, функционалдық ерекшеліктері бар тілдің ерекше категориясы. Аталған ерекшеліктерді ескерусіз термин жасау, басқа тілден терминдер алу, калькалау, терминдерді ұтымды қолдану мүмкін емес. Терминдер адам қызметінің ерекше түрін атап көрсететін болса, ең алдымен, ғылыми, кәсіби деңгейлерін айқындайды.Аудармашы шетел терминологиясын жақсы білумен қатар, тілде орынды, дұрыс пайдаланатын баламалы ұлттық термин табуы тиіс.Ұлттық тілдің бай сөздік қорын жете меңгеру терминнің сапалы аударылуына септігін тигізеді. Термин ережесі бойынша, басқа тілде де соған сәйкес терминмен аударылады.Сондықтан да ұқсас мағынадағы балама табу, синонимдік ауыстыру қолданылады. Сипаттамалы аударма тілде сәйкес терминдер жоқ жағдайда жасалады. Дәл және анық семантикалық сипаттағы бір мағыналы терминдермен бірге көп мағыналы терминдер де болады. Бір сыңарлы терминдердің көпмағыналылығы оларды түсіну және аудару қиындығын тудырады, ал оған балама табу толығымен алғанда мәнмәтін жағдайына байланысты. Қорытындылай келе, термин арнайы бір салаға пайдалану таңбасы ретінде мағына мен мазмұн жоспарынан тұрады.Соңғы кездері тіл біліміндегі терминдер ғылыми ойдың дамуына байланысты одан әрі дамып, толыға түсуде. Алайда бұл салада атқарылатын істер аз емес. Ғылыми ұғымдардың қазақ тілінде мағынасын терең ашып жеткізетін және өзі жатық, құлаққа жағымды, көпшілік жақсы қабылдайтын терминдерді әлі де көптеп қалыптастыру қажеттігі бүгін өмір талабынан туып отыр [3, 49-54 б].
Балалар әдебиетін аударудың ерекшелігі әртүрлі аудиторияны мақсаттаумен байланысты. Сондықтан әр жас кезеңіндегі топтардың әлемді қабылдауы, түсінуі мен хабардарлығына сәйкес аудару қажет. Балалар әдебиетін аудармашы тап болатын көптеген мәселелер бар. Бір жағынан, алғышарт - шығарманың мәні мен идеясын дәл жеткізу. Екінші жағынан, аудармашы «формальді әріптен» аулақ болу керек. Сонымен бірге түпнұсқа мәтінімен «еркіндікке қол жеткізу» мүмкін емес. Аударма түпнұсқа дереккөзінің ұлттық бояуымен қаныққан болуы керек, бұл шет тілді оқырманға аударылған автор стилінің өзіндік ерекшелігін ұсынуға мүмкіндік береді. Аудармашыға суреттерді сенімді түрде жеткізіп қана қоймай, аударма тілінің лингвистикалық құралдарын қолдана отырып, оларды түпнұсқаға сәйкес қызықты әрі айқын етіп жасау қажет. Сонымен бірге аудармашы жалпы тіркестерді, немқұрайлылық пен тілдің қарабайырлығын қолданудан аулақ болу керек [4, 136-142 б. ].
Балалар әдебиеті аудармасының тағы бір нақты компоненті «оқылымдылық» деп аталады. Аудармашы қайталануларды, рифма мен ономатопеяны, егер бар болса, балаларға арналған мәтінмен шебер жеткізуі керек. Бұл мәтіндер аудармашыдан лингвистикалық шығармашылықты қажет етеді және әрдайым сөзбе-сөз берілмейді:
"Hush!" said Owl to Eeyore. "Hush!" said Eeyore in a terrible voice to all Rabbit's friends-and-relations. Ойсыз зерсіз жасалған аударма кез келген тіпті жоғары деңгейде жазылған туындының беделін түсіріп жібереді. Қазіргі кезде мұндай жауапкершілігі мол іспен шұғылданатын азаматтардың алдында тұрған ең басты мақсат - ол аудармаға өнер деп қарау. Мұндай қиын да күрделі іске тілді аз-маз білетін әлдекімнің қолынан келетін іс деп білуден пайда болған немесе бір жақты лингвистикалық көркем аударма жасау бел алғандық әсерін тигізіп отыр.
Осы арада белгілі орыс жазушысы Л. С. Соболевтің мынадай сөзін айта кеткен жөн: «Егер орыс прозаигі, драматургі немесе ақыны әдебиетін орыс тіліне аударып отырған халыққа жанымен берілген болса, егер сол халықтың тарихын, дәстүрін, негізгі жұмысын, салтын жақсы білсе табиғатын сүйсе, осы халықты сезінсе, онда аударма ісінің нәтижесі де керемет болмақ. Ал енді аудармашы таланты жоқ немесе кәсіби қабілеті нашар адам болса, онда оның «география" тілді білуінен пайда жоқ [5, 98 б.].
Ал керісінше, аудармашы талантты, аудармашылығымен не ұлттық топырақты, не ұлттық тілді білмесе түп нұсқаның рухына кінәрат тимей қоймайды. Мұндайда аудармашыға ауадай қажет бірнеше қағиданы ескеру керек:
- Аудармашыға шығармашылық талант қажет.
- Екі тілді және халық тарихын, тұрмысын, мәдениетін білу қажет
- Аудармашы жазушының даралығын білу қажет.
- Кез-келген ресми іс-қағаздар немесе ғылыми мәтіндерді, кино, фильм
және анимациялық фильмдерді, тағы сол сияқты белгілі бір жанрды сапалы тәржімалау үшін аудармашы жан жақты болуы тиіс екенінің тағы бір дәлелі.