327
сезімталдығы дарыған. Қазақ даласын, табиғатын төгіле жырлаған «Дала» поэмасы - елін,
қазақтың кең даласын сүйген ақынның көңіл-күйіне толы патриоттық туынды. Ол дала
келбетін танытар суреттермен қоса, дала өмірі мен ондағы өзгерістерді сырласу күйінде
бейнелеп, қоршаған ортаның тағылымын кең ашады. Жырларында ел сағынышы, туған өлкені
аңсау ерекше байқалады. Ауылына деген сағынышын кең даланы желе жортқан жезкиікке,
Қоскөлдегі қос аққуға балайды. Ол әр түрлі түске толы Ұлытаудың етегін,
қарақат көзді
қыздарын, кісінеген құлынының қоңырау дауысын, даланың көгін, жауыны мен орманының
таза ауасын сағынып еске алады. «Адамдар аққуларды атпаңдаршы», «Жезкиік», «Жезкиікті
көрсемші», «Көрдің бе, Жезқазғанның жезкиігін», «Жүрегімнің жүйіткіп өткен елігі» т.б.
өлеңдерінде сұлулық суреті ғана емес, сұлулықтың сырын ұғуға ұмтылған адам арманы да
бейнеленген. Туған өлке сұлулығын ақын оның аққуынан, жезкиігінен, ақ маралынан таниды.
Бұлар сұлулықтың символдары, қаламгер бейнелеуінде әсемдік көріністер. Өлеңдерінің
өрнегі, ақындық оркестировкасы, сөз бояуы бірсарынды емес, әрқалай ойнақы.
Көңіл
құбылысын дөп басар өлең формаларын еркін қолданады. «Шын жүректен» атты таңдамалы
шығармалар жинағы өмірдің әр құбылысына айрықша мән беріп, үлкен ой түйіндеуге
ұмтылғандығы және оның өзін жалаң баяндамай, көзге көрінерліктей суреттегенімен
оқырманын тәнті етті [1].
К.Салықов туып өскен жері туралы жазған «Көкшетау», «Оқжетпес» сынды өлендеріне
кейін ән жазылып, оларда халық әндеріне айналды. Мәскеуде қызмет етіп жүрген кезінде
жазылған «Аққу» өлеңіне, Жағыпар Әлімхан әнін жазып,
кейін Жақсыгелді Сейілов
орындаған Аққу әні халыққа таралып кеткен еді. Бұл әннің шыққанына да 50 жылдан көп
уақыт өтті. Ақынның тағы бір танымал әндерінің бірі Шәміл Әбілтаевтың әніне жазылған «Бір
ауыз сөз» әні. Бұл ән 1977 жылы Роза Бағланованың ұсынысымен жазылған, қазіргі кезде бұл
әнді Мақпал Жүнісова орындап жүр. Мәскеуде шыққан әндердін тағы бір қазіргі күні халық
әні ретінде аталып жүрген «Сағыныш сазы» әнін атап өтсек болады.
Ақынның ондаған жыр кітаптары поэзия жанрының сол тұстағы тынысынан мол хабар
береді. Оқиғалы өлеңдері, қысқа лирикадағы таза тебіреністері, сонет жанрындағы өзгеден
оқшау интеллектуалдық ізденістері, қазақ поэзиясының палитрасын құнарландыра түскені
анық. Лирикалық толғанысқа толы сонеттері өзінің көркемдік қуатымен, бейнелік бояуымен
өзгеше сипатын танытады.
Белгілі
қоғам қайраткері, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі, ақын Кәкімбек
Салықов шығармашылығы XX ғасырдың 60 жылдарынан кейінгі әдебиетте жалпылама түрде
ғана айтылып келеді. Қазіргі кезең әдебиетінің біртуар өкілдері жан-жақты зерделеніп,
зерттеліп, жоғарғы оқу орындарындағы арнайы пәндерде ғана емес, орта мектеп
оқулықтарына да енсе, бір сарынды материалдардың ауқымы да кеңейіп,
жастар ұлттық
әдебиетіміздің көрнекті өкілдерінің өмірі мен шығармашылығы туралы терең танысар еді.
К.Салықов әдебиетке өмірдің өзінен, қайнаған өндірістің ортасынан, халық ішінен
келген. Сондықтан да оның шығармаларының негізі мазмұны мен пафосын ақын жырлаған
өмір құбылыстарына деген халықтық көзқарас деп білеміз. Өйткені Кәкімбек ақын өлеңдерін
оқыған сайын халыққа тән дарқан мінезді, кең пейілді, жан сұлулығын көреміз.
Әдебиет:
1.
Садықова A.T.
Кәкімбек салықовтың ақындық әлемі //
Журнал:
Х.Досмұхамедов атындағы
Атырау университетінің Хабаршысы
. -Атырау, 2017.
Достарыңызбен бөлісу: