27
осы бір кішкентай періштенің айналасында болады. «Не пайда» атты термеде тіпті «Бұл
жалғаннан не пайда, бұзығың шулап жатпаса» демекші, балалы үй қызыққа, қуанышқа,
шаттыққа толы екендігі баршаға мәлім.
Кішкене сәбидің күлкісінің өзі дүниедегі бар байлықты алмастыра алады десем, артық
айтпаспын. Оның
әр қылығы шаршағаныңды басып, көңіліңе жылылық ұялатады.
Дегенмен, мұндай қуаныштың барлық отбасында бола бермейтіні өкінішті - ақ, әрине.
Өмірде баласыз өтіп, сәби иісін аңсау ең үлкен бақытсыздық сияқты. Сондықтан да халық
баласыз үйді қу мазарға теңеген болар.
Қазақ - қашаннан ұрпағымен, баласының саналы тірлігімен мақтанған халық. «Я,
Аллам, бала бер, бала берсең, сана бер, сана бермесең, ала бер» деген сөз – соның дәлелі.
Еліміз қашаннан соңында қалған тұяғының есті, тәрбие көрген текті болуын қалаған.
Сауалнамаға қатысқандардың ішінде бұл мақалды екі түрлі формада қолданған.
Бірінші түрі: «бала бер, бала берсең сана бер, сана бермесең ала бер» және «А, Құдайым
бала бер,
бала берсең, сана бер,
санасыз бала бергенше, артынан бәрін-бәрін ала бер».
Дегенмен, бұл мақалды респонденттер түрлендіріп айтса да, мақалдың мағынасы өзгеріссіз,
сол қалпында қалды.
«Бала» сөзіне айтылған ассоциациялардың негізінде, статистикалық талдау жасалды.
Статистикалық талдау диаграммаға түсірілді. Зерттеу нәтижесі бойынша, айтылған
ассоциативті сөздерге қатысты кесте/диаграмма беріледі (кесте – 2).
Кесте-2. «Бала» сөзіне айтылған ассоциялар негізінде, құрылған диаграмма
Достарыңызбен бөлісу: