Қазақстан республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі ш. УӘлиханов атындағы


УӘЖДЕМЕДЕГІ ЕРКІН ЖӘНЕ БАҒЫТТАЛҒАН АССОЦИАТИВТІ



Pdf көрінісі
бет183/532
Дата05.09.2023
өлшемі19,8 Mb.
#106156
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   532
Байланысты:
Сборник студ конф 22-23г

УӘЖДЕМЕДЕГІ ЕРКІН ЖӘНЕ БАҒЫТТАЛҒАН АССОЦИАТИВТІ 
ЭКСПЕРИМЕНТТІҢ РӨЛІ 
Шахан М.Б. 
Ғылыми жетекші: Жумагулова О.А., филология ғылымдарының кандидаты, доцент 
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті, Көкшетау қ. 
Shahan17@mail.ru
  
Тілдің негізгі қызметі – айналадағы заттар мен құбылыстарды сөздермен таңбалау, 
белгілеу. Ал сөздің сыртқы бейнесі заттың толық қасиетін атап көрсете алмайды, сондықтан 
оның атау болып қалыптасуына не себеп болғаны белгілері мен ерекшеліктері арқылы 
көрінеді. Яғни уәждеме атауға қандай белгінің, ерекшеліктің, қасиеттің негіз болғанын 
анықтап береді. Уәждеме ұғымын алғаш сөз еткен ғалым В.Гумбольдт болды.


342 
Сөздің уәжділігі мен уәжсіздігі туралы ұғымды ғылыми айналымға Ф.де Соссюр 
енгізген. Ғалымның пайымдауынша, сөзді «таңба» деп алсақ, оның екі жағы болады, бірі – 
бейне таңбалаушы, екіншісі – дыбыстық бейне таңбаланушы, яғни сөздің мазмұндық мәнін, 
оның дыбысталуынан бөліп қарауға болмайтынын айтады. 
Уәждеме теориясы орыс лингвистикасында В.В.Лопатин, Е.С.Кубрякова, О.И.Блинова, 
Н.Д.Голев, М.Н.Янценецкая сынды тілшілердің еңбектерінде қамтылған болса, ал Қазақстан 
ғалымдарынан осы мәселені М.М.Копыленко, Л.Қ.Жаналина, Б.Қасым, А.Салқынбай, 
Ж.Манкеева сынды ғалымдар өз еңбектерінде сөз еткен. 
Лексикология саласында алғаш мотивология (уәжтаным) терминін ғылыми айналымға 
енгізген – ғалым М.М.Гинатулин. Тілші қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі құс атауларының 
жасалуын уәждеме тұрғысынан қарастырған [1; 81-бет]. 
Сөздің уәжділігін анықтауда ассоциативті эксперименттің маңызы зор. Ассоциативті 
эксперимент – тілдік сана мен оның ұлттық-мәдени ерекшеліктерін зерттеудің тиімді 
әдістерінің бірі.
Психологиялық сөздікте ассоциативті эксперимент адамның уәждемесін зерттеудің 
арнайы әдісі және жеке тұлғаның өзінің бұрынғы тәжірибесінде қалыптастырған 
ассоциацияларын анықтауға бағытталған әдістеме ретінде көрсетілген [2; 159-бет].
«Ассоциация» ұғымы алғаш Аристотель мен Платон дәуірінде пайда болған. Алайда 
«ассоциацияны» термин ретінде 1690 жылы ұсынған ғалым Дж.Локк болды. Қазіргі таңда 
ассоциация «екі не одан да көп психикалық тұлғалар арасында белгілі бір жағдайларда 
қалыптасқан байланыс» ретінде түсіндіріледі. 
Практикалық психологиядағы ассоциативті эксперименттің авторлары болып 
американдық психологтар Х.Г.Кент пен А.Дж.Розанов танылды. Ассоциативті 
эксперименттің психолингвистикалық нұсқасын ұсынған – Дж.Дизе мен Ч.Осгуд. Ал орыс 
психологиясы мен психолингвистикасында ассоциацивті эксперимент әдістемесі А.Р.Лурия 
мен О.С.Виноградованың эксперименталды зерттеулерінің негізінде қалыптасқан. 
Ассоциативті эксперимент барысында респондентке ынталандырушы сөздер тізімі 
ұсынылады және оларға ойларына келген алғашқы сөзді жазу керектігі айтылады. 
Экспериментте бірден есіне келген сөзбен жауап беру өте маңызды рөл атқарады, сол арқылы 
эксперименттің дұрыс бағытта жүріп жатқандығы көрінеді. Оны лингвист-ғалым 
Р.М.Фрумкина былайша түсіндіреді: «Егер ойлау процесінде іріктеу болса, онда психология 
тарихында жалпы ассоциативті үдеріс деген болмас еді» [3; 320-бет].
Қолданбалы психолингвистикада ассоциативті эксперименттің екі түрі қолданылады:
1.
Еркін ассоциативті эксперимент;
2.
Бағытталған ассоциативті эксперимент [4; 8-бет].
Еркін ассоциативті эксперимент барлық ассоциативті эксперименттердің ішіндегі ең 
қарапайымы әрі тиімдісі. Оны өткізудің негізгі шарттардың бірі – эксперименттің мақсат-
міндеттеріне қарай ынталандырушы сөздерді, респонденттерді (жынысы, жасы, әлеуметтік 
табына қарай), өткізу формасын (ауызша немесе жазбаша) таңдап алу. Еркін ассоциативті 
эксперимент назардың шоғырлануын, сондай-ақ ынталандырушы сөзді қабылдау үшін 
дайындықтың болуын қажет етеді. Бұл эксперимент түрі былайша іске асады: респонденттерге 
ынталандырушы сөздер тізімі ұсынылады, оларға ойларына келген алғашқы сөзбен жауап 
беру керектігі айтылады және олардың жауаптарына ешқандай шектеулер қойылмайды.
Бағытталған ассоциативті экспериментте белгілі бір шектеулер қойылып, 
экспериментатордың нұсқаулары бойынша жауап алынады. Соның негізінде бағытталған 
ассоциативті эксперимент дұрыс бағытта жүреді. Бұл эксперимент түрі еркін ассоциативті 
эксперимент түрінен ерекшеленеді. Бұл бағытта жүргізілген жұмыстар әлдеқайда күрделірек. 
Ынталандырушы сөздер саны еркін ассоциативті эксперименттегі сөздер санымен сәйкес 
келеді. Алайда ол сөздер белгілі бір нұсқауларға сәйкес ескеріліп таңдалады. 
Ш.Уәлиханов 
атындағы 
Көкшетау 
университетінің 
ф.ғ.д., 
профессор 
А.Д.Жакупованың жетекшілігімен «Тұлғаны моно және билингвалды қалыптастыру 
жағдайындағы балалардың мотивациялық рефлексиясы» атты Жобаның негізінде аталған 


343 
эксперимент түрлері қазақ тобындағы зерттеушілер тарапынан бірнеше рет өткізілді: 
Көкшетау қаласындағы «Samruk kids» ойын-сауық орталығында, Ақмола облысы, Зеренді 
ауданы, Ақадыр орта мектебінде, Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Зеленый бор орта 
мектебінде, Красный яр ауылының №3 көпсалалы мектеп-гимназиясында, Көкшетау 
қаласының М.Ғабдуллин атындағы №3 көпсалалы гимназиясында. Эксперимент билингва 
балалар мен монолингва балалардың түсіну аспектісін саралау негізінде жүргізілді. 
Респонденттердің жасы 5-10 жас аралығын құрады. Жас ерекшеліктеріне қарай олар үш топқа 
(5-6 жас, 7-8 жас, 9-10 жас) жіктелді. Әр топқа жеке-жеке 30 ынталандырушы сөз таңдалып 
берілді. Соның негізінде еркін және бағытталған ассоциативті эксперимент жүргізілді.
Жүргізілген еркін ассоциативті эксперименттің нәтижесі: 
Кесте 1 
Аяз ата 
«сыйлық береді» (6), «қыс» (4), «көңіл көтереді» (2), «қар 
береді» (6), «қып-қызыл» (1) 
Балмұздақ 
«ақ түсті», «күлгін», «сары», «қызыл», «қоңыр, «қара 
балмұздақ», «қара» (7), «суық» (5), «тәтті»(3), «стакан», 
«клеткамен болады» (3), «ауырамыз» (2)
Кемпірқосақ 
«әртүрлі түс», «жеті түсі болады» (7), «жаңбырдан соң» (5), 
«әдемі» (5), «бұлттарда жүреді», «бұлттар ұстайды» (3)
Майшам 
«жарық болады» (3), «ериді» (3), «от» (2) 
Бүлдірген 
«тәтті», «дәмді» (5), «қызыл түсті» (4), «помидорға ұқсайды» 
(2), «витамин береді» (1) 
Тоқылдақ 
«тұмсығы үшкір» (4), «құс» (3), «ағашты теседі» (4), «жем 
іздейді» (1) 
Ұшақ 
«үлкен болады» (6), «аспанда ұшады» (3), «алысқа бару үшін» 
(2), «көп адам отырады» (2), «құсқа қарап жасады» (1) 
Еркін 
ассоциативті 
эксперименттің 
нәтижесі 
бойынша 
респонденттердің 
ынталандырушы сөздердің сыртқы бейнесіне, іс-әрекеттеріне назар аударатыны байқалды. 
Яғни респонденттердің ынталандырушы сөздермен ассоциациясының 50%-ы олардың сыртқы 
бейнесі, түр-тұрпатына қатысты сипаттады. Мысалы, «Аяз ата» сөзін «қып-қызыл», 
«балмұздақты» түстеріне қарай «ақ, күлгін, сары, қызыл, қоңыр, қара» деп береді. Ал 40%-
ының ассоциациясы іс-әрекеттермен байланысты. Мысалы, «майшам» сөзін «жарық болады», 
«ериді» деп көрсетсе, «тоқылдақты» «ағаш теседі», «жем іздейді» деп, «ұшақты» «аспанда 
ұшады» деп береді. Респонденттің енді бір 10%-ының ассоциациясы ерекшеленеді. Яғни олар 
өз түсініктері бойынша, сондай-ақ қосымша естіп білген мәліметтері бойынша жауап берді. 
Мысалы, «кемпірқосақ» сөзіне «бұлттарда жүреді», «бұлттар ұстайды» деп жауап берсе, 
«бүлдіргенді» «помидорға ұқсайды», «витамин береді» деп, «ұшақ» сөзін «құсқа қарап 
жасады» деп өз жауаптарында көрсетеді. 
Бағытталған ассоциативті экспериментте экспериментаторлар ынталандырушы сөздер 
бойынша арнайы сұрақтар дайындады. Сол сұрақтарды қою негізінде эксперимент жүргізілді. 
Бағытталған ассоциативті эксперименттің нәтижесі: 
Кесте 2 
Қандай? 
Не істеді? 
Қашан? 
Не үшін? 
Аяз ата 
«қып-қызыл» (1) «қар береді» (1), 
«көңіл көтереді» 
(1) 
«қыста» (4 ),
«түнде»(1), «жаңа 
жылда» (1)
«сыйлық береді» 
(6) 
Балмұздақ 
«ақ», ақ түсті», 
«қара 
балмұздақ», 
«күлгін», 
«сары», «түрлі 
түсі болады» (9), 
«ериді» (5) 
«жазда» (3) 



344 
«наны 
бар», 
«нансыз 
болады» (6) 
Кемпірқосақ «түрлі түсті» (6) «бұлт арасынан 
шығады» (4) 
«жаңбыр 
жауғанда»,
«жаңбырдан соң» 
(6) 
«әдемі 
болу 
үшін» (2) 
Майшам
«жарық» (5) 
«жарық береді» 
(6) 
«оны біз туған 
күнде 
және 
қараңғыда 
жағамыз» (1) 
«ол 
бізге 
қараңғы болмау 
үшін керек» (6) 
Бүлдірген
«тәтті», 
«қызыл», 
«жабысқақ» (4), 
«кейде қышқыл» 
(1) 
«бүлдіреді» (3) 
«жазда өседі» (3), 
«бақшада 
өседі» 
(1) 

Тоқылдақ 
«тұмсығы 
үшкір» 
(1), 
«әдемі құс» (1), 
«қара» (1) 
«ағашты теседі» 
(1), 
«жем 
іздейді» (1) 


Ұшақ 
«түрлі 
түсті 
болады» 
(1), 
«үлкен болады» 
(1) 
«аспанға 
ұшады» (2) 

«алыс 
жерге 
бару үшін» (3), 
«басқа 
қалаға 
жету үшін» (1) 
Бағытталған ассоциативті эксперименттің нәтижесі бойынша респонденттердің 10%-
ына жуығы кейбір сұрақтарға жауап бере алмады. Әсіресе, жауап беру «қашан?» және «не 
үшін?» деген сауалдарда қиындық тудырды. Дегенмен, қалған «қандай?» және «не істеді?» 
деген сұрақтарға респонденттер толығымен жауап берді.
Ассоциативті жауаптар ешқашан кездейсоқ айтылмайды. Оларды кем дегенде екі үлкен 
топқа бөлуге болады. Олар «сыртқы» және «ішкі» ассоциативті байланыстар деген 
терминдермен түсіндіріледі.
Сыртқы ассоциативті байланыстар, әдетте, ынталандырушы сөздің сыртқы бейнесі 
немесе оның белгілі бір бөлігі арқылы (мысалы, ҰШАҚ > қанат, БҮЛДІРГЕН > қызыл) 
көрінеді. Ал ішкі ассоциативті байланыстар деген ынталандырушы сөзді белгілі бір санат 
қатарына жатқызуы арқылы (мысалы, ТОҚЫЛДАҚ > құс, БАЛМҰЗДАҚ > тағам ) көрінетін 
ассоциативті жауап түрі.
Кесте 3 
Еркін ассоциативті эксперименттегі сыртқы және ішкі ассоциативті байланыстар 
Сыртқы ассоциативті байланыстар 
Ішкі ассоциативті байланыстар 
Аяз ата > қып-қызыл 
Аяз ата > жаңа жыл 
Кемпірқосақ > түрлі түсті 
Кемпірқосақ > жаңбырдан соң 
Шайнек > бу шығады 
Шайнек > шай қайнату үшін 
Қолшатыр > үлкен 
Қолшатыр > күннен сақтайды 
Бүлдірген > қызыл 
Бүлдірген > қолды бүлдіреді 
Сыртқы ассоциативті байланыстарды респонденттер ынталандырушы сөздердің түр-
түсі, ерекшеліктеріне қатысты атағаны көрінсе, ал ішкі ассоциативті байланыстарды өзінің 
санасындағы түсінігіне байланысты көрсеткен.
Жалпы өткізілген еркін және бағытталған ассоциативті эксперименттің нәтижесі 
бойынша респонденттердің жауаптары өз түсініктері, ассоциацияларына сәйкес әртүрлі 
болатыны көрінді. Сондай-ақ жауаптары ұқсас респонденттерді де байқауға болады. Бұл 
ұлттық ерекшеліктерге байланысты тілдік сананың көрінісі деп те айтсақ болады. 


345 
Әдебиет: 
1.
Салқынбай А.Б., Құдасова А.Т. Күрделі атаулардың уәжделу жолдары. Журнал: Қазақ 
Ұлттық университетінің хабаршысы. – 2015. - №5 (157). – 296 б. 
2.
Д.Г. Выговская. Ассоциативный эксперимент как один из методов в психолингвистике
Наука ЮУРГУ: Материалы 66-й научной конференции секции социально-гуманитарных наук. 
– Челябинск: Издательский цент ЮУрГУ, 2014. – 1766 с. 
3.
Фрумкина Р.М. Психлингвистика: учеб. Пособие М.: Академия, 2007. – 320 с. 
4.
Горошко Е.И. Интегративная модель свободного ассоциативного эксперимента. – М.: 
Институт языкознания РАН – Харьков: РА – Каравела, 2001. – 320 с. 
5.
Жакупова А.Д. Методика «направленного» психолингвистического эксперимента в 
сопоставительной мотивологии //Вестник ПГУ. Сер. Филол. – Павлодар, 2008. – № 3. – 90-108 
с. 
6.
Архипова С.В. Ассоциативный эксперимент в психолингвистике. Журнал: Вестник 
бурятского государственного университета. – 2011. - №11. – 6-9 с.
7.
Одинокова Н. Ю. Свободный ассоциативный эксперимент как один из методов 
изучения профессиональной коммуникации. Альманах современной науки и образования 
Тамбов: Грамота, 2007. № 3 (3). – 180-182 с. 
8.
Щербакова Н. Н. Направленный ассоциативный эксперимент как средство выявления 
языковых изменений / Н. Н. Щербакова // Психолингвистические аспекты изучения речевой 
деятельности. – 2020. – № 18. – 68-74 с. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   532




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет