3
ЖАЛПЫ ОТЫРЫС
ПЛЕНАРНОЕ ЗАСЕДАНИЕ
ҚОҚЫС ӨҢДЕУ САЛАСЫНДАҒЫ ЛОГИСТИКА
Бахитжанқызы І.
Ғылыми жетекші: Күнтуғанқызы А, аға оқытушы
Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу университеті, Алматы қ.
ibakhitzhankyzy@gmail.com
Қазіргі таңда қоқыс өңдеу саласы Қазақстанның өзекті мәселелерінің бірі болып отыр.
Себебі, статистикалық мәліметтер бойынша Қазақстандағы қоқыстың тек 5%-ы ғана өңделеді.
Бұл әрине өте төмен көрсеткіш. Қоқыстың өңделмеуі салдарынан қоқыс полигондарының да
саны артып келе жатыр. Заңсыз, санитарлық талапқа сай емес жұмыс істеп жатқандары
қаншама? Ал бәріміз білетіндей қоқыс полигондарының зияны өте көп. Ол жерден адам
денсаулығына кері әсер ететін химиялық заттардың бөлінуінен бөлек, тамақ қалдықтарынан
бөлінетін сұйықтық бар. Ол сұйықтық
жер асты суларына еніп, кейіннен өзен, көлдерге
қосылады.
Негізгі қоқыс мәселесін шешудің ең тиімді жолы қоқысты өңдеу. Бірақ, өкінішке орай
елімізде бұл сала айтарлықтай артта қалуда. Оның негізгі себебептерінің бірі қоқыс өңдеу
мәдениетінің қалыптаспауы десек болады. Біз әлі де саналы түрде қоқыс өңдеудің
маңыздылығын түсінбей жатқандаймыз. Оның қоршаған ортаға, адам денсаулығына зиянын
біле тұра бұл іске бей-жай қараймыз. Сондықтан мәдениетті, әдетті қалыптастыру керек. Ал
әдет қалыптастыратын ең маңызды кезең ол балалық шақ. Мысалы,
балабақшадан бастап
қоқыс өңдеудің маңыздылығынан бұрын, қоқысты қалай іріктеу керек, яғни, қағаз өнімдері
мен пластик өнімдерін екіге бөліп жинау деген сияқты кішігім әдеттерді өмірлеріне кіргізу.
Одан кейін мектепке барған оқушыға да сол сияқты істерді міндеттеу. Мектеп жасында
қалыптасқан әдеттерін университет қабырғасында жалғастыратындай жағдай жасау. Біз үшін
халыққа жай айтып қойғаннан қарағанда міндеттеу тиімді болады. Бірақ Заң жүзінде
ешқандай шектеу немесе жаза жоқ. Сол себепті бұл мәселені де мектептер мен жоғарғы оқу
орындарының арасында қарастырсақ. Мысалы, кез келген білім орындары мен қоқыс өңдейтін
зауыттар арасында тікелей байланыс орнатсақ. Бірақ, қоқысты тасымалдау кезінде бағасына
байланысты тағы да қиындықтара туындайды. Алматы қаласында коммуналдық қоқысты
жинау, шығаруға арналған тариф сомасы – 553 теңгені құрайды және ол ұзақ жылдар бойы
өзгеріссіз қалады. Ал арнайны техника, жанармай, коммуналдық төлемдер
бағасы жыл сайын
артады. Ал қоқыс логистикасы осы шығындарды оңтайландыруға және осындай бизнеспен
айналысатын компанияларды басқаруда оңтайлы шешімдер табуға мүмкіндік береді.
Лoгистикалық тізбектердің екі түрі бар: олар тікелей - бастапқы шикізаттың, өнеркәсіптік
өндірістегі өндірістік және материалдық-техникалық ресурстардың қозғалысын білдіреді, ал
кері – қайталама материалдық ресурстарды тарату прoцесі.
Кері логистикалық тізбекті ұйымдастыру процесі,
ең алдымен, кәдеге жаратуға
жататын ресурстардың түрлерін, кәдеге жарату түрлерін және қайта өңдеу кезеңдерін ескере
отырып қарастырылуы керек. Қалдықтардың бірнеше түрін бөліп көрсеткен жөн.
1)
Қағаздар;
2)
Пластиктер;
3)
Органикалық, бейорганикалық қалдықтар;
4)
Шыны ыдастар;
5)
Электроника;
6)
Металлдар.
Осы көрсетілген қоқысты түрлеріне байланысты сұрыптау үшін барлық қоқыс
қалдыратын орындарға бірден сұрыптауға мүмкіндік беретін контейнерлер қойылуы қажет
4
және әр түріне сәйкес тасымалдау
кезінде қоқыстың көлеміне, түріне байланысты көліктер
пайдаланылады.
Қазіргі кездегі көпшілік қоқысты жинауға қолданылатын әдіс 1-суретте көрсетілген.
Яғни, бірінші тасымалдап алып, одан кейін сұрыптайды. Бұл ұйымдастыру тәсілі бойынша
қоқыстардың барлық түрлерін жинақталған орыннан бір көлік құралына тиеп алып кетеді де
қоқыс полигонына жеткізіледі. Ал қоқысты өңдейтін мекемелер өңдеуге келетін қоқысты өз
көліктерімен келіп сол жерден сатып алады. Осы қалыптасқан тасымалдауды ұйымдастыру
тәсілі көліктік логистика тарапынан қарағанда тиімсіз болып табылады. Біздің ұсынып
отырған тәсіл бойынша қоқыстың жинақталатын орнында бірден сұрыптау процесі
жүргізіледі де әрбір сұрыпталған дайын қоқыстарды қайта өңдейтін
зауыттар мен тиісті
мекемелер өз көліктерімен алып кетеді.
1-сурет. Қоқысты тасымалдаудың қалыптасқан тәсілі
Қоқыс
Тасымалдау
Өңделмейтін қоқыстар
Сұрыптау
Өңделетін қоқыстар
Қауіпті қоқыстар
Өртеу
Сұрыптау
Залалсыздандыру және
қайта өңдеу
Қоқысты өңдеу
Энергия, жылу
Екінші материалдық ресурс
Көму
Қоқыс
Тасымалдау
Өңделмейтін қоқыстар
Сұрыптау
Өңделетін қоқыстар
Қауіпті қоқыстар
Өртеу
Сұрыптау
Залалсыздандыру және
қайта өңдеу
Қоқысты өңдеу
Энергия, жылу
Екінші материалдық ресурс
Көму
Тасымалдау
Тасымалдау
5
2-сурет.Сұрыпталған қоқысты тасымалдау
Алдымен қоқысты сұрыптап алып кейін әр қоқыс түріне қарай әртүрлі көліктер
пайдаланып тасымалмау уақытты және қаржыны үнемдеуге мүмкіндік береді.
Ұрпақтарымыз таза жерде өмір сүруі үшін де қазірден бастамасақ кеш қаламыз.
Қазақстан тұрғындарының барлығы
өздеріне жауапкершілік алып, қоқыс өңдеуге бей-жай
қарамаса бұл процесте тез жүрер еді. Сонымен қатар қоқысты тек қана өңдеу мәселені
толығымен шешпейді қаншама қоқысты өңдесекте қоқыс полигондарын толықтай жойып
тастау мүмкін емес. Сол себепті күнделікті өмірімізде табиғи заттарды көбірек пайдалануды
ұсынамыз. Мысалы, тұрмыста пайдаланып жүрген бір реттік ыдыстардың орнына көп реттік
пайдалануға арналған заттармен ауыстыру үрдісін қалыптастыру. Қортындылай келе,
еліміздің
табиғатын, экологиясын сақтау үшін қоқыс өңдеу логистикасын тиімді
ұйымдастыруға әр Қазақстандық өз үлесін қосу керек деп ойлаймын.
Пайдаланылған әдебиеттер
1)
Лепесова Анар «Қазақстандағы қалың қоқыстан өңдеу зауыттары шикізат
таппай отыр. Сенесіз бе?» // turkystan.kz сайты
2)
Құдайберген Құралай «Қазақстандағы қоқыс бизнесі» // inbusiness.kz сайты
3)
Ахметов Альберт «В Алматы будут по-новому перерабатывать мусор к 2025
году» // informburo.kz сайты
Достарыңызбен бөлісу: