берген жауаптарын стилистикалық сауатты, логикалық дұрыс ашқан;
теориялық ережелерді нақты мысалдармен келтіре білген;
ғылыми терминологияны тура қолдануды толық көрсеткен
тәжірибелік тапсырманы толық көлемінде, шығармашылық жолын қолданып орындаған
B
баяндауда жауаптың логикалық және ақпараттық мазмұнын бұрмаламайтын бірнеше қателіктер жіберілген;
жауаптың негізгі мазмұнын баяндауда бір-екі кемшіліктер жіберілген.
C
тәжірибелік тапсырманы орындау кезінде немесе теорияны жаңа жағдайда қолдана алмаған.
D
терминдерді пайдалану кезінде түсініктерді анықтауда қателіктер жіберген.
F
білім алушының тексеріліп отырған пән бойынша міндетті білімі мен машықтарының толығымен жоқтығы байқалады.
Жиынтық бағалау: Сіздің қорытынды баға мына формула бойынша есептеледі: (АБ1+АБ2) 0,3 + емт 0,4
3. Академиялық курстың презентациясы Оқу курсының түрі: КВ
«Логопедия және мектепке дейінгі логопедия» пәнінің мақсаты студенттердің «логопедия» ғылымының даму тарихы; сөйлеу тілінің бұзылыстары, түрлері, сөйлеу тілінің қалыптасу жолдары мен зандылықтары; сөйлеу тілінің дамуындағы бұзылыстардың себептері мен тетіктері; тіл бұзылыстарының баланың жалпы психикалық дамуына тигізетін әсері, сөйлеу тілінің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері және бұзылу жағдайында олардың өзгеруі, сөйлеу тілі бұзылған балаларды тексеру әдістері, ЕББҚ әртүрлі категориядағы балалардың сөйлеу тілінің ерекшеліктері туралы, мектепке дейінгі балалармен логопедиялық жұмыстың ерекшеліктері туралы білімдерін, түсініктерін қалыптастыру болып табылады. «Логопедия және мектепке дейінгі логопедия» пәннің негізгі міндеттері білім беру бағдарламасы бойынша оқытудың мынадай нәтижелерін (ОН) қалыптастыру болып табылады:
білім алушылар азаматтық-дүниетанымдық, кәсіби ұстанымды және цифрлық сауаттылықты көрсетеді; инновациялық ойлау және сыни ойлау қабілеттерінде комбинаторлыққа ие; психологиялық-педагогикалық бақылау, диагностика нәтижелерін жинау және өңдеу әдістерін біледі және қолданады;
білім алушылар арнайы педагогика мен психологияның негізгі категориялары мен түсініктерін біледі, арнайы және инклюзивті білім берудің мазмұнын, әдістері мен ұйымдастырушылық формаларын дамытудағы заманауи үрдістерді талдайды;
білім алушылар психофизикалық, жас ерекшеліктері мен жеке білім алу қажеттіліктерін ескере отырып, білім беру процесін жобалайды, іске асырады, жалпы педагогикалық және вариативтік, арнайы оқыту әдістерін, коммуникацияның балама жүйелерін қолданады, білім алушылардың білім алу қажеттіліктерін ескере отырып, дидактикалық материалдарды іріктейді және әзірлейді;
білім алушылар білім беру қызметін ұйымдастырудың заманауи әдістері мен технологияларын, білім алушылардың ерекше білім беру қажеттіліктерін диагностикалау мен бағалауды, білім беру бағдарламаларын меңгерудің педагогикалық мониторингін жүргізуді қолданады;
білім алушылар ата-аналармен және ортамен педагогикалық өзара іс-қимылды ұйымдастырудың, отбасын білім беру процесіне тартудың және ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеу мен білім беруге педагогикалық жәрдемдесудің әдістері мен тәсілдерін қолданады.