№12 семинар. Дыбыс үндестігі. Тіл арты дыбыстарының тіл алдына жылжу үрдісі
Сұрақтар: 1. Дыбыс үндесімі. Игерудің түрлері, маңызы.
2. Дауыссыз дыбыстардың ӛзара үйлесімі. Ықпал, игеру заңдылығы. Жасалым, айтылымға
қатысты игеру
3. Тіл арты дыбыстарының тіл алдына жылжу үрдісі
Тапсырма 1. Дауысты дыбыстардың еріннің қызметі жағынан үндесуіне көңіл бөліп, мына шумақтарды дұрыс оқып және айтылуы бойынша жазыңыздар. Қазақтың ӛзге жұрттан сӛзі ұзын,
Бірінің бірі шапшаң ұқпас сӛзін.
Кӛздің жасы, жүректің қаныменен,
Ерітуге болмайды ішкі мұзын (Абай).
Ӛсер... ӛсер... не ӛсер. Тек зұлымдық ӛсер нӛсер болып сенен! Сор ӛсер, ар ӛшер! Ӛскенде тек зар
ӛсер сенің лағынет табаның астында! (М.Әуезов).
Ӛлсе ӛлер табиғат, адам ӛлмес.
Ол бірақ қайтып келіп, ойнап күлмес.
«Мені мен менікі»-нің айрылғанын
«Ӛлді» деп ат қойыпты ӛңкей білмес (Абай).
Сӛйтіп, он шақты күн ішінде Абайды ӛзінің шаруа мұңымен, қамдармен ертелі-кеш алаң ететін
сӛздер енді Аралтӛбедегі ауылда саябырлап басылған еді. Ас үстінде, кейде шақтарда, Абай оқыған
кітаптың жайынан әңгіме сұрайды (М.Ә.). – Әділ тӛресін ӛздерің айт ағалар, – деп Сұлтанмахмұт сӛзін
бітірді де, жұртқа тесіле қарап, «Үкім» күтіп тұрып алды (Д.Ә.). Жез қалпақ қайта қағылғанда, жұрт
тапыр-тұрып отыра бастап еді (Ғ.М.).
2. Төмендегі сөйлемдерден сөз ішінде немесе сөз аралығындағы дауысты дыбыстардан болатын комбинаторлық өзгерісті (элизиялық құбылысты) анықтап, себебін түсіндіріңіз. Байқаса, біреу арғы жағадан ербеңдеп асығып келеді екен (М.Ә.). Мұң ұялап қамыққан кӛңілді
сол мұңды әндер ғана босата алады (Ғ.М). Жүргіншілердің бұл кезде келіп тірелген жері – Машат
тауының желке тұсы екен (М.Ә). Ӛзінің ауру-сауын да айыра алмайды (М.Ә.). Ұлжан да кӛп әңгіме
білуші еді (М.Ә.). Сары ала дорба қайыс таспамен тӛбеге ілулі тұрады. Сырымбет тауының күнгей
жағында жалаңаштанған екі ӛркеші қылтияды. Құдаларды қарсы алуға тӛрт ауыл түгел әзірленіп
жатыр. Тірі болсам, туған жерді бір кӛрсетем деуші едім. Қыстыгүні сақылдаған сары аяз. Әкемнің қол
таңбасы түскен шахмат сақалды ма екен. Нұржан қосқа қайта оралады.