Қазақстан республикасы ғылым және жоғары білім


–  Комиссия төрағасы – әскери кафедраның бастығы;  –



Pdf көрінісі
бет7/49
Дата02.12.2023
өлшемі1,25 Mb.
#132663
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   49
– 
Комиссия төрағасы – әскери кафедраның бастығы; 
– 
комиссия төрағасының орынбасары – кадр мәселелеріне жетекшілік 
ететін құрылымдық бөлімше айқындайтын ҚР ҚК офицері; 
– 
ҚР ҚК Әскери полиция органының әскери қызметшісі; 
– 
ЖОО дене тәрбиесі және спорт кафедрасының өкілі; 
– 
ЖОО оқытушыларының (әскери кафедра емес) қатарынан оның басшысы 
айқындайтын өкіл. 
Комиссия хатшысы болып ЖОО әскери кафедрасының өкілі 
тағайындалады (дауыс беру құқығынсыз). 


11 
Запастағы офицерлерді даярлау бағдарламасы бойынша оқыту үшін 
құжаттар бірінші (4 жылдық оқумен) және екінші (5 жылдық оқумен) курс 
студенттерінен қабылданады. 
Запастағы сержанттарды даярлау бағдарламасы бойынша оқыту үшін 
құжаттар бірінші, екінші (4 жылдық оқумен) және бірінші, екінші, үшінші 
курс (5 жылдық оқумен) студенттерінен қабылданады. 
Әскери даярлық ЖОО-да оқуды аяқтағанға дейін бір жыл бұрын оқу-
жаттығу жиынымен (кәсіптік практикамен) аяқталады. 
Әскери кафедрада оқу үшін конкурсқа қатысуға ниет білдірген 
Студент нысан бойынша өтініш ресімдейді. 
Медициналық куәландырудан өту үшін студенттерге әскери 
кафедрада ресімделген медициналық куәландыру карталары беріледі. 
Студенттерді медициналық куәландыру қабылдау жылының 1 ақпанынан 
бастап жергілікті әскери басқару органдарында жүргізіледі. Конкурстық 
іріктеуге қатысу үшін 7-нысан бойынша медициналық куәландыру 
нәтижелері іріктеу комиссиясының жұмысы басталғанға дейін 10 жұмыс 
күнінен кешіктірілмей әскери кафедраға ұсынылады. 
Медициналық куәландырудан өтпеген студенттер конкурсқа 
жіберілмейді. 
Студенттердің дене дайындығы дене шынықтыру нормативтерін 
тапсыру нәтижелерімен бағаланады. Үш норматив тапсыру сомасы 
бойынша 8 балл жинамаған студенттер конкурс кезеңінен өтпеген болып 
саналады. 
Студенттерді кәсіби-психологиялық тестілеу ЖОО-ның компьютерлік 
сыныптарында өткізіледі және уәждемелілік, күйзеліске төзімділік, сыни 
және логикалық ойлау деңгейін тексеруді қамтиды. 
Кәсіби-психологиялық 
іріктеуден 
және 
дене 
шынықтыру 
дайындығынан өту нәтижелері ведомосте ескеріледі, оған Комиссия 
мүшелері қол қояды. 
Әскери кафедраға тегін негізде оқу үшін рейтингте бірінші нөмірден 
бастап қабылдау жоспары бойынша бөлінген орындар санына сәйкес 
келетін нөмірге дейінгі студенттер жіберіледі. 
Конкурс кезеңдерінің нәтижесімен келіспеген Студент сол күні 
іріктеу комиссиясының төрағасына жазбаша өтініш (еркін нысанда) береді. 
Іріктеу комиссиясының хаттамамен ресімделген өтініш мәні жөніндегі 
шешімі өтініш келіп түскен күннен бастап 1 күнтізбелік күн ішінде 
«қанағаттандыру» немесе «бас тарту» деген тұжырыммен қабылданады. 
Конкурстың 
нәтижелері 
іріктеу 
комиссиясының 
жұмысы 
аяқталғаннан кейінгі күні сағат 17.00-ге дейін әскери кафедраның 
ақпараттық стендіне орналастырылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет