584
-жетілу - хладостатты камерасында суыту
-бөтелке мен пакеттерге құю - жетілу
-сақтау
-сатуға жіберу.
Қорытынды
Қазіргі уақытта күнделікті тұтынатын өнімдерді дәруменді және минералды
қоспалармен байыту өте маңызды болып келеді. Өйткені ағазаға керекті микроэлементтердің
біреуі жетіспесе, әртүрлі аурулар пайда болуы мүмкін. Сондықтан функционалды тамақтануға
арналған сүтқышқылды өнімдердің жаңа, қымбат емес, массалық тұтынатын өнім түрлері
қажет. Шетелді зерттеушілердің қортындыларына сәйкес, функционалды тамақтанудың
негізін қалаушы – құрамында бифидобактериялар, олигосахаридтер, тағамдық талшықтар,
аминоқышқылдар, пептиндер, холиндер, дәрумендер мен макро- және микроэлементтері бар
өнімдер болып табылады.
Барлығымыз білетіндей, сүтқышқылды өнімдер адамның рационалды тамақтануында
және асқазан-ішек ауруларын алдын алуда, емдеуде маңызды рөлді атқарады. Сүтқышқылды
өнімдерінің құрамындағы сүтқышқылды бактериялардың, соның ішінде, бифидобактериялар
әсерінен емдік қасиеті жоғары болады. Сонымен қатар сүтқышқылды өнімдерінің сіңімділігі
сүтке қарағанда жоғары, себебі, олар асқазан және ішектің секреторлық жұмысына әсер етіп,
нәтижесінде асқорыту жүйесінің бездері тамақтың қорытылуын тездететін ферменттерді
белсенді бөледі.
Сүтқышқылды өнімдер, сүттің құрамындағы болатын және сүтқышқылды мен
бифидобактериялардың ферментация процессі кезінде пайда болатын тағамдық
ингредиенттермен қатар, ағзаның қалыпты физикалық дамуын қамтамасыз ететін
орынбаспайтын компоненттердің бағалы көзі болып табылады. Ең біріншіден, бұл
толыққұнды ақуыз бен кальцийге байланысты, олар ағзада жақсы сіңіріліп, баланың өсу мен
дамуына жағдай жасайды.
Әдебиет
1 Есеналинова Б.С., Нурышева Г.С., Кабдулина Б.Ж. Молочные продукты для
функционального питания. // Пищевая и перерабатывающая промышленность Казахстана №5.
2005. С. 19-21.
2 Диханбаева Ф.Т. Основные направления разработки технологии комбинированных
молочных продуктов. // Пищевая и перерабатывающая промышленность Казахстана №6. 2007.
С. 20-21.
3 Джумабаева Г.К. Молочная промышленность в Казахстане. // Пищевая и
перерабатывающая промышленность Казахстана №1. 2008. С. 44.
4 Синявский Ю.А. Роль и значение кисломолочных продуктов в питании человека. //
Пищевая и перерабатывающая промышленность Казахстана №2. 2008. С. 41-43.
5 Петрухина А. Молоко+Йогурт. // Наука и жизнь №2. 2009. С. 46-51.
6 Тамим А.Й., Робинсон Р.К. перевод с англ. Под науч. ред. доктора техн. наук, проф.
Забодаловой Л.А. Йогурт и другие кисломолочные продукты. – Санкт-Петергург: Изд-во
Профессия, 2003. С. 20-21, 32-69, 438-446, 572-580,
7 ҚР СТ 1065-2002 Йогурт. Жалпы техникалық шарттар.
Достарыңызбен бөлісу: