17
талдау жасау үшін алдымен сол сӛз, мәтінді орфографиялық нормаға сай жазу керек болады. Бұл,
әрине, орфографиялық білікті керек етеді.
Енді бұған айтылуына орай кейбір ӛзгерту жасауға тура келеді. Яғни айтылуына сәйкес келмейтін
немесе дыбыстық құрамды кӛлегейлеп тұрған әріптерді белінен бір сызып (кӛрініп тұру үшін), үстіне
олардың дыбыстық мәнін (бейнесін) жазамыз. Олардың себебін түсіндіреміз. Алмасуға ұшырайтын
дыбысқа қай дыбыс әсер етіп тұр, несімен әсер етіп тұр, ықпалдың түрі қандай – мұны бағыттама
(стрелка) қою арқылы түсіндіруге болады. Сонда дыбыстан дыбысқа қарай бағытталған стрелкамыз
сӛздің тӛменгі жағында болса, онда ол акустикалық ықпал болғаны, үстінде болса – артикуляциялық.
Ықпалдың екі түрі де бір мезгілде болса, бағыттама астында да, үстінде де тұрады деген сӛз.
Мұны және басқа ӛзгерісті мысалдармен кӛрсетейік:
Достарыңызбен бөлісу: