Қазақстан республикасы ғылым және жоғары білім


Өткен күндердің белгісі қандай ыстық



Pdf көрінісі
бет36/49
Дата02.12.2023
өлшемі1,25 Mb.
#132663
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   49
Өткен күндердің белгісі қандай ыстық 
 
Сүйіндік Баттақұлы туралы естелік жазу мен үшін өте қиын шаруа 
екенін білсемде, жастық шақтың періштедей куәсі болған қайран достың 
көз алдымызда өткен ұлағатты өмірінің кейбір тұстарынан ой 
жаңғыртқанды жөн көрдім. Біздің жақын танысып, думанды кештер мен 
қызықты күндерді жиі бірге өткізуіміз институттың алғашқы курстарында 
басталған еді. Екеуімізде ол кезде институт жатақханасында тұрамыз. Мен 
одан бір курс жоғары оқыдым, бірақ жас жағынан ол менен бірер көйлекті 
бұрынырақ тоздырған болып шықты. Біздерді пікірлес достыққа әкелген 
себептің басы- екеумізде қыр баласы болғандықтан, өмірге көзқарасымыз 
бен түсінік деңгейіміз онша алшақ болмайтын. Сол кездегі оқу 
орындарының жастары бір бірімен тығыз қарым қатынаста жүретін. Оған 
Гагарин алаңында жиі өтетін фестивалдар мен жоғары оқу орындары 
жатақханаларында өтетін сауық кештері ұйытқы болатын. Ал жастардың 
ән- күй, биге әуестігі басымырақ көрінетін. Сондықтан болар институт 
немесе факультет көркем өнер үйірмелеріне жаппай қатысатынбыз. 
Сүйіндік болса, ол кезде институт хорында ән бастаушының бірі болатын. 
Осындай, өзі әнші, өзі сері, сырықтай бойлы, аққұба сұлу жігіт қала 
бойжеткендерінің ұйқысын қашырып жүрген. Сәтті күндердің бірінде 
институтымыздың бір сұлуының көзіне ілікпесі бар емеспе. Ол бойжеткен 
менің таныс құрбымның досы болып шықты. Қыз тарапынан махаббат 
отының лаулағаны сондай, ол тіпті дерт шалғандай, дұрыс тамақ ішіп, 
ұйқы күлкі көруден қала жаздағандай болған соң достар болып олардың 
тезірек үй болуларын қалаған едік, көп кешікпей ол үмітімізде ақталды. 
Тату тәтті екеуі құрған жанұяда екі сәби дүниеге келді. Олар институтты 
бітіріп, бірі институттың «Материалдар кедергісі» кафедрасында 
педагогтық жұмыста қалса, отағасы Ленинградтың құрылыс институтының 
аспирантурасына ғылым қуып, оқуға аттанды. Осылайша тамаша 
басталған екі жас тағдырының арты көп кешікпей үлкен драмаға ұласты. 
Нағашы атасының қолында тәрбиеленіп жүрген қыз баласы кенеттен 
аурып қайтыс болды. Қарағандыда демалыста жүрген күндердің бірінде 
Сүйіндіктің өзі де ауыр жол апатына ұшырады. Осы апат кезінде ер 
баласынан айрылды және өзі де хирургтің қолына түсіп, ұзақ уақыт 
жасалған операциядан кейін әрең қатарға қосылды. Тағдырдың тәлкегі 
онымен де тынбады. Көп 20 21 кешікпей жүрекке жасалған операция 
үстінде аяулы жарынан да айрылды. Бірақ Сүйіндік осы қайғы- қасіреттің 
бәрін жеңіп шықты. Зерттеп жүрген жұмысын сәтті аяқтап, Ленинград 
құрылыс институтында кандидаттық диссертациясын қорғады. Ғылым 
кандидаты дәрежесінде Қарағандыға оралған ол, құрылыс факультетінің 


101 
сан қилы оқу- әдістемелік және ұйымдастырушылық жұмыстарына 
белсене кірісіп кетті. Осы кездегі факультет деканы Сапа Үмбеталиннің 
сенімді де іскер серігі болды. Көптеген жылдар «Материалдар кедергісі» 
кафедрасын басқарды. С Үмбеталин демалысқа кетерде орнына Сүйіндікті 
лайық көрді. Кейіннен «Құрылыс материалдары мен бұйымдары 
технологиясы» кафедрасының ұзақ жыл меңгерушісі болды. Айтылған 
ұжымдарды басқарудың басты шарты білікті мамандарды топтастыру деп 
білді. Осындай мақсатпен Мәскеу, Ленинград қалаларында білім алған, өзі 
жақсы білетін көптеген маман-кандидаттарды институт жұмысына 
жұмылдырды. Оның осы қалаларда оқитын жастар арасындағы беделінің 
зор екенін 1966 жылы Ленин қаласына барған бір іссапар кезінде байқаған 
едім. Ленинградта болуым бірінші рет. Сондықтан Сүйіндік екеуіміз тығыз 
кесте жасап алдықта алда болатын 10 күн ішінде қалада біз көруімізге 
тиісті музейлер, ғимараттар, Ленин қаласы маңындағы қалашықтар, сол 
сыяқты басқада оқу орындарының жетістіктерімен танысуды мақсат 
тұттық. Осы күндер ішінде Сүйіндік менің қасымда болып, бар 
ықыласымен достық көңілін білдірген еді. Сол кезде Ленинградта жүрген 
Мұрат Әуэзов басқарған «Жас тұлпар» ұйымының мүшелерімен де 
таныстырған еді. Ленин қаласында ол жемісті еңбек етіп, ғылыми 
табыстарға жетті. Осынша ұзақ зерттеуге көңіл бөліп жүрген нысанаң не? - 
деген сұрағымызға: «Бетон және қоспалар иінін қандыру формуласын 
тауып берсембе екен деген» талпыныс қой дейтін. Бұл салада да үлкен 
жаңалықтар ашты. Көптеген шәкірттер дайындады. Олардың бәрі де 
факультетті ілгері дамытуға ұтымды үлестерін қосты. Кейбіреулері сол 
факультеттің кафедра меңгерушілігіне дейін өсті. Өзі де оқу тәрбие 
жұмыстарын ұйымдастырудың ересен шебері дәрежесіне көтерілді. 
Жұмыс барысында қандай мәселелерді талқылау керек болса, оған бар 
ынтасын сала кірісетін. Әсіресе ғылыми Кеңес талқысына түсетін 
мәселелерді егжей - текжейіне дейін қадағалап, ұтымды шешімдер 
тапқанша тағат таппайтын. Пікір таласта жеңілісті жаны сүймейтін. Солай 
бола тұра, пейілі кең, жастарға үлкен қамқоршы еді. Оны университет 
ұжымы, әріптестері мен студенттер қауымы қатты сыйлайтын. Өмірінің 
соңғы кезеңдері бақытты өтті деуге болады. Семья құрды, сәбилер сүйді. 
Қазіргі таңда ұлы мен қыз балалары өзалдына жеке -жеке семьялардың 
басы, еліне қадірлі, белгілі адамдар. Сүйіндіктің туыстары да биязы
мейрімді, білімді азаматтар болды. Ағасы Дуантай мен інісі Еркін жоғары 
деңгейдегі мамандар қатарында үлкен істер тындырып, облыс, қала 
жұртшылығының құрметіне бөленген жандар еді. Осындай далалық 
перзент болып дүние есігін ашқан досымыз, артында өшпес мұра, үрім 
бұтақ, даңғыл іздер қалдырды. Жатқан жерің жарық, иманды бол! Арттағы 
ұрпағыңа өзің жасай алмаған жасты жасауға, аяқтай алмаған істеріңді 
жалғастыра беруге жазсын 


102 
 
Аман Жанғожин. «Орталық Қазақстан», 10 желтоқсан, 2009 жыл. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет