Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі


Барлығы 150  30  30  15  70



Pdf көрінісі
бет2/43
Дата18.09.2022
өлшемі0,68 Mb.
#39378
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43
Байланысты:
115eaee7d54809c5d9c6fff06393e36b

 
Барлығы 150 
30 
30 
15 
70 
 
2. ОҚЫТУШЫ ТУРАЛЫ ДЕРЕК 
Қалиев Бектұрсын Аманқұлұлы, филология ғылымдарының кандидаты, қазақ тіл білімі 
кафедрасының қауымдастырылған профессоры.
Эл. адресі: 
Kaliev-69@mail.ru.
Мұқанов кӛшесі, 1-үй, 209-кабинет. Кафедрада болатын уақыты 
09
00
- 16
00
.
Тел.: 77-66-03 (каф.) 
 
3. КУРС САЯСАТЫ 
Аталған оқу курсы Е.А.Бӛкетов атындағы Қарағанды университетінің Академиялық саясат 
талабына сәйкес ұйымдастырылған. Академиялық талапты орындамаған және сабаққа қатысуы тӛмен 
болған жағдайда ықтимал салдарға назар аудару ұсынылады. Осы пәнді оқу барысында оқытушы мен 
білім алушылар университетте қабылданған Академиялық адалдық ережесін ұстануы тиіс. 
Университеттің академиялық саясаты мен академиялық адалдық ережесіне Е.А.Бӛкетов атындағы 
Қарағанды университетінің сайтында еркін қол жеткізуге болады www.buketov.edu.kz, сондай-ақ білім 
алушылардың жеке кабинетінде. Барлық студентке /магистрант /докторанттарға сабақтағы оқу 
тақырыбын талқылауға тең мүмкіндік беріледі. Силлабуста кӛрсетілген оқу тақырыптары бойынша 
барлық адамның сұрақ қоюға және жауап алуға құқығы бар. Оқытудың тапсырмасын орындау кезінде 
білім алушының ойлау ерекшелігі, шығармашылық кӛзқарасы құпталады. Барлық білім алушыдан 
мінез-құлық академиялық мәдениетін сақтау, бір-біріне ӛзара құрмет кӛрсету талап етіледі. Ерекше 
білім беру қажеттілігі бар білім алушылар оқытуда жеке кӛзқарас құқығын пайдалана алады. 
 
4. КУРСТЫҢ ПРЕРЕКВИЗИТІ: Нормативті қазақ тілі, Тіл біліміне кіріспе, Қазіргі қазақ тілі. 
 
5. КУРСТЫҢ ПОСТРЕКВИЗИТІ: Тіл білімінің тарихы, Түркі тілдерінің салыстырмалы 
грамматикасы, Жазу тарихы, Қазақ тілінің тарихи грамматикасы 
6. КУРСТЫҢ ҚЫСҚАША СИПАТТАМАСЫ 
Курс қазіргі қазақ тілі дыбыс жүйесінің зерттелуіне, тіл дыбыстарының пайда болуына, жасалуы 



және естілу қасиетіне, дыбысты зерттеуде қолданылған әдіс-тәсіл, дыбыс шығарудағы сӛйлеу 
мүшелерінің қызметі, дауысты дыбыстар жүйесі, олардың құрамы, негізгі қасиеті, дауыссыз дыбыстар 
жүйесі, олардың түрлері, негізгі белгісі, буын және екпіннің қызметі, белгісі, түрі, үндесім заңы, оның 
түрі, дыбыстардың алмасуы, орфография және орфоэпия мәселесі мен транскрипция ұғымының 
сипатына қысқаша шолу жасауға бағытталған. 
Қазақ тілінің орфографиясы мен пунктуациясын оқытудағы қиындық келтіріп жүрген жайды 
қарау, емле мен тыныс белгілерін ғылыми негізін сӛз ете отырып, тыныс белгілерін жазу 
практикасында қолдануды бірізге түсірудің тиімді жолдарын нақты факті негізінде талдау мәселесі де 
қарастырылады. 
Курстың негізгі мақсаты – сауатты жазу мен дұрыс сӛйлеу заңдылығының негізінде студенттерге 
тілдің дыбыстық жүйесінен, дауысты, дауыссыз дыбыстардан, қазақ тілінің дыбыстық құрамы мен 
ерекшелігінен, үндестік заңынан, орфоэпия мен орфографиядан, сонымен қатар қазақ тілінің 
морфонологиялық заңдылығы туралы жүйелі білім беру.  
Қазіргі қазақ жазуы емле ережесінің қалыптану негізін қарастырады; сӛздерді ережеге сай дұрыс 
жазу және қазақ орфографиясы негізгі принципінің сипаты қарастырылады; тыныс белгілерінің дұрыс 
қойылуын түсіндіру және оны практика жүзінде меңгерту мәселесі қарастырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет