52
магистранттары арасында «Инсайт-2022» хакатоны өтті. Осы Хакатонның
тәлімгерлері мен қазылар алқасының мүшелері демеуші кәсіпорындар:
«АрселорМиттал Теміртау» АҚ, «Epam Kazakhstan» ЖШС, «WOOPPAY»
ЖШС,
«X
NET»
ЖШС,
«Kazpromavtomatika»
ЖШС
және
«Qazdevelop»ЖШС өкілдері болды. Аталған іс-шараға «Қарағанды
облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және
архивтер басқармасы», Қарағанды қаласының БАҚ: 5 арна, «Saryarka»
ақпараттық қолдау көрсетті. Бұл іс-шара жыл сайын біздің университеттің
базасында өткізіледі.
Факультет ғалымдары IT бағыты бойынша ашық жүйелер
тұжырымдамаларын пайдалана отырып, білім мен біліктілік деңгейін
арттырудың SMART-технологияларын, BIG DATA әзірлеу және енгізу,
физикалық процестерді компьютерлік модельдеу және т.б. бойынша
қаржыландырылатын ҒЗЖ шеңберінде жобаларды орындайды.
ХжәнеХТ кафедрасының бағыты бойынша қаржыландырылатын
ҒЗЖ шеңберінде өсімдіктерден табиғи тритерпеноидтарды бөлу және
оларды химиялық трансформациялау әдістерін әзірлеу және енгізу
бойынша жобалар жүргізілуде, сондай-ақ бактерияға қарсы, қабынуға
қарсы және антиокси-данттық әсері бар табиғи заттар негізінде азол
қосылыстарын синтездеудің тиімді әдістерін әзірлеу бойынша зерттеулер
жүргізілуде. «Нәтиже Сүт» ЖШС фабрикасы мен кафедра базасында
«Ірімшік чипстерін алу», «Лайм сусынын алу» ғылыми жобалары
орындалуда, сондай-ақ «Milk krasty» патентін алуға өтінім алынды.
Факультеттің студенттері мен магистранттары әртүрлі бағыттағы
халықаралық, республикалық, аймақтық іс-шараларға – айтыс, ғылыми
конференциялар, форумдар, хакатондар, стартаптарға белсенді қатысады.
Олардың жобалары мен әзірлемелері жыл сайын халықаралық және
республикалық
ғылыми-зерттеу
жұмыстарының
конкурстарында,
Республикалық пәндік олимпиадаларда жеңіске жетеді, бұл жоғары оқу
орнының рейтингін көтеріп қана қоймай, түлектердің еңбек нарығындағы
бәсекеге қабілеттілігін арттырады.
Біздің факультеттің даму векторы есептеу техникасын, ақпараттық
технологияларды
меңгеруден
басталды
және
инновациялық
технологияларға сүйенеді. Факультеттің басталуы Автоматтандырылған
ақпараттық жүйелер (ААЖ) мамандығынан басталды. Бүгінгі таңда
Қарағанды «Политехы» Инновациялық технологиялар факультетінің
ұжымы бәсекеге қабілетті мамандар даярлау және цифрлық өндірісті
дамытуға ғылыми үлес қосу саласында өңір кәсіпорындарымен тығыз
қарым-қатынас жасай отырып, болашаққа сеніммен қарайды.
Достарыңызбен бөлісу: