Қазақстан республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі ш. УӘлиханов атындағы


АҚМОЛА ОБЛЫСЫ, ЖАРҚАЙЫҢ АУДАНЫ, КОСТЫЧЕВО ШАРУА



Pdf көрінісі
бет337/532
Дата05.09.2023
өлшемі19,8 Mb.
#106156
1   ...   333   334   335   336   337   338   339   340   ...   532
Байланысты:
Сборник студ конф 22-23г

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ, ЖАРҚАЙЫҢ АУДАНЫ, КОСТЫЧЕВО ШАРУА 
ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ ҚАРАШІРІГІ, ҚОРЕКТІК ЭЛЕМЕНТТЕРІНІҢ ЖЫЛЖЫМАЛЫ 
ТҮРЛЕРІНІҢ ҚҰРАМЫ БОЙЫНША ТОПЫРАҚТАРДЫҢ ТОПТАСУЫ 
 
Жагипар А.Ш. 
Ғылыми жетекшісі: Саттыбаева З.Д., к.с.х.н., қауымдастырылған профессор 
Саликова Ж.Х., а.ш. магистрі
Ш. Уәлиханов атындығы Көкшетау университеті
shamiganovna@mail.ru
 
Қарашірік – топырақтың құралуы мен құнарлылықтың дамуында үлкен роль 
атқарады. Қарашірік құралу процесі өте күрделі, ол өсімдік (сондай -ақ жануарлар) 
қалдықтарының биологиялық және биохимиялық процеске ұшырап, ең бастысы 
топырақта қарашірінді горизонты құралуынан тұрады. 
Топырақтың қарашірік жағдайы – морфологиялық қасиеттері, жалпы қоры, 
органикалық заттардың процестерінің түзілуі, топырақ кескінінің миграциясы мен 
көшуінің көрсеткіш жүйесі болып табылады. Топырақтың азот пен гумификациялану 
дәрежесін, қарашірікті қышқылдар типтері мен олардың құрылымын, кескін бойынша 
органикалық заттардың жайылуын және ондағы деңгейі мен қарашірік жағдайын 
бағалауды Л.А. Гришина мен Д.С. Орлов ұсынған [1; б.42]. 
Қазіргі таңда өзекті мәселелердің біріне айналған қарашірік қорының азаюы ауыл 
шаруашылығымен тығыз байланысты тұлғаларды толғандыртады. Біздер топырақ 
құрамындағы қарашірік мөлшері мен қорын анықтадық [2; б.105]. 
Жарқайың ауылдық округінің қоңыр топырақтарына далалық агрохимиялық тексеру 
жыртылатын жерге 26600 га алаңда өткізілген, 355 біріккен топырақ сынамалары алынды. 
Ауыл шаруашылығы жерлердің топырағының агрохимиялық мониторингісі «Ауыл 
шаруашылығы жерлердің топырағына агрохимиялық тексеру жүргізу жөніндегі әдістемелік 
нұсқауға» (ММ «АҚРҒӘО», 2006) сәйкес жүргізілді. 
Сынамалар ауданы 75 га элементарлық учаскіден алынады, кейбір жағдайларда 
элементарлық учаскінің ауданы шамалы ұлғайтылғандығын немесе азайтылғандығын атап өту 
қажет, бұл мынадай көрсеткіштерге сәйкес келеді: біртекті жер бедерінің болуы немесе 
керісінше, жер бедерінің ала құла болуы. 
Қарапайым учаскілерден алынған топырақ сынамаларында жылжымалы фосфор, 
ауысымды калий, жеңіл гидролизденетін азот, қарашірік және қышқылдық құрамын анықтау 
жүргізілді [3; б.27]. 
Топырақ сынамаларын химиялық-аналитикалық зерттеу нәтижелері негізінде 
зерттелген аудандағы қарашірік құрамы бойынша топырақты топтастыру 1-ші кестеде 
келтірілген. 
Кесте 1. Жарқайың ауылдық округінің топырақтарын қарашірік мөлшері бойынша 
топтастыру, % (2022 ж.) 


610 
Топ №
Құрамы 
Қарашірік, 

Ауданы,
га 
Зерттеу 
ауданынан, 
%

Өте төмен 
0-2,0 
19989 
75,1 

Төмен 
2,1-4,0 
6611 
24,9 

Орташа 
4,1-6,0 



Жоғарылатылған 
6,1-8,0 



Жоғары 
8,1-10 



Өте жоғары 
10 жоғары 


Барлығы: 
26600 
100,0 
Кестеде көріп тұрғанымыздай, егіске жыртылатын жер ауданының 19989 га (75,1%) 
қарашірік құрамы бойынша өте төмен көрсеткіш көрсетіп отыр, орташа есеппен 0,0-2,0 % 
аралығында. Ал ауылдық округтің қарашірік құрамы бойынша төмен 2,1-4,0 % үлесі 6611 га 
тиесілі, бұл барлық жыртылатын ауданның 24,9 % құрап отыр. 
Азот - өсімдік өміріндегі ең маңызды элементтердің бірі болып табылады. Біздің 
құрғақ далалы аймақтың топырақ жамылғысында осы элемент мөлшері аз мөлшерде 
кездеседі. Сонымен қатар көп жылдық егіншілік тарихымен байланысты топырақтан 
азот мөлшерінің алып кетілуі көптен байқалады.
Топырақтық сынамаларды химиялық-аналитикалық зерттеу нәтижелері бойынша 
зерттелген алаңда топырақтың жеңіл гидролизденетін азоттың құрамы бойынша топтастыру 
2-ші кестеде келтірілген. 
Кесте 2. Жарқайың ауылдық округінің топырақтарын жеңіл гидролизденетін азот 
мөлшері бойынша топтастыру, мг/кг (2022 ж.) 
Топ

Құрамы 
Жеңіл 
гидролизденетін 
азот, мг/кг 
Ауданы, га 
Зерттеу 
ауданынан, 
%

Өте төмен 
<30 



Төмен 
31-40 
26600 
100,0 

Орташа 
41-50 


Жоғарылатылған 
51-70 


Жоғары 
71-100 



Өте жоғары 
>100,0 


Барлығы: 
26600,0 
100,0 
Топырақ сынамаларын химиялық-талдамалық зерттеу нәтижелері бойынша жеңіл 
гидролизденетін азотпен қамтамасыз етілуі төмен екені анықталып отыр.
Жылжымалы фосфор. Топырақ сынамаларын химиялық-аналитикалық зерттеу 
нәтижелері бойынша зерттелген ауданда жылжымалы фосфордың құрамы бойынша 
топырақты топтастыру 3-ші кестеде келтірілген [4; б.8]. 
Кесте 3. Жарқайың ауылдық округінің топырақтарын жылжымалы фосфор мөлшері 
бойынша топтастыру, мг/кг (2022 ж.) 
Топ

Құрамы 
Жылжымалы 
фосфор, мг/кг 
Ауданы, га 
Зерттеу 
ауданынан, 
%

Өте төмен 
< 10 
26600 
100 

Төмен 
11 – 15 



Орташа 
16 – 30 



Жоғарылатылған 
31 – 45 



Жоғары 
46 - 60 



Өте жоғары 
> 60 


Барлығы: 
26600,0 
100,0 


611 
Тексерілген егістік алқаптың барлық танаптарында жылжымалы фосформен 
қамтамасыз етілуімен өте төмен екені анықталып отыр.
Ауысымды калий. Топырақ сынамаларын химиялық-аналитикалық зерттеу нәтижелері 
бойынша зерттелген аудандағы ауысымды калийдің құрамы бойынша топырақты топтастыру 
4-ші кестеде келтірілген. 
Кесте 4. Жарқайың ауылдық округінің топырақтарын ауысымды калий мөлшері 
бойынша топтастыру, мг/кг (2022 ж.) 
Топ

Құрамы 
Ауысымды 
калий, мг/кг 
Ауданы, га 
Зерттеу 
ауданынан, 
%

Өте төмен 
<100 



Төмен 
101 - 200 



Орташа 
201 – 300 



Жоғарылатылған 
301 – 400 



Жоғары 
401 – 600 
21450 
80,6 

Өте жоғары 
>600 
5150 
19,4 
Барлығы: 
26600,0 
100,0 
Топырақты агрохимиялық зерттеу нәтижелері бойынша зерттеу ауданының ауысымды 
калий мөлшері бойынша жоғары дәрежеде 21450 га, жалпы зерттеу ауданынан үлесі 80,6% 
құрап отыр. Өте жоғары мөлшері егістік ауданының 5150 га (үлесі 19,4%) құрап отыр [5; б. 
5]. 
Сурет 5. Жарқайың ауылдық округі бойынша қоректік заттармен қамтамасыз етілуінің 
салыстырмалы көрсеткіштері (2022 ж.) 
Құрамы 
Анықтау 
түсі 
Қарашірік 
мөлшері, 

Жеңіл 
гидролизденетін 
азот, мг/кг 
Жылжымалы 
фосфор, 
мг/кг 
Ауысымды 
калий, 
мг/кг 
Өте төмен 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   333   334   335   336   337   338   339   340   ...   532




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет