Қазақстан республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі ш. УӘлиханов атындағы


БАЛАЛАР УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТРЕНИНГТЕРДІ



Pdf көрінісі
бет173/532
Дата05.09.2023
өлшемі19,8 Mb.
#106156
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   532
БАЛАЛАР УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТРЕНИНГТЕРДІ 
ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
 
Ұзақбаева Салтанат Мырзабайқызы 
Ғылыми жетекші: Нәби Лиза, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор, 
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті, 
Көкшетау қ. 
uzakbaevasaltan@gmail.com
 
Қазіргі кезде қоғам күрделі әлеуметтік, экономикалық және саяси мәселелерді шеше 
алу үшін білімі мен кәсіби дайындық деңгейі жоғары адамдарды көбірек талап етеді. 
Сондықтан да бастауыш сынып оқушыларынан бастап ғылымға деген сүйіспеншілікті ояту,
әртүрлі мамандықтағы адамдар туралы түсініктерін қалыптастыру маңызды. Осы мәселеге 
байланысты заманауи мектеп алдында тұрған негізгі міндет оқушыларға өз қабілеттерін, 
дербестігін және шығармашылық әлеуетін көрсетуге жағдай жасау және көмектесу. Ғылым 
негіздерімен танысу бастауыш сынып оқушылары үшін қажет, өйткені белгілі бір ғылымға 
деген қызығушылықтарын ояту оқушылардың танымдық белсенділігін дамытуға көмектеседі. 
Танымдық белсенділікті дамыту қазіргі заманғы бастауыш мектептің ғана емес, қоғамның да
маңызды міндеттерінің бірі болып табылады. Танымдық белсенділік - бұл оқу қызметінің 
маңызды құрамдас бөлігі, ол өз кезегінде бастауыш мектеп жасында жетекші болып табылады 
[1].Осындай міндеттерді қосымша атқаруды жүзеге асыратын Балалалар университетінің 
біздің университетімізде ұйымдастырылуы құптарлық іс. Балалар университетінде әр түрлі 
бағыттар бойынша курстар жүргізіледі. Дәлірек айтатын болсақ, математика, физика, химия 
немесе биология, география, информатика бағыттары бойынша өткізіліп келеді. Балалар 
университеті балалардың мектебінің орнын басуға көздемейді, себебі ол жүйелі оқытуға 
талаптанбайды, яғни мектеп бағдарламасын қайталамайды.
Балалар университетінің мақсаты - ғылымның қиын ғана емес, сондай-ақ өте қызықты 
және тартымды екеніне балалардың көзін жеткізу, ғылымға қызығушылықтарын ояту, бала 
тұлғасының жан-жақты дамуына үлес қосу. Әрбір бала болашақ жеке тұлға, сондықтан да 
балалардың дамуына ерекше көңіл бөлуіміз керек. Жеке тұлға дамуы – өз мүмкіндіктерін 
үздіксіз кеңітіп, қажеттіліктерін арттырып отырумен байланысты. Осы даму деңгейі нақты 
адамға тән болған қарым-қатынастар аймағымен өлшенеді. Даму дәрежесі мардымсыз 
тұлғаның адамаралық қатынастары да өте жай, ал даму деңгейі жоғары болған адам өзінің 
рухани мәртебелігімен, қоғамдық мәнді құндылықтарымен ерекшеленеді. Мұның барлығына 
жеке тұлғаның жас және дара ерекшеліктерін дамыту арқылы қол жеткізуге болады. Балалар 
университетінде тек әр түрлі ғылым саласы бойынша түсіндірме, көрсету жұмыстары ғана 
емес, психологиялық саулықты жақсарту негізінде де жұмыс жасалады. Психиканы дамыту, 
баланың психологиялық денсаулығын жетілдіру де тренингтердің орны өте маңызды.
Тренинг адам бойында қалыптасқан мінез-құлық пен іс-әрекеттерді басқару 
модельдерін қайтадан қалыптастыру тәсілі ретінде қолданылады және тренингке ұйымның 
жоспарлы белсенділігін арттыра түсу үшін оның мүшелерінің кәсіби білімі мен қабілеттілігін 
көтеруге бағытталған, сондай-ақ тренингті жеке тұлғаның әлеуметтік мінез-құлқын ұйымның 
мақсаты мен іс-әрекеттерінің талаптарымен сәйкес тәсілдерге сай өзгертудің бір бөлшегі деп 
қарастыруға болады. Жалпы тренинг балалардың жаңа ортаға енуіне, құрбы-құрдастарымен 
жақсы қарым-қатынас жасауына көмектеседі. Л.А.Петровская әлеуметтік-психологиялық 
тренингті «өзара қатынастағы білімді, әлеуметтік белгілеулерді, қабілеттілік пен тәжірибені 
дамытуға бағытталған әсер ету құралы», «қарым-қатынаста жетіктілікті дамыту құралы», 


325 
«психологиялық әсер ету құралы» ретінде қарастырады [2]. Тренингте өзгеріс, нәтиже бірден 
көрінеді. Осы міндеттерді шешу кезінде ұйымдастырылатын тренинг теңдігі түрлері де 
ерекшеленеді. Рольдік тренинг, видеотренинг, қарым-қатынас тренингі, іскерлік қарым-
қатынас тренингі, мәдениетаралық өзара әрекет және тағы да басқа тренингтер. Тренингтер 
белгілі бір ортадағы мәселелер мен қиындықтарды түзету, өзін-өзі шығармашылық тұрғыда 
дамытуға, тұлғаның әлеуметтік ортада өзіндік реттелуіне мүмкіндік болатын қажетті 
жағдайды туғызуға көмектеседі. Кез келген тұлғаның жаңа ортаға бейімделуі, құрбылар 
арасында үйлесімді қарым-қатынас орнатуы, өзін дұрыс таныстыра білуі және тағы да басқа 
жағдайлары кейде айналасындағылар тарапынан ұйымдастырылған әрекеттерге да 
байланысты әсер етеді. Тренингте психогимнастикалық жаттығуларды ұйымдастыру да 
маңызды. Себебі мұндай жаттығулар әртүрлі деңгейдегі психикалық бейнелердің бір 
мәселесін, бір уайымын бірдей сезінуге жетелейді. Мысалы, топ мүшелеріне қандайда бір 
жағдайды вербальді түрде кезекпен бейнелеп беруді, яғни жазбаша және ауызша, одан кейін 
суретін салып, содан кейін қимыл-әрекетпен көрсетулерін ұсынуға болады. Нәтижесінде, 
сезінудің мүмкіндіктері кеңейеді, бір мәселені қабылдаудың жаңа қырлары ашылады.
Сонымен қоса балаларға тренингте ойын түріндегі тренингтер жүргізген өте тиімді. Себебі 
ойын тренингтер балаларға қызықты және жағымды көңі-күй сыйлайды. Ойын – балалаp үшін 
күpделі әpекет. Адамдардың өміріндегі ойынның маңызды орны, оның негізгі белгілері, ойын 
мен мәдениеттің өзара байланысы екендігін көрсетеді. «Бала өмірінде ойынның маңызы зор, 
ол ересектердің қызметінде, жұмысында, қызмет бабында қандай мәнге ие болса, мұнда да 
сондай мәнге ие болады. Бала ойнағанда қандай болса, есейгенде жұмыста да көп ретте сондай 
болады. Сондықтан да болашақ қайраткерді тәрбиелеу ең алдымен ойында басталады» [3] деп 
Д.Б.Эльконин айтқандай ойын тренингтердің бала үшін маңызы орасан зор. Бұл жерде, ойын 
адамдар арасындағы өзара әрекеттестіктің ең табиғи түрі. Ойында адам еркін, екпінді және 
үйлесімді жетіледі. Олар сол себепті әр түрлі деңгейдегі адамдармен, яғни балалармен, ата-
аналармен, студенттермен, мамандармен, жетекшілермен және тағы сол сияқты 
жаттықтырушылық іс-әрекеттің негізгі құралы ретінде ойынды пайдалануға болады. Яғни қай 
жастағы адамға болсын ойын тренингін жүргізген тиімді. Ойынның негізгі қызметтерін 
көрсете отырып, ойын жеке адамды әлеуметтендіреді, жетілдіреді және сауықтырады. 
Ойындардың негізгі мақсаты – баланы жан-жақты дамыту.
Көптеген ойындар шеңбер құру 
арқылы жүргізіледі. 
Шеңбер – баланы психологиялық контактіге әкелу үшін ең тиімді кеңістік 
формасы. Барлық адам үшін оның ішінде кішкентай бала үшін «болып жатқан жағдай 
ортасында» болу өте маңызды.
Психологиялық тренингтің жалпы мақсаты – қарым- қатынастағы тиімділікті арттыру, 
міндетті түрде қатынастағы мінез-құлықты, адамның перцептивті қабілеттілігін, жеке 
тұлғаның қатынас жүйесін шындай түсу және дамытумен анықталатын білімді меңгерумен, 
қабілеттілігі мен дағдыларын қалыптастырумен байланысты түрлі кескіндегі бірқатар 
міндеттермен нақтылана түседі, өйткені жеке тұлғалық өзгешелік адамның іс-әрекетін және 
оның вербалды және вербальды емес әрекеттерін әртүрлі түспен әрлендіретін фон деп айтуға 
болады [4].Тренинг топ жұмысының нәтижелі болуының жағдай жасаушысы. Тренингтің 
ерекшелігі - адам оған толықтай қатысады. Ақыл-ой және дене мүмкіндіктеріне қарамастан 
бәрі де қатыса алады. Сонымен қатар ешкім кеңес бермейді немесе дайын сценарийлер 
берілмейді. Тренингте әрбір баланың жеке пікірі маңызды. 
Қорытындалай келе, Балалар университетінде психологиялық тренингтерді 
ұйымдастырудың маңызы өте зор. Себебі психологиялық тренингтер балалардың 
психологиялық денсаулығы және қарым-қатынас қабілеттерін, эмоциянальдық интеллектісін 
дамытуға көмектеседі. Көптеген балалар тұйық болады оларды ашу үшін тренингтер 
ұйымдастыру қажет,тренингтердің көп көмегі тиеді. 
Қолданылған әдебиеттер: 


326 
1.
Щукина Г.И. Педагогические проблемы формирования познавательного интереса 
учащихся. – М.: Просвещение. – 2005. – 280 с. 
2.
Г.Б.Монина. Психологическое консультирование детей и подростков: учебник. — СПб.: 
Издательство Санкт Петербургского университета управления и экономики, 2011. — 210 с 
3.
Эльконин Д.Б. Психология игpы –М., Педагогика, 1989. -288с. 
4.
И.Л.Кишея. Психологический тренинг: учеб.-метод. комплекс для студентов пед. 
специальностей / РИО БарГУ, 2010. — 187. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   532




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет