Қазақстан республикасы ғылым және жоғары білім


В.Ф. БЫРЬКА – ҒАЛЫМ, ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ, ҰСТАЗ



Pdf көрінісі
бет33/49
Дата02.12.2023
өлшемі1,25 Mb.
#132663
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   49
В.Ф. БЫРЬКА – ҒАЛЫМ, ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ, ҰСТАЗ 
Орталық 
Қазақстанда 
автоматика, 
есептеуіш техника, ақпараттық және басқару 
жүйелері саласындағы ғылыми мектептің 
қалыптасуы және дамуы профессор, техника 
ғылымдарының докторы Владимир Филиппович 
Бырькамен тығыз байланысты. 
Барлық еңбек және ғылыми қызметін 
Бырька В.Ф. тау-кен өнеркәсібі үшін білікті 
инженерлерді 
даярлауға, 
шахталарды 
автоматтандыру мен телемеханикаландырудың 
ғылыми негіздерін әзірлеуге, кен өндіру 
кәсіпорындарында және өнеркәсіптің басқа 
салаларында өндірістік процестерді кешенді 
механикаландыру мен автоматтандыру құралдарын жасауға және ендіруге 
арнады. 
Қарағанды ғылыми-зерттеу көмір институтының (ҚҒЗКИ) автоматика 
және 
телемеханика 
бөлімінің 
бастығы, 
өндірістік 
процестерді 
автоматтандыру кафедрасының меңгерушісі, Қарағанды политехникалық 
институтының ғылыми және оқу ісі жөніндегі проректоры, 170 ғылыми 
еңбектің және 30 өнертабыстың авторы, 30 ғылым кандидаты мен 
докторын даярлады, Еңбек Қызыл Ту орденімен екі мәрте марапатталды. 
Бұл ресми өмірбаянының бірнеше жұпыны жолдары ғана, бірақ 
оларда ондаған жылдар бойы үздіксіз қарбаласқан, шығармашылық еңбек 
шоғырланған. 
Владимир Филиппович Бырька 1927 ж. 20 желтоқсанда Украинаның 
Луганская облысының Верхний қаласында туылған.
В.Ф. Бырьканың отбасы Украинада оккупацияда болды. Сол жерде 
1942 ж. Владимирдің әпкесі Вера қайғылы жағдайға ұшырады. Он бес 
жастағы бозбала 1942 ж. Қызыл Әскер ұшағы қаланың үстінен тастаған 
листовкаларды жинағаны үшін гестапомен тұтқынға алынды. Володяның 
жолдасын атып тастағанда, оның тірі қалғаны таң қаларлық: ол үсті-басы 
көгеріп, өкпесіне суық тигізіп, үйіне оралды.
1943 ж. Батыс Донбасты оккупациядан босатқан соң Владимир 
Бырька Лисичанск тау-кен техникумына «Тау-кен электрмеханикасы» 
мамандығына оқуға түсті. Оны бітірген соң 1947 ж. Киев политехникалық 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет