4-6 модульдердің қорытындысы бойынша максималды 100 балл шегінде 2-межелік бақылау балы жинақталады
3. АҒЫМДЫҚ БАҒАЛАУ Білім алушы «Univer» жүйесі арқылы модуль бойынша әр аптаға жүктелген тақырыптармен жұмыс жасайды. Білім алушының оқу жетістіктері силлабустағы әр модуль бойынша көрсетілген балл шегінде бағаланады. Бақылау модульдер аяқталған апталарда жүргізіліп, «Univer» жүйесіндегі журналға білім алушының тиісті балы енгізіледі.
4. АРАЛЫҚ БАҚЫЛАУ ФОРМАТЫ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙЛЕРІ Аралық бақылау әрқайсысы 50 сұрақтан тұратын тест тапсырмасы 2-нұсқада дайындалады. Әр дұрыс жауап 2 баллмен бағаланады.
5. АРАЛЫҚ БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ (емтихан) https //univer.arsu.kz\
6. КУРСТЫҢ АКАДЕМИЯЛЫҚ САЯСАТЫ (оқытушының талабы мен университеттің академиялық адалдық кодексі принциптері сақталуы тиіс).
http://zhubanov.edu.kz/ru/pages/bilim/universitettin-akademiyalyk-sayasaty/akademiyalyk-adaldyk-erezhesi.php
Білім алушы, сабақтан кешікпеңіз және дәлелсіз сабақтан қалмаңыз;
силлабуста көрсетілген әр модульдегі тапсырмаларды уақытында орындаңыз;
БОӨЖ және БӨЖ тапсырмаларын орындағанда әртүрлі дерек көздерін пайдаланыңыз және өз көзқарасыңызды білдіріңіз;
өз жұмысыңызды басқа білім алушының көшіріп алуына жол бермеңіз. Егер көшіріп алған жағдайда ешкімге балл қойылмайды;
емтихан кезінде телефон немесе шпаргалка пайдалануға болмайды. Егер осы талапты орындамаған жағдайда аудиториядан шығарыласыз немесе қойылған бағаның күші жойылады;
оқу үрдісі кезінде тәртіп бұзуға және басқа білім алушыларға кедергі жасауға болмайды;
силлабустағы әр модульге белгіленген балл мөлшері бойынша баға модульге берілген апта ішінде ағымдық бағалау критерийлеріне сәйкес қойылады. Айталық, модульде 30 балл болса, дәрістегі белсенділігіңізге 5 балл, практикалық сабақтағы тапсырмаларды дұрыс түсініп, талдай білгеніңізге 15 балл, БОӨЖ және БӨЖ тапсырмаларын орындағаныңыз үшін 10 балл қойылады. Егер модульде 40 балл болса, дәрістегі белсенділігіңізге 5 балл, практикалық сабақтағы тапсырмаларды дұрыс түсініп, талдай білгеніңізге 20 балл, БОӨЖ және БӨЖ тапсырмаларын орындағаныңыз үшін 15 балл қойылады.
- Дәріс сабағы конференция, семинар, пікірталас формасында ұйымдастырылады; практикалық сабақтары белсенді оқыту әдістерін қолдану арқылы ұйымдастырылады; БОӨЖ және БӨЖ тапсырмалары презентация, баяндама, эссе, реферат формаларында қабылданады.