Қазақстан республикасы ғылым және білім министрлігі


Зерттеу жұмысының материалдары



бет3/11
Дата09.02.2023
өлшемі263 Kb.
#66427
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Зерттеу жұмысының материалдары. Зерттеу жұмысында С.Жүнісовтің
Көп томдық шығармалар жинағығағ (Алматы, 2005) «Ажар мен Ажал», «Қызым, саған айтам...», «Тұтқындар», «Қысылғаннан қыз болдық», «Қылмыскер», «Қос анар» т.б. шығармалары тілдік материал ретінде алынып талданды.
Зерттеудің әдістері мен әдіснамасы. Зерттеу жұмысында лингвостилистикалық талдау жүргізілді. Курстық жұмысында сипаттау, жүйелеу, стильдік және концептуалды талдау, тұжырымдау, т.б. әдістер қолданылды.
Жұмыстың ғылыми негізі ретінде отандық ғалымдардың А.Байтұрсынов, Ғ.Мұсабаев, З.Қабдолов, Қ.Жұмалиев, Ә.Болғанбаев, К.Аханов, ІӘ.Қайдар, Е.Жанпейісов, Р.Сыздық, М.Серғалиев, Х.Кәрімов, Б.Хасанов, Б.Шалабай, Г.Смағұлова, Р.Әміров, Ж.Жақыпов, Г.Мұратова т.б. ғалымдардың теориялық тұжырымдары басшылыққа алынды.
Зерттеудің теориялық және практикалық мәні. Қазіргі тіл білімінде ерекше көңіл бөлініп отырған сала – көркем әдебиет пен оның стилі, жекелеген қаламгердің сөз саптамы, яғни сөз зергерлерінің шеберлігі. Көркем шығарма тілін зерттеу, проза тілінің көркемдігін лингвистикалық тұрғыда танытудың маңызы зор. Жұмыстың практикалық мәні жоғарғы оқу орындарында қазақ тілінің стилистикасын, көркем мәтінді лингвостилистикалық талдау, тіл мәдениеті, әдебиет теориясы және т.б. элективті сабақтарда, оқу-әдістемелік құралдарды құрастыруда пайдалануға болады.
Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар:

– көнерген сөздер әлеуметтік ортаны, белгілі бір дәуірді сипаттау үшін тиімді қолданылған;
- С.Жүнісовтің драмалық шығармаларындағы көркемдеуіш-бейнелеуіш құралдар стильдік тұрғыда шебер қолданылған;

ұғымдар ретінде танылып, ұлттық мәдени өмірмен байланыстыра берілген.
Зерттеу жұмысының құрылымы.
Курстық жұмыс кіріспеден, бір тараудан және қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет