193
жетеді.
Атап айтсақ, сонау 1957 жылдың өзінде Өтебай Тұрманжановтың авторлығымен
құрастырылып, жарияланған мақал-мәтелдерге қатысты жинақты
кезінде талай оқырман
жылы қабылдаған. Ал тәуелсіздіктің алғашқы жылдары(1993 ж.) жоғарыда аталған жинақ
«Қазақ мақал-мәтелдері» деген атпен оқырман назарына қайтадан ұсынылды.
Жинақта
жарияланған мақал-мәтелдер төмендегідей тақырыптар бойынша топтастырылған:
1)
Отан, халық, адам мен оның бойындағы қасиеттер, отбасы мен тәрбие, тіл өнері
мен ой-пікір туралы мақал-мәтелдер;
2)
Төрт түлікке және егіншілікке қатысты мақал-мәтелдер;
3)
Жақсылық пен жамандық, достық пен қастық, сақтыққа қатысты мақал-
мәтелдер;
4)
Өткен қоғам өміріне қатысты мақал-мәтелдер;
5)
Ас-тамақ, тазалық-денсаулыққа қатысты мақал-мәтелдер;
6)
Жан-жануар, табиғат құбылысына қатысты мақал-мәтелдер;
7)
Түрлі мақал-мәтелдер[3; 173-бет].
Әр адам күнделікті өмірінің керекті жағдайында қандай
мақалды болсын өзінің төл
қаруындай
қолданып
, орнын тауып жұмсай алатындығын байқаймыз. Алайда, Нұржамал
Оралбаева,
Ғайни Мадина, Асхат Әбілқаев авторлығымен жарыққа шыққан оқулықта
көрсетілгендей, мақал-мәтелдерді қолдануда екі нәрсені ескеру қажет.
Біріншіден, мақал-мәтелдерді
орынды қолдану
абзал. Олай болмағанда, оларды қалай
болса солай қолданатын болсақ, сөзіміздің қадірі кетіп, тыңдаушыны жалықтырып жіберуіміз
әбден мүмкін.
Екіншіден, мақал-мәтелдер ауыз әдебиетінің бір
жанры болып табылатындықтан,
мазмұны жағынан ауқымды болып келеді. Сондықтан,
контекстке байланысты
кез келген
мақал-мәтелдерді қолдана беруге болмайды[4; 79-80 бет].
Мақал-мәтелдердің ерекшелігін оны фольклордың бөлек жанры ретінде қарастырып,
ауыз әдебиетіндегі өзге жанрлармен салыстыра талдау кезінде де байқауымызға болады.
Бірқатар ғалымдар(Өтебай Тұрманжанов, Майра Жүнісова т.б.) бұл жайында өз зерттеулерінде
айтқан болатын.
Әдебиеттанушы ғалым Өтебай Тұрманжанов мақал-мәтелдердің қазақ ауыз
әдебиетінің өзге жанрларына қарағанда(дастан, хиссалар) ерекше қасиеті –
Достарыңызбен бөлісу: