Қазақстан республикасы ғылым және білім министрлігі


С.ЖҮНІСОВТІҢ ДРАМАЛЫҚ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ЖӘНЕ ТАНЫМДЫҚ СИПАТЫ



бет4/11
Дата09.02.2023
өлшемі263 Kb.
#66427
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
1 С.ЖҮНІСОВТІҢ ДРАМАЛЫҚ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ЖӘНЕ ТАНЫМДЫҚ СИПАТЫ
1.1 Драмалық туындылардағы кейіпкерлер тілінің қызметі
Драматургия тілі функциональды стиль сияқты жазба тіл мен ауызекі тілі аралығын қамтиды. «Егер менен, драмада ең басты нәрсе не деп сұраса, тіл - дер едім. Тіл – драмалық шығарманың өзіндік қасиетін білдіретін басты қаруы; оның қуаттылығы да, әлсіздігі де тілінен көрінеді», - деп жазды аса көрнекті драматург К.Тренев [1, 561 б.] Драмалық туындылар театрдың сахнасында қойылатындықтан, олар кейіпкердің психологиялық жақтарын да көрсетуі керек және көрерменінің сезіміне әсер ету үшін жазылады.
Драматург үшін мінездің сан қырлылығын, жан-жақты сипатын ашып беру жеңіл жүк емес және драматургке керекті нәрсенің бірі – сахнада жүріп жатқан іс-әрекетке көрермен назарының үнемі болуы. Ежелгі грек елінде халықтық ойын-сауық ретінде туып, дамыған драма және театр қазіргі уақытта мемлекеттік көлемдегі әлеуметтік институт деңгейіне дейін көтерілгені мәлім, оның ықпалы қоғамдық пікірге де әсер етеді. Драманың әлеуметтік мәні – оның қоғамға арналуы. Драма сондай-ақ әдеби туынды ретінде танымдық қызметті де орындайды. Әлеуметтік маңызды тақырыптар мен жағдайларды қозғайтындықтан ақпараттық қызметі де бар [2, 16 б.]. Сахнадағы болып жатқан іс-әрекет пен сөз құдіретінің көрерменге эмоционалды және эстетикалық тұрғыда әсер етуінің күші жоғары, осыдан драманың эстетикалық қызметі мен әсер ету қызметі (прагматикалық) туындайды. Әсер ету қызметіне тәрбиелік қызмет негізделеді. Әрине, бұл мемлекетті бей-жай қалдырмайды, мемлекет театр мен драманың дамуына назар аударып, жағдай жасары анық.
Драманың прозадан айырмашылығы ойланып, қорытынды жасау – көрерменнің немесе оқырманның еншісінде.
Зерттеуші С.А.Шульц драманың өзара тығыз байланыстағы және бірімен бірі өзара бағынышты төмендегідей факторларын санамалап көрсетеді:

  • қарама-қайшылыққа толы өнердің нақты бір тарихи идеясы бар (жанрдың

эстетикалық және аксиологиялық жағы), берілген жанрды айқындайды;

  • автордың бейнесі (әділдігі/біржақтылығы; белсенділігі/селқостығы;

кейіпкерлеріне деген қарым-қатынасы; көркем тұтастықты аяқтаудағы оның рөлі мен тебіренісі);

беретін әсерлілігі; көпшіліктің жалпы талқылауына түсуі);

  • диалог, мұнда кейіпкерлер тек «тілдесіп» қана қоймайды, автор көмегінсіз

өздерін әр қырынан көрсетіп, мінез-құлықтарын барынша ашып тұтас ұсынады (кейіпкерлердің тілдік тұрғыда ашылуы, көріністің берілуіндегі сахнаның және басқа да кейіпкерлердің, автордың рөлі; диалог және іс-әрекет пен оқиғалардың жалпы үйлесімі арасындағы қақтығыстың сапасы);

  • хронотоп (кеңістікті-уақыт өлшемі немесе сахна);

  • тартыс – іс-әрекеттің негізгі қозғаушысы (тарихи, ішкі және сыртқы мәні;

кейіпкерлердің тартысты сезінуі; сюжет арқылы тартыстың көрінуі немесе тартыс арқылы сюжеттің көрінуі);
-бейнелі әлем (іс-әрекетке қатысты сын-пікірдің сапасы мен деңгейі; бейненің символ және аллегория болып берілуі; тұлғаның бейнелі әлемдегі алатын орны; «тілдік бейне») [3, 18 б.].
Драмалық мәтіннің негізгі ерекшелігі – көркем мәтінді құрайтын пьесадағы кейіпкерлердің диалогы мен монологы. Драмалық мәтіннің басты мақсаты – қойылым ретінде сахнада жүріп жатса, осы көркем дүниені эстетикалық тұрғыда көрерменіне бағыттау. Ал драмалық мәтінді оқып отырған оқырман үшін, оған осы көркем дүние оның көз алдында өтіп жатқандай әсер алатын тұрғыда жеткізу болып табылады. Сахнада іс-әрекетке қатысушы кейіпкердің бірінің екінші кейіпкерге тілдік тұрғыда бағыттала айтылған көркем ақпаратының басты мақсаты – көрерменге жету. Сондықтан да кейіпкерлердің тіліндегі тілдің барлық қабаттары эмоционалды-экспрессивті жүк көтеріп тұрады.
Драмалық шығармалардағы кейіпкерлердің тілдік іс-әрекеттері әдебиетшілер мен театртанушыларды қызықтыратыны анық. Драмалық мәтіндегі кейіпкерлердің диалогы мен монологына қарағанда басқа элементтер (ремарка, әрекетке қатысушылардың тізімі, т.б.) қосалқы болып саналады. Әдебиеттанушыларды ең алдымен көркем бейне жүйесі, олардың даму әрекеті, драматургтің этикалық және эстетикалық көзқарасының берілуі, әдеби дәстүрмен байланысы қызықтыраты. Ал театр танушыларды тартыс тудыратын дрмамтургиялық әрекеттің сипаты, пьеса мен осы пьеса бойынша қойылып жатқан қойылымның арасындағы өзара байланыс мәселелері қызықтырады, ал тіл білімі мамандары драмадағы кейіпкерлердің тілдік іс-әрекетін лексика-семантикалық, морфологиялық және синтаксистік деңгейде анықтау үшін зерттеу материалы ретінде қарастырады.
Драмалық шығармалардың табиғаты соншалықты күрделі. Автордың драмада көрсетпек болған әр түрлі образдар жүйесі, шығармаға желі болған жалпы композициялық тұтастық – тек тілдік құралдар арқылы ғана беріледі. Кейіпкерлер тіліндегі жеке сөздер мен тұлғалар әр түрлі стильдік жүк арқалайды.
Шығарма тілі туралы В.Белинскиий былай дейді: «Көркем әдебиеттің бояуы да үні де, ... бәрі де – тіл. Ал тіл ең қажет қасиет – суреттілік». Көркем шығарма тілі оқырманының көкейіне қонымды, жалпыға түсінікті, бояуы қанық та шынайы болса құнды болатыны және ұзақ жасайтыны белгілі. Драмалық шығармалардың құндылығы оның тілінде, жазылу мәнерінде екені түсінікті. Ал қаламгердің өзіндік мәнерін, қолтаңбасын танытатын бірден-бір құрал – сөз, сөз қолданысы екені мәлім. Драмадағы кейіпкердің тілінен оның жалпы мәдениет, білім дәрежесі, сондай-ақ әлеуметтік деңгейі, қоғамда алатын орны, кәсібі байқалады. Драмалық шығармалардағы кейіпкерлердің тіліндегі ерекшеліктің бірі – монологтың берілуінде. Эпикалық шығармаларда автор өз кейіпкерлерінің іс-әрекеттерін, олардың ішкі жан-дүниесін, сезімдерін өз тарапынан қалауынша түсіндіре алады және олардың өткен өміріне де шегініс жасап суреттейтін мүмкіндігі бар. Ал драматург үшін бәрі – іс-әркетет те, шығарманың көлемі де шектеулі.
Драмалық шығармалардағы кейіпкерлер тілі іс-әрекетінің бірнеше қызметі бар[4, 10 б.]. Көркем тілдік қатынасты жүзеге асыруда драманың маңызы зор, бұдан ең негізгі қызметі – коммуникативті-прагматикалық қызметі келіп шығады. Бұл эстетикалық тұрғыда көрермені мен оқырманына әсер етеді.
Драмалық шығармадағы кейіпкерлер тілінің конструктивті қызметі кейіпкерлер тілінің құрылымына, яғни диалог пен монологтан тұратынына негізделеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет