Қазақстан республикасы ғылым және жоғары білім



Pdf көрінісі
бет39/49
Дата02.12.2023
өлшемі1,25 Mb.
#132663
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   49
Николай Федорович 
Гращенков (1929-2006



106 
Келесі практикалары Кемерово облысы Копейск қаласында 
Осинникте өтті. 1954 жылы жазда «Западуголь» ӨБ №27 шахтасында тау-
кен шебері болып істеді.
Диплом алдындағы практика тау-кен инженерінің тағдырын анықтап,
Қазақстан даласына деген сүйіспеншілігін оятқан Қарағанды 
қаласындағы № 20 шахтада желдету учаскесінде өтті.
1955 жылы Н.Ф. Гращенков институтты аяқтағаннан кейін, Аэрология 
және Еңбек қорғау кафедрасының меңгерушісі А.И. Ксенофонтова оған 
аспирантурада оқуды ұсынды.
Бұл жылдары ММИ Аэрология және еңбек қорғау кафедрасында 
академик А.А. Скочинский, профессор А.И. Ксенофонтова, профессор Е.С. 
Чендлер, доценттер А.А. Харев, С.Я. Хейфиц, К.А. Шильников, К.З. 
Ушаков, А.С. Бурчаков, ассистент А.Д. Климанов, ассистент В.С. Орехов 
жұмыс істеді, олар аспиранттың ғылыми қызметінің негізін анықтады.
Оған доцент Анатолий Семенович Бурчаков ерекше көңіл бөлді, ол 
кандидаттық диссертациясын қорғағаннан кейін кафедрада қалған және 
шахталардағы шаңмен күресу саласындағы маман болатын. Ол аспирант 
Н.Ф. Гращенковқа теориялық бөлімнен және эксперименттер қоюдан 
көмектеседі. 50-ші жылдары кафедраның газодинамикалық зерттеулерінің 
жаңа бағыты – үздіксіз газ бөліну және онымен байланысты өндірудегі газ 
тасымалдау динамикасын зерттеу қабылданды.
Нәтижесінде газды шахталар үшін ауа мөлшерін есептеудің «забой 
бойы әдісі» деп аталатын жаңа әдісі жасалды. Бұл әдіс Қарағанды бассейні 
шахталарында 1957-1958 жж. сынамаланды, ол кезде кафедра Қарағанды 
шахталарында тұйық қазбаларға газ бөлінуге зерттеу жүргізді (А.И. 
Ксенофонтова, А.С. Бурчаков, В.С. Орехов, Н.Ф. Гращенков, В.М. 
Маляревский). Нәтижелері «Қарағандының көмір бассейндеріндегі газды 
шахталарында ауа мен депрессия мөлшерін есептеу жөніндегі нұсқаулық» 
(ММИ, 1960 ж.) және «Қарағандының газды шахталарында ұзын 
созылыңқы дайындық қазбаларын желдетуді есептеу жөніндегі 
нұсқаулық» (ММИ – Қарағанды көмір» комбинаты 1960 ж.) деп аталатын 
жұмыстарда көрініс тапты, олар қазіргі кезде де өзектілігін жойған жоқ.
50-жылдардың аяғында Н.Ф. Гращенков көмір шахталарында шаң 
факторы бойынша қопару жұмыстарынан кейін дайындық забойларын 
желдету бойынша зерттеулер жүргізді.
Осы жұмыстардың қорытындысы академик А.А. Скочинскийдің 
ғылыми жетекшілігімен дайындалған және 1958 ж. табыспен қорғалған 
кандидаттық диссертациясы болды.
Ірі ғалым және ғылымды талантты ұйымдастырушы, КСРО ҒА 
академигі профессор Александр Александрович Скочинский және оның 
шәкірті профессор Анна Ивановна Ксенофонтова болашақ ғалымның 
тағдырын алдын-ала анықтап, ғылыми әлемде өміршеңдіктің негізін салып 
берді. КСРО-ның осы көрнекті ғалымдарымен тау-кен ісі саласында 


107 
жұмыс істей жүріп, Николай Федорович ғалым ретінде ғана емес, тамаша 
әдіскер және аналитик ретінде де қалыптасты [2, 30-33 б.].
1958 жылы Николай Федорович Қарағанды тау-кен институтында 
жұмысқа кірісті. А.А Скочинскийдің мектебі Қарағандыда тау-кен ісінде 
еңбек қауіпсіздігі саласында ғылыми база жасауға мүмкіндік берді.
Н.Ф. Гращенковтың ғылыми жетістіктерінің негізгі саласы көмір 
шахталарында тұйық қазбаларды желдетудің қауіпсіз параметрлерін 
негіздеу және үңгілеу бойынша жаңа технологиялық схема жасау болып 
табылды. Бұл бағыттағы зерттеулер техника ғылымдарының докторы 
ғылыми дәрежесін іздену диссертациясын қорғаумен және кеніштік 
желдету жөніндегі анықтамалық құжаттарды жариялаумен аяқталды, ол 
бірнеше рет басылым көрді, ал мазмұны бүгінгі күнде де өзекті, әрі 
қажетті.
1972 жылы Н.Ф.Гращенков докторлық диссертациясын тұрғылықты 
«политехшілер» ішінде, Ә.С. Сағынов, А.Ф. Кичигин, М.П. Тонконогов 
және В.Ф. Бырька сияқты белгілі және іргелі ғалымдарды алдыға салып
жетінші болып қорғады.
Осының бәрі – профессор Н.Ф. Гращенковтың үлкен ғылыми 
деңгейінің куәсі.
ҚазКСР ҒА корреспондент мүшесі Ә.С. Сағыновтың ұсынысы 
бойынша 1962 жылы «Кеніштік аэрология және еңбек қорғау» кафедрасын 
33 жастағы ғылым кандидаты Н.Ф. Гращенков басқарды, ол кафедраның 
даму болашағы тек оқу-әдістемелік жұмыспен ғана емес, ғылыми-зерттеу 
жұмыстарымен де байланысты екенін түсінді, осының айғағындай, 
талантты, еңбекке қабілетті ғалымның маңайында пікірлестері – 
шәкірттері мен әріптестері тоғысты. Профессор Н.Ф. Гращенков 45 
жылдық ғылыми жұмысы ішінде 50-ден астам ғылымдар кандидаты мен 
докторын дайындады, олардың көбі бүгінгі күні ЖОО-да, кәсіпорындарда, 
Қазақстан мен Ресей министрліктерінде басқарушы орындарда. Осы 
жылдар ішінде 200-ден астам ғылыми еңбек, 3 монография шығарылды, 
өнертабысқа 12 авторлық куәлік алынды. Бұл – ғалымның және маманның 
зор еңбек қабілеттілігі мен мақсаттылығының куәсі.
ХШЖК өнертабыс көрмесіне қатысқаны үшін 1960 ж. күміс медаль 
мен құнды сыйлық алды.
Профессор Н.Ф. Гращенковтың ҚарПТИ-дың қалыптасуы мен 
дамуына қосқан үлесі айтарлықтай. Жоғары білім мен ғылымның көрнекті 
ұйымдастырушысы, академик Ә.С. Сағыновтың жетекшілігінде және 
ғалыммен тығыз ынтымақтастықта жұмыс атқара жүріп, Николай 
Федорович өзінің барлық энергиясын, барлық айрықша талантын білім 
сапасын арттыруға, оқу-әдістемелік және тәрбие жұмыстарының жаңа 
деңгейін арттыруға бағыттады.
Оқу ісі жөніндегі проректор Н.Ф. Гращенковтың тікелей қатысуы мен


108 
бастамасы бойынша (1981-1990 жж. дейін) кураторлар кеңесі, екі 
факультет, төрт жаңа мамандық ашылды, ЖОО студенттері мен түлектері 
шетелдерде оқуға мүмкіндік алды.
45 жыл ғылыми қызметі ішінде профессор Н.Ф. Гращенков 50-ден 
астам кандидат және ғылым докторларын даярлады, олардың көпшілігі 
бүгінгі күні ЖОО-да, кәсіпорындарда, Қазақстан мен Ресейдің 
министрліктерінде жоғары орында отыр. Осы жылдар ішінде 200-ден 
астам ғылыми еңбектері, 3 монография, өнертабысқа 12 авторлық куәлік 
алынды. Осының бәрі ғалымның және педагогтың жұмыс қабілеттілігі мен 
мақсатқа талпынғыштығы туралы куәландырады.
Н.Ф. Гращенков кандидаттық және докторлық диссертациялар қорғау 
кезінде өзін ізденушілердің қателерін, адамның қасиетін қорламастан, әзіл-
оспақ түрінде көрсететін, өскелең ғылыми буынның қамқоршы ұстазы 
ретінде байқатты.
Николай Федоровичтің еңбектері шетел баспаларында жарияланды 
және 1996 жылы ол Еңбек қорғау және тіршілік қауіпсіздігі секциясы 
бойынша Экология, адам және табиғат қауіпсіздігі халықаралық ғылым 
академиясының (ЭҚХҒА) нағыз мүшесі болып сайланды.
Николай Федорович көп жылдар бойындағы жемісті еңбегі үшін 
«Еңбек Қызыл Ту» орденімен, ІІІ және ІІ дәрежелі «Шахтер даңқы» 
Құрмет Белгісімен, «В.И. Лениннің туғанына 100 жылдық құрмет 
мерекесіне орай қажырлы еңбегі үшін» медалімен (1970 ж.), «КСРО ЖОО 
министрлігі жұмысындағы үздік табыстары үшін» белгісімен (1974 ж.) 
және «Еңбек ардагері» медалімен (1989 ж.), КСРО және ҚазКСР Жоғары 
білім министрлігінің құрмет грамоталарымен марапатталды [3, 24-28 б.].
Н.П. Гращенков айрықша, мақсатқа ұмтылған, орынды қалжыңдасып,
адамдарға құрметпен қарайтын тұлға болды. 1950 жылы Николай 
мектепті алтын межадьмен бітіреді, бұл оның мақсаттылығын, мақсатқа 
талпынғыштығын және білімге және дүниені тануға үлкен құштарлығын 
куәландырады.
Николай Федорович Гращенков – жақсы отағасы. Зайыбы Гращенкова 
Галина Петровна – зейнеткер, бұрын – №92 мектепте орыс тілі және 
әдебиеті пәнінің мұғалімі болған. Қызы Наталья – тау-кен инженері
Қарағанды политехникалық институтының түлегі, «Центргеоаналит» 
ЖШС бас экологы, ұлы Александр «Оптимист» ЖШҚ компаниясының бас 
директоры және осы компанияның жүйелі операторы, ал оның әйелі 
Алевтина – «Систематика» ЖШҚ IТ-компаниясында бюджеттеу бойынша 
жетекші маман.
Күйеу баласы Баймульдин Мұрат Қаирович – тау-кен инженері, 
техника ғылымдарының кандидаты, доцент, ҚарМТУ кафедрасының 
меңгерушісі. 
Немересі Тимур Плеханов атындағы Мәскеу басқару академиясын 
және Томск басқару жүйелері және радиоэлектроника университетін 


109 
тәмамдады, қазір бағдарламашы-инженер болып қызмет етеді, оның әйелі 
Ирина – бизнесмен. 
Немересі Мұрат ҚарМТУ-ды бітірді, жақын арада Қарағанды 
технологиялық колледжінде кафедраны меңгерді, қазір ҚарМТУ-да еңбек 
етеді және магистратурада оқиды, оның әйелі Анастасия ҚарМТУ-да оқу-
әдістемелік басқармада жұмыс істейді.
Немере қызы Наталья Мәскеу мемлекеттік университетінің (Жоғары 
экономика мектебін, оның жанындағы магистратураны үздік бағамен 
аяқтады. Қазір – ақпараттық қауіпсіздік және IT қатерлері, медиа және 
«ЭРНСТ & ЯНГ» компаниясының (Халықаралық аудиторлық төрттікке 
кіреді) жоғары технологиялары саласында қызмет көрсету жөнінде 
бөлімінде аға кеңесші.
Немере қызы Мәскеу мемлекеттік университетінде (Ресейдің, баспа-
полиграфиялық істерге арналған мамандар даярлауды жүзеге асыратын 
жалғыз оқу орнында) баспа ісі және журналистика факультетінде оқиды. 
Әкімгер болып жұмыс істейді және журналист ретінде шетел көрмелеріне 
қатысады, оның мақалалары журналдарда жарияланады.
Николай Федоровичтің шөбересі Данил 3 жасында әліппені 
меңгерген, көп оқиды, көбейту кестесін біледі, қазақ және италия тілін 
үйреніп жүр, даңқты әулетті жалғастыруға дайындалуда.
Осының бәрі өскелең ұрпақты тәрбиелеудің жоғары деңгейі, қоршаған 
әлемге және Отанға деген сүйіспеншілік туралы куәландырады.
Әдебиеттер тізімі 
1. Гращенков Николай Федорович // Батырбеков М. Высшая школа в 
лицах / М. Батырбеков. – Алматы, 2001. – Кн. 3. –242 с. 
2. Гращенко Николай Федорович // Кто есть кто в казахстанской 
науке. – Алматы, 1999. –301с. 
3. Основные даты жизни и научно-педагогической деятельности 
профессора, доктора технических наук Н.Ф. Гращенкова // Ими гордится 
горный факультет / МОНиКР. – Қарағанды, 2010. – 90 с. 


110 
Жолмағамбетов Н.Р.,
Қарағанды техникалық университетінің
кен аэрологиясы және еңбекті қорғау 
кафедрасының меңгерушісі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет