198
Интерактивті оқу материалы жай ғана оқуға емес, ұсынылған тақырып бойынша
шығармашылық өнім жасауға бағыттайды. Жобаларды құру ақпараттық кеңістікте шарлау,
сонымен қатар ақпаратты сыни тұрғыдан бағалау қабілетін дамытуға мүмкіндік береді.
Алынған ақпаратты өз бетінше құрастыру мүмкіндігі білім алуышылардың шығармашылық
қабілеттерін көрсетуге және олардың даралығын көрсетуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар,
жұмыстың бұл түрі оқушылардың зерттелетін тақырыпқа деген үлкен қызығушылығын оятып,
өтілген тақырып бойынша білімді жалпылауға және кеңейтуге мүмкіндік береді [5; 63-бет].
Биологиядан интерактивті сабақтар
Көкшетау қаласы білім бөлімінің “№16 жалпы
орта білім беретін мектебі” КММ базасында 8- сыныпта педагогикалық практика кезінде
жүргізілді. Мектеп қазақ және орыс тілінде сабақ беретін мекеме.
Сабақ барысында негізгі орта білім беру деңгейінің 7-9-сыныптарына арналған
"Биология" пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы және 8-сыныпқа
арналған Биология оқулығы пайдаланылды [6,7].
Сабақ барысында әртүрлі интерактивті материалдармен сабақ өткізілді. Оларға
тоқталатын болсақ
«Prezi.com», «Visme.ru» , «View.genial.ly», «Wordwall.net», «Quizizz.com»,
«Learning.apps», «Kahoot!», «Formative.com», «Classroomscreen.com», «Padlet.com»,
«Joyteka.com»
бағдарламалары қолданылды.
8 - сыныпқа арналған Биология пәнінің базалық білім мазмұнындағы «Координация
және реттелу» тарауы мынадай тақырыпты қамтиды:
Достарыңызбен бөлісу: