Қазақстан республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі ш. УӘлиханов атындағы


  Кәкімбек Салықов (adebiportal.kz)    3. Тұлға. Кәкімбек Салықов - YouTube   ИНТЕРАКТИВТІ ӘДІСТЕРДІҢ РӨЛІ



Pdf көрінісі
бет175/532
Дата05.09.2023
өлшемі19,8 Mb.
#106156
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   532
 
2. 
Кәкімбек Салықов (adebiportal.kz)
  
3.
Тұлға. Кәкімбек Салықов - YouTube
 
ИНТЕРАКТИВТІ ӘДІСТЕРДІҢ РӨЛІ 
 
Хамзина Диана 


328 
Ғылыми жетекшілер: Абдрахманова С.А., Жапарова К.Г., аға оқытушылар 
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті, Көкшетау қ. 
Khamzina.dianochka.01@bk.ru
 
Қазіргі білім беру жүйесінің негізгі міндеті – оқушының одан әрі өзін-өзі жетілдіруге, 
өзін-өзі тәрбиелеуге, өзара әрекеттестік пен ынтымақтастыққа, шығармашылыққа қабілетті 
тұлға қалыптастыруға жағдай жасау. Интерактивті әдіс-тәсілдерді жиі пайдалану, әр сабақта 
оның мүмкіндіктерін түрлендіріп отыру - педагогтар қауымының басты міндеті.
Интерактивті: ағылшын тілінен. (inter – «арасында»; act – «әрекет») - оқушылардың бір-
бірімен әрекеттесуіне мүмкіндік беретін интерактивті әдістерді білдіреді, яғни интербелсенді 
әдістер - оқушы мен оқытушының өзара әрекеттесуін оқытудың негізі деп танитын және 
сондай қатынасқа жағдай жасайтын әдістер. Басқаша айтқанда, «интербелсенді» дегеніміз 
біреумен қоян-қолтық қарым-қатынаста болу, онымен бірлесе әрекет жасау, диалог құру. Ал 
интерактивті оқыту – бұл барлық оқушылардың, соның ішінде мұғалімнің өзара әрекеттесуіне 
негізделген оқыту, диалог арқылы білім беру немесе білім алу, яғни «мұғалім – оқушы»,
«оқушы – оқушы», «оқушы - өзімен өзі» форматтарында жасаған қарым-қатынас («әңгіме», 
«сұхбат», «пікірлесу», «бірлескен әрекеттер»). Интерактивті сабақтардың негізгі 
құраушылары оқушылармен орындалатын интерактивті жаттығулар мен тапсырмалар болып 
табылады. Интерактивті жаттығулар мен тапсырмалардың қарапайымдардан маңызды 
ерекшелігі оларды орындау барысында оқушылар өткен материалды оқып қана қоймай, 
сонымен қоса жаңа матераилды да оқитыны болып келеді [1]. Жоғарғы сыныптарда тарих 
сабақтарында интерактивті оқытуды ұйымдастыруды бастау кезінде ескеру қажет кейбір 
ережелер: 
1. Барлық оқушылар жұмысқа белгілі бір дәрежеде қатысуы керек.
2. Оқушылардың психологиялық дайындығына қамқорлық жасау керек. Оқушыларды 
жұмысқа белсенді қатысқаны үшін үнемі ынталандырып отыру керек.
3. Оқушылар саны көп болмауы керек (20-дан аспауы керек). Өйткені, әр топқа мәселе 
бойынша шешімге қатысу мүмкіндігі берілуі үшін әркімнің тыңдалуы маңызды. 
4. Бөлме интерактивтің барлық қатысушыларына үлкен және кіші топтарда жұмыс істеу 
үшін трансплантациялау оңай болатындай етіп дайындалуы керек. 
5. Процедура мен регламент мәселелерін сабақтың басында талқылап, оларды бұзбауға 
тырысу керек. Мысалы, барлық қатысушылар кез-келген көзқарасқа төзімді болатындығы 
туралы келісу маңызды. 
6. Қатысушыларды топтарға бөлу еріктілік негізінде жақсы құрылады. 
Л.Н.Толстой «Үйрету әдістері туралы» еңбегінде: «Олақтықтың белгісі - бір ғана әдісті 
білу, шеберліктің белгісі- әр-түрлі әдісті білу, керек кезінде жоқ әдісті де таба білу. Мұғалім 
көп әдісті білу керек, оларды өзіне сүйеніш, қолғабыс есебінде қолдану керек»,- 
деген. Оқушылар үшін сабақ заманауи, өзекті әрі белсенді болған кезде қызықты. Тарихты 
оқытудың белсенді әдістері бағдарламалық материалды тиімді игеруге ғана емес, дәстүрлі 
әдістерді жетілдіруге де бағытталған. Бұл әдістер мұғалімнің дайын білімді ұсынуына емес, 
белсенді ойлау және практикалық іс-әрекет процесінде оқушылардың білім мен дағдыларды 
өз бетінше игеруіне бағытталған. Тарих сабақтарында оқушылардың шығармашылық 
қабілеттерін дамыту, игерілген материал есте әлдеқайда жақсы сақталу үшін жаңа 
технологияларды ұтымды пайдалану қажет. Оқыту технологияларының құрылымдық 
элеметтеріне мыналар жатады: мақсат, мазмұн, әдістер, формалар, құралдар,оқушы, оқытушы, 
нәтиже. Барлық технологиялардың мақсаты – пәнді оқытуда оқушының жеке басының дара 
және дербес ерекшеліктерін ескеріп, олардың өз бетінше ізденуін арттырып, 
шығармашылықтарын қалыптастыру болып табылады.Тарихты оқыту – өзара байланыста 
және үнемі қозғалыста болатын құрауыштардың басын біріктіретін өте күрделі үрдіс. Қазір 
білім беру саласында түрлі технологиялар енгізілуде, бірақ олардың ішінде қажеттілігін 
таңдап, сабақтың әр кезеңінде тиімді қолдану – басты талап. Оқушы бұрын тек тындаушы ғана 
болса, енді ізденуші, өз ойын дәлелдеуші, ал мұғалім осы әрекетке бағыттауда, оқуды 


329 
ұйымдастыруда жетекші рөл атқарады. Тақырыпты мұғалім түсіндіріп оқып бермейді, 
керсінше тақырып бойынша оқушылар өздері жұмыс істейді және топпен жұмыс жасап 
белсенділік көрсетуге жағдай жасалады.
Интерактивті оқыту әдістері: жұптасып жұмыс жүргізу, кластерлер, миға шабуыл, 
Броундық қозғалыс, позиция таңдау, кейс-стади (нақты жағдайды талдау), рөлдік 
ойын,зерттеу (жобалар), семинар – пікірталас, ой қозғау, дөңгелек стол, іскерлік ойын және 
т.б Тарих сабағында білім берудегі жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану арқылы оқушылардың 
белсенділігін арттыру мақсатында келесі әдіс-тәсілдерге тоқтау керек: «Өзара оқыту әдісі», 
«Кең ауқымды лекция» әдісі, «Инсерт» әдісі, «Білемін, білгім келеді, үйренемін», т.б. әдіс-
тәсілдерін қолдану арқылы оқушының өздігінен білім алуына, шығармашылық іс-
әрекеттерінің оянуына, бір сөзбен айтқанда , өзіндік еңбек ету кезеңіне айналдырады. «Үштік» 
әдіс» - сынып бойынша тапсырманы оқиды. Оқушылар бірнеше жұптан бөлінеді:бірінші 
оқушы оқиды немесе айтады, екінші оқушы тындайды, үшінші оқушы түртіп алады, кейін өз 
пікірін айтады. «SWOT» – талдау әдісті қолдану барысында мәселенің жағымды, жағымсыз 
жақтарына сараптама беріледі, мүмкіндіктері бағаланып, қауіп-қатерлері туралы нақты 
дәлелдер келтіріледі. «Бір минуттық әңгіме» тәсілі арқылы үйге берген тапсырма туралы 
әңгімелесулеріне болады немесе жаңа сабақты бекіту мақсатында өз ойларымен бөліседі [2].
Мектепте тарих сабағында «пікірталас» (дебат) элементтерін қолдану тиімдірек. Ол 
қатысушылардың кез-келген проблемаға деген көзқарастарының әртүрлілігін анықтауға және 
қажет болған жағдайда олардың әрқайсысына жан - жақты талдау жасауға, содан кейін әр 
оқушының белгілі бір тарихи мәселеге өзіндік көзқарасын қалыптастырады. Жақсы өткізілген 
пікірталас дамытушылық құндылыққа ие, ол проблеманы тереңінен түсінуге, өз ұстанымын 
қорғауға, басқалардың пікірімен санасуға үйретеді [3; 120 бет]. Дебат-сабағын өткізу үшін 
алдымен тақырып таңдалынуы қажет. Ескере кететін жағдай кез келген оқиға пікірталас 
тудыра бермейді. Сондықтан пән мұғалімі тақырып таңдағанда аса жауапкершілікпен қарауы 
қажет. Тақырып қысқа да нақты, оқушыға түсінікті болуы қажет. Тақырып таңдалғаннан кейін 
дайындық барысында да оқытушы оқушыларды қадағалап, материал таңдауына көмек беріп 
отырады. Оқушылар даттау және жақтау негізінде дайындалады. Тақырыпқа топ мүшелерінің 
барлығы дайындалған жөн. Командалар тек сабақтың басталуына біраз уақыт қалғанда 
таңдалынуы қажет. Дебат-сабақты өткізуде оқытушы қалған оқушыларды да сабақтан тыс 
қалмауын қадағалауы керек. Ал оқушылар тақырып аясында тапсырмалармен қамтылуы 
қажет. Олар сабақ аяқталғаннан кейін талдауға белсене қатыса алады. Дебат-сабақта басты 
төреші - оқытушы. Сабақ соңында талдау жасалынып, жеңімпаз топ анықталады.
Қорыта келгенде, инновациялық әдістердің ішіндегі пікір-сайыс технологиясы тарих пәні 
үшін ең тимді әдістердің бірі болып табылады. Бұл технологияға тыңдаушылардың 
қызығушылығы басым, тиімді тұстары да мол. Сондықтан, Қазақстан және дүниежүзілік 
тарихтарын оқытуда дебат технологиясын қолдану арқылы жақсы нәтижеге қол жеткізуге 
болады. Жаңа әдістердің көмегімен білім алушылардың білімін жетілдіру мен оқу сапасын 
арттыруға болады. Қазіргі интербелсенді оқыту әдістері бойынша жүргізілген сабақтар 
іздеудің мән-жайына қаныға, білімді тереңінен айтуға төселеді, дәлелдер келтіру, дәлелдеу 
тәсілдеріне жаттығады, теория мен практиканың бірлігін игереді, жеке және топпен бірлесіп 
мәселе түйінін шешу жолдарын табуға жаттығады, өз жолдастарының пікірімен санасуға, 
өткір сындарды тыңдап одан тиісті қорытындылар жасай білуге машықтанады.
Әдебиет: 
 
1. Молдағалиев Б., Махимова А., Сатқанова Г. Интерактивті оқыту әдістері // Қазақстан 
мектебі. – 2006. – № 9. 
2. Әлкен С. Жаңа технологиялар арқылы шығармашылыққа баулу // Қазақстан тарихы, 2017. 
№1
3. Әлімов А. Интербелсенді әдістерді жоғарғы оқу орындарында қолдану: оқу құралы. – 
Алматы, 2013. -120 б. 


330 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   532




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет