Қазақстан Республикасы Ғылым және


Бағыт көрсету, хабардар ету



бет2/2
Дата27.11.2023
өлшемі19,52 Kb.
#130423
1   2
Бағыт көрсету, хабардар ету. Мұндай бағдарламалардың негізгі бағыты балалардың дене мәдениеті мен спорттың қандай да бір түрі бойынша жеке тұлғалық хабардарлық бағдарын қалыптастырумен байланысты.
2. Маңызды, күрделі, іргелі: Мұндай бағдарламалардың мақсаты – қандай да бір спорт түрінен маңызды білімді меңгеру.
3. Қолданбалы (технологиялық). Бұл бағдарлама түрінің басты мәні қандай да бір спорт түрі бойынша балалардың белгілі бір қызмет тәсілдері мен біліктіліктер жиынтығын меңгеруі үшін жағдай жасау болып табылады.
4. Ақпараттық. Курстың мақсаты - әрбір баланың, жасөспірімнің иелігіне қандай да бір спорт түрі туралы ақпараттар ағымын беруге мүмкіндік жасау.
5. Бос уақытын тиімді өткізу бағдарламалары – бұл бағдарламалар спорт мектептерінде тұрақты негізде оқитын тәрбиеленушілерге, сол сияқты шұғылдануға кезеңдермен қатысатындарға арналады.
Қазіргі кезде балалар мен жасөспірімдер спорт мектептеріндегі спортшыларды дайындаудың іс тәжірибесінде балалардың бос уақыттарын тиімді пайдалану бағдарламасына үлкен маңыз берілуде.
Балалардың сабақтан бос уақыттарын тиімді пайдалану бағдарламаларын дене мәдениеті мен спорт саласында потенциалды мүмкіндеріне мына тапсырмалар жатады:
өзін-өзі жетілдіру;
• әлеуметтік-тарихи ортақ мүддегілікке жататынын саналы ұғыну;
• жалпы адамзаттың адамгершілік құндылықтарын сақтау;
• әлеуметтік белсенділік;
• спорттық жоғары жетістіктерге жетуге бағыттылық.
Балалардың сабақтан бос уақыттарын тиімді пайдалануға арналған бағдарламалар білім беру бағдарламаларына қарағанда адамның дене дайындығын, интелектуалдық, әсерленушілік мүмкіндіктерін жоғары дәрежеде көрсетеді.
Шет елдердегі озық білім беру практикасында технологиялық өңделіп, дайындалған мұндай бағдарламалар «curriculum», яғни «жүгіру жолағы», «мақсатқа жету жолы» деп аталады, олар дәстүрлі «syllаbus» оқу бағдарламасынан (курс бағдарламасы, лекция, жоспар, сабақ кестесі) айырмаланады.
«Сurriculum» бағдарламаларында терең анық және нақтылы ойластырылып дайындалған білім беру немесе спорттық мақсаттар мазмұндалған. Егер алға қойылған мақсаттар барлық мәселелерді қамтитын глобальды сипатта болса, онда соңғы мақсатты тапсырмалар мен одан әрі бөлінетін арасындағы бір ізді байланысты көрсетумен сипатталады. Мақсаттарды анықтауға ерекше назар аударылады, немесе мақсат-барлық бағдарламалар мазмұнының тұтастығына кепілдік беретін жүйеге жасаушы элемент. Мақсаттарды тұжырымдаудың алгоритмін Д.Л. Моррисей орындалатын әрекетті сипаттайтын етістіктің анықталмаған формасынан немесе бұйрық райынан басталатын келесі сәттерді атап көрсетті:
• талап соңғы нәтижені анықтайды;
• мақсатқа жетудің тапсырылған мерзімін нақтылайды; күш, құрал, уақыт және қуаттардың мүмкін болатын максимальды мөлшерін белгілеу;
• бұл мақсатқа жетудің дәлелін айқындау үшін қажетті қай жерде мүмкін, спорттық жұмыстардың талап етілген нәтижелерінің сандық сипаттамасын көрсету;
• не және қайда істелінген болуы тиіс екенін түсіндіру;
• бірегей оқу циклының нақтылы кезеңдеріндегі оқытып, үйрету міндеттерін қою;
• спорттық жаттығуларды меңгеру үдерісінде жаттықтырушы мен оқушылар қызметін үйлесімді ұйымдастырудың тәсілдерін, мүмкіндік жағдайлары мен формаларын сипаттау;
• оқушыда бұрыннан бар, даму үстіндегі спорттық біліктілігі мен дағдыларын, пәндік саласын, танымдық, әлеуметтік аясын меңгеру үшін қажетті әртүрлі біліктілік дәрежелерін қалыптастырудың әдістері мен тәсілдерін сипаттау;
• диагностика тәсілдерін анықтау және нәтижелерін бағалау;
• егер нәтижелер күтілген нәтижеге жетпесе, оқытып, үйрету үдерісін түзетудің варианттарын бағдарлау;
• дене жаттығуларының барлық курсын меңгеру үшін қажетті материалдық, уақыт, адам және ресустарды есептеу.
Бұл бағдарламалардың немесе технологиялардың стандартты бағдарламалардан айырмашылығы, олар оқушыларға спорттық қызметті белсенді меңгерудің құралы мен мүмкіндік жағдайын белгілейді, яғни оларға өзін және өз күшін байқап көруге, қызықты шығармашылықпен шұғылдануға және қарым-қатынас жолдарын іздеуге өз ісін таңдауға және оны айқын, айтарлықтай нәтиже түрінде лайықты аяқтауға, ойлап табушылық, фантазияларды еркін көрсетуге мүмкіндік туғызады.
Оқушылардың мұндай қызметке қатысуының ерекше мәні бар, яғни оларға бұрыннан бар спорттық қабілеттерін жетілдіруге және жаңаларын меңгеруді қамтамасыз етеді, спортта жоғары нәтижелерге жетудің мүмкіндік деңгейлерін арттырады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет