Қазақстан республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі ш. УӘлиханов атындағы


көлемінің  шағындығы, мазмұнының кеңдігі, тілінің өткірлігі, мағынасының тереңдігі



Pdf көрінісі
бет106/532
Дата05.09.2023
өлшемі19,8 Mb.
#106156
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   532
Байланысты:
Сборник студ конф 22-23г

көлемінің 
шағындығы, мазмұнының кеңдігі, тілінің өткірлігі, мағынасының тереңдігі; 
әрі ол 
барлық халыққа 
бірдей әсерлі
, жалпы адамзатқа 
ортақ
, көңілге бөлекше 
қонымды, ұтымды 
келетіндігін атап көрсетеді.Тілші ғалым Майра Жүнісованың 2008 жылы жарыққа шыққан 
оқулығында жоғарыдағы Ө.Тұрманжановтың пікірімен қоса тағы бір ерекшелікті басшылыққа 
алған:
Үшіншіден, мақал-мәтелдер белгілі бір халықтың 
дүниетанымын, мінез-құлығын, 
тыныс-тіршілігін 
көрсетеді, әрі сол халықтың 
асыл қазынасы, мұрасы 
саналады. 
Оны ғалым мынадай жолдармен дәлелдейді:«Өйткені қазақтың мақал-мәтелдерінің 
айтары - өсиет, ұлағат, тәлім, парасат, ізгілік»[5; 99-бет]. 
Осы тұрғыдан келгенде, ғалым Майра Жүнісбекова өз еңбегінде Ісмет Кеңесбаевтың 
пікірін қолдап, оны өзінше толықтырғандығына көзіміз жетеді. 
Шынымен де, тегінде мақал-мәтелдер қай халықтың да жан-дүниесінің, мінез- 
бітімінің, тыныс-тірлігінің айнасы,әрі сол халықтың сөздік қорының байлығын танытып қана 
қоймайды, оның уақыт озған сайын құны артпаса арзымас қазына екенін де сездірер белгісі 
болып табылады. 
Қазақ мақал-мәтелдері 
сан жағынан да аса бай, сапа жағынан да аса жоғары 
өте 
көркем, 
биік идеялы 
болып келеді. Қазақ мақал-мәтелдерін жинап-топтастырған, одан бөлек 
мақал-мәтелдерге қатысты көптеген жинақтарды жарыққа шығарған, әрі көптеген мақал-
мәтелдерді тәржімалаған әдебиеттанушы ақын Мұзафар Әлімбаев: «Біздің халқымыз мақал-
мәтелге сыйғызбаған, сұлулап бейнелемеген ой-пікір жоқ сияқты»,- деп қорытындылаған 
болатын[6; 8-бет]. 
Жоғарыда мақал-мәтелдің өзіндік жалпы ерекшеліктеріне, басқалардан өзгешелеп 


194 
тұратын белгілеріне тоқталдық. Келесі кезекте «Мақал мен мәтелдің бір-бірінен 
айырмашылығы қандай?» деген сұрақ туындайды. 
Біз білеміз, кез-келген зат пен құбылыстың өзіндік қасиеті салыстыру арқылы 
танылады[7; 35-бет]. 
Осы тұрғыдан келгенде, ғылымның қай саласында болмасын, ондағы алуан түрлі 
құбылыстарды, оның ішкі заңдылықтарын өзара бір-бірімен салыстырмай, оны нақты 
айғақтармен дәлелдеп ажыратып, айырмашылығын көрсетпей, ондағы ерекшеліктерді 
объектілік тұрғыдан дұрыс түсіну мүмкін емес. Сондықтан мақал-мәтелдерді салыстыру 
арқылы олардың айырмашылықтарын байқай аламыз. 
Қазақ халқының ұлы ұстазы, ағартушы ғалым Ахмет Байтұрсынұлының қазақ 
лингвистикасы мен филологиясына сіңірген еңбегі зор. Сөз өнерін зерделеген «Әдебиет 
танытқыш» еңбегінде мақал мен мәтелдерді ауыз әдебиетінің «сарындама» тобына, оның 
ішінде «ғұрып сөзінің» аясында екеуін бөлек тарауша ретінде топтастырған болатын. 
Ғалымның пікірінше: «Мақал да тақпаққа жақын салт-санасына сәйкес айтылған 
пікірлер»[8; 681-бет]. Осы тұрғыдан келгенде, А.Байтұрсынұлы мақалдың тақпаққа 
ұқсағанымен, екіншісіне қарағанда маңызды, шыны келетіндігін көрсетеді. Сөзіне дәлел 
ретінде келесі мақалдарды мысал ретінде ұсынады: «Ашу дұшпан, ақыл дос; ақылына ақыл 
қос», «Өсер елдің батыры бірін-бірі батыр дер, өшер елдің батыры бірін-бірі қатын дер», 
«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны аларсың» т.б. 
Осы орайда, ғалым мәтелге қатысты келесі бір анықтаманы ұсынады: «Матал 
дегеніміз кезіне келгенде кесегімен айтылатын белгілі-белгілі сөздер»[8; 682-бет]. Мәтелдер 
мақалдарға ұқсағанымен, екеуінің арасындағы келесі күрделі айырмашылыққа назар 
аударады: 
Мақал – тәжірибеден шыққан қақиқат түрінде айтылады; 
Мәтел – мақалдағыдай өмір құбылыстарының қақиқат жағын қарастырмай, тек әдетті 
сөз ретінде айтылады. 
Тілші ғалымдар Нұржамал Оралбаева, Ғайни Мадина, Асхат Әбілқаев авторлығымен жарыққа 
шыққан оқулықта ғалымдар мақал мен мәтелді тұрақты тіркестің өз алдына бөлек бір тобы 
деп көрсетіп, оған келесі анықтаманы береді: «Мақал мен мәтел 
– халықтың ғасырлар бойғы іс-тәжірибесінен, өмір тануынан қорытылып, ереже түрінде 
тұжырымдалған аталы сөзі, ой түйіні»[4; 179 б.]. 
Келесі кезекте авторлар мақал мен мәтелдің бір-бірінен айырмашылығына тоқталады: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   532




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет