Қазақстан республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі ш. УӘлиханов атындағы


«Бала» ұғымына байланысты айтылған ассоциациятивті сөздер қатары



Pdf көрінісі
бет15/532
Дата05.09.2023
өлшемі19,8 Mb.
#106156
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   532
Байланысты:
Сборник студ конф 22-23г

«Бала» ұғымына байланысты айтылған ассоциациятивті сөздер қатары 
Зерттеу нәтижесіне негізделе отыра, біріншісі, қазақ тіліндегі мақал-мәтелдердің 
бала сөзін бірінші ретте тікелей мағынасында, яғни адамның баласы ретінде қарастырады. 
Одан тыс, оның ассоцияциялық өрістегі қолданысына келетін болсақ, бала тек ата-ана емес, 
жалпы елдің жалғасы, жаңа буын ретінде қарастырылады. Мысалы, “Ата-бәйтерек, бала-
жапырақ” мақалына келетін болсақ, осы пікір дәлелденеді. Одан соң, бала сөзінде тәрбиелік 
идея да жатыр, мысалы “болар баланың бетінен қақпа, белінен бу!” және “бала бер, бала 
берсең сана бер, сана бермесең ала бер”. Одан соң “бала” сөзін “бал”, “базар” секілді 
сөздермен байланыс анықталды.
Оны “бала тілі бал”, “бала балдан да тәтті”, “балалы үй базар” секілді мақалдан 
баланың тәттілік сезімі, көпшілік, шу секілді сөздермен байланысын береді. Жалпы, бұдан 
А
й
тылғ
ан
 а
сс
оци
ация
л
ар
 сан
ы
 


28 
тыс электронды ресурстарда “бала” сөзіне қатысты 260 мақал-мәтелдер және 117 ұлағатты 
сөздер айтылған [9]. Бұл қазақ мақал-мәтелдерінде “бала” сөзінің ассоциативті өрісі 
кеңдігінің жарқын дәлелі деп қабылдауға болады. 
Қорытындылай келе, қазақ мақал-мәтелдерінде «бала» сөзінің қазіргі уақытта 
ассоциативті өрісі белгілі бір деңгейде анықталды. Жастар арасында ең жиі қолданылатын, 
белгілі мақал-мәтелдер мен ең жиі ассоциациялар негізінде ассоциациялық өрісті анықтау 
мүмкіндігі туындады. Сонымен қатар, қазақ тіліндегі сөздерге ассоциациялық өрісті 
анықтаудың тиімді зерттеудің қолданбалы әдісі іске жұмылдырылды. Осылайша, «бала» 
сөзі тек қана сөздік деңгейінде емес, оның әр түрлі, әр қилы нұсқаларында кең мағынаға ие 
екендігін көруге болады. 
 
Әдебиет 
1.
Сыздыков Cалқынбай А., Абақан Е. Лингвистикалық түсіндірме сөздік: -Алматы: 
Сөздік-Словарь, 1998. -304 б. 
2.
Виноградов В.В. 
Об основных типах фразеологических единиц в русском языке
. – В 
кн.: Шахматов А.А. Москва, 1864–1920. -311 б. 
3.
Аманжолов С. Қазақ тілі ғылыми синтаксисінің қысқаша курсы. Алматы: ҚазССР 
оқу министрлігі. Мұғалімдерді сырттан оқыту ғылыми-методикалық кабинеті, 1940. -
141 б. 
4.
Әбдуәли Қайдар. Халық даналығы. – Алматы: Толағай, 2004. 
5.
Қазақтың мақалдары мен мәтелдері. Алматы, «ҚМК Баспасы», 1959, -400б. 
6.
Психология: Энциклопедиялық сөздік./Баас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ 
энциклопедиясы», 2011. -624 б. 
7.
Қоңыров Т. Қазақ теңеулері. Алматы, Мектеп, 1978. 
8.
Алдамұратов Ә. Психолингвистика және оны зерттеудің мақсат-міндеттері// 
Қазақстан мектебі. 1997. №6. 26-31бб. 
9.
АИТОВА Н. Н. ҰЛТТЫҚ МАТЕРИАЛДЫҚ МӘДЕНИЕТКЕ ҚАТЫСТЫ КЕЙБІР 
АТАУЛАРДЫҢ АССОЦИАЦИЯЛЫҚ ӨРІСІ //TILTANYM Учредители: Институт 
языкознания имени А. Байтурсынова. – №. 2. 2015. – С. 118-12 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   532




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет