Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі



Pdf көрінісі
бет36/43
Дата18.09.2022
өлшемі0,68 Mb.
#39378
түріБағдарламасы
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   43
 
№9 СӚЖ. Дауыс ырғағының (интонация) маңызы; Кідірістің (пауза) дауыс ырғағымен 
байланысы
Тапсырмалар 
1. Мәтіндегі сөйлемдерді айтылу мақсаты мен интонациясына қарай ажыратыңыз. Біресе 
атанын жұлмалап, біресе қозыларына жүгіріп, абыржып қалған Берден: – Ей, мына бӛрік қайда 
барады? Сырдарияға қарай тартты ғой! – деді. Шалдың басынан ұшып түскен бӛркін су ақырын ғана 


25 
жылжытып әкетіп барады екен. 
– Тоқта шал! Әуреленбе. Құтылдық, құтылдық! Айгүл атына қарғып мініп алып, қалғып тұрған 
қараңғы түнді жарып жібергендей ашық дауыспен: 
– Тоқтаңдар! Тоқтаңдар отарды! Таңертең құрғақпен қозғаласыңдар. Канал бітіпті! Канал, канал! 
Жайылма суды сол тартып әкетіп жатыр. Канал, канал! – деп, шұбаған отардың алды-артына шауып 
барып оралып әрең тоқтады (Ғ.М.). 
2. Сөйлемдерден аралас буынды сөздерді тауып, буындарының қалай орналасқандығына көңіл 
аударыңыз; Мұндай сөздерге қосымшаның жалғану заңдылығын түсіндіріңіз. Бір жағынан Москва, 
Орынбор, Самар қалаларын алып жатса, ал екінші жағында Арал, Ақмешіт, Әулиеата, Ташкент, 
Түркістан. Екі жаққа бірдей қол созып, Азия мен Европаны бір-біріне жалғап тұрған темір жол 
бойындағы станция, вагон оңдайтын цехы, паровоз оңдайтын депосы бар. Ақбала маскүнем арбакеш 
әкелген бір бӛшке суды жалғыз тасыды. Кӛп кісі қапелімде Еламанның жанына жиналып қалды. 
Чехословакия корпусы басып алған бүтіл Сібірді алғашқы кезде Директория басқарып еді, қазір үкімет 
басына Колчакты отырғызды (Ә.Н.). 
3. Берілген сөздерге қосымшалар жалғап, ондағы ерекшеліктерге түсінік беріңіз. Округ, банк, 
танк, металлург, металл, рекорд, журналист, разряд, слесарь, режиссер, полис, лагерь, сеанс, экран, 
цилиндр, акварель, кабель, глобус, архив, магистр, бакалавр, эксплозив, конспект, объект, монофтонг, 
трактат, митинг, антракт, фланг, аншлаг, пломб, т.б.
4. Мәтіннен эмфазалық екпін түскен сөздерді тауып, нені аңғартып тұрғанын, қай дыбысы 
созылып айтылатынын көрсетіңіз. Құдайменде дәл бір тас тиген жыландай, кӛпке дейін қозғамады. 
Басын қорғаймын деп қамшыға қолын тосқан-ды. Қолы сынғандай, сырқырап ұйып бара жатты. 
– Құде-ке… қа-лай-сыз? 
Ашу қысқанда Құдайменде ауырған жерін де ұмытып атып түрегелді.
– Шық!.. Шық үйден, ой ӛңшең ез! 
– Еламан ӛзінің бұл кірісі сӛлекеттеу болғанын сезіп, ыңғайсызданып қалды. 
– Тақсыр… 
– Аз-и-ат! – деп, анау Еламанды жағынан тартып жіберді. Еламан дір-дір етіп ӛзін зорға ұстап 
қалды.
– Тақ-сыр!.. Мӛңкенің жалғыз баласы қайтыс болды. Бүгін жерлейтін күніміз еді... – деп, оны 
қатты бетінен қайырмақ болды (Ә.Н.). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет