Дәріс 7. Өнімдердің қатты денелермен шектескен жеріндегі қасиеттерін анықтау әдістері мен аспаптары.
Дәріс жоспары:
1. Адгезиялық беріктікті анықтауға арналған аспаптар.
2. Өнімнің кіші және үлкен қозғалыс жылдамдығы кезіндегі сыртқы үйкеліс коэффициентін анықтауға арналған аспаптар.
3. Адгезиометрлер мен трибометрлердің көмегімен тәжірибелер жасау әдістемелері.
1. Адгезияны анықтау әдістері мен аспаптарының жұмыс принципі адгезиялық жапсарды сыртқы күш түсіру арқылы бұзуға негізделеді. Күшті түсіру әдістері бойынша үзу (бірқалыпты және бірқалыпты емес) және ығыстыру әдістері бар (сурет 7.1).
Тамақ, ет және сүт өнімдеріне арналған адгезиометрлерде күштің түсу және үзу күшін тіркеу тәсілі бойынша өзгешеленетін (сурет 7.1, а) сұлба қолданылады. Мысалы, Б.А. Николаевтың аспабында рычагты механизм көмегімен үстіңгі диск «лезде» бөлектенеді; А.Г. Кульман аспабында астыңғы диск өзіне ілінген сыйымдылық сумен толған сайын біртіндеп бөлектенеді.
МТИММП әмбебап адгезиометрі өлшеудің геометриялық, кинематикалық, динамикалық және басқа параметрлерін кең диапазонда өзгерте алады. Оның корпусы, пластинаны орнатуға арналған микрометрлік бұрандалы құрылғысы болады.
С.В. Сорокин мен С.А. Мачихин маятникті вискозиметр жасап шығарды. Аспаптың нақтылы иеориялық негіздемесі ньютондық сұйықтар үшін жарамды.
ВНИММП вибрациялы вискозиметрі фаршқа енгізілетін зондтан және электрлік блоктан тұрады. Ол бірнеше жүздеген долядан 106 Па∙с-қа дейінгі диапазонда ньютондық және ньютондық емес орталардың тұтқырлығын анықтауға мүмкіндік береді және тұтқырлықтың үздіксіз өзгерісін анықтауға қолданылады.
Сурет 7.1. Адгезиялық беріктікті анықтау әдістері:
а — қалыпты үзілу әдісі: 1 — адгезиялы; 2 — когезиялы; 3 —аралас; 4 — үзуді жүзеге асыратын құрылғының сұлбасы; б — қатты материалдың қабаттарын ажырату тәсілі: 1 — ортадан тыс созылу; 2 — плиталы және жұқа бетті материалдың иілуі; 3 — жұқа бетті материалдың иілуі; 4 - жұқа бетті материалдың консольді иілуі; в — иілгіш материалдардың қабаттарының ажырау тәсілі: 1,2, 3 — қатаң төсемшеден 90° бұрышпен; 4 — қатаң төсемшеден 180° бұрышпен; 5 — иілгіш төсемшеден; г — ығысулы бұзылу тәсілі: 1 — біржақты қосылыстың созылуы кезінде; 2 — екіжақты қосылыстың созылуы кезінде; 3—цилиндрмен стерженнің қосылысыдағы сығу кезінде; д — бұралу кезіндегі ығысулық бұзылу тәсілі: 1 — цилиндрдің жақ беті бойынша; 2 — жартылай цилиндрлердің сақиналық жақ беті бойынша; 3 — цилиндрмен стерженнің жақ беті бойынша.
2. Сыртқы үйкелісті анықтауға арналған аспаптардың классикалық типтері жазық беттерімен жанасатын қос жұп денеден тұрады. Дененнің ауданы бірнеше квадрат миллиметрден ондаған квадрат сантиметрге дейін болады (сурет 7.2).
Ет өнімдерінің сыртқы үйкеліс коэффициентерінің нақтылы және тиімді шамаларын анықтауға және есепетеуге мүмкіндік беретін тележкалы трибометр. Зертелетін өнім тележканың жазық бетіне орнатылатын рамкаға салынады. Ол тартқыш жіп арқылы электрқозғалтқыш көмегімен жылжиды. Рамка тензометрлік балка арқылы жалғанған.
Қатты өнімдердің, мысалы сырдың, қасиеттерін анықтауға арналған Н.Н. Мозениннің құрылғысы (сурет 7.2, б) тәжірибелік нұсқаны престейтін бұрандалы механизмі бар жүк пластинасының жетегімен жабдықталған.
Сурет 7.2. Өнімдердің кіші (а, б, в) және үлкен (г, д, е) қозғалыс жылдамдықтары кезіндегі сыртқы үйкеліс жылдамдықтарын анықтауға арналған аспаптардың сұлбалары:
а — арбашалы және электрқозғалтқышты трибометр; б— құлайтын жүкке параллель ығысаты пластинасы және жетегі бар трибометр; е —гидроцилиндрлі жетегі бар трибометр а; г — сым типтес трибометр; д — кинетикалы адгезиометр-трибометр; е —диск типтес трибометр; 1 — өнімнің үйкелісін анықтайтын материал; 2 — зерттелетін өнім (немесе өнім қабаты); 3 — түйісу қысымын туғызуға арналған құрылғы; 4 — үйкеліс және үзу (тензометрлік және жүктік) күшін анықтауға арналған құрылғы; 5 — жетегінің жүйесі; 6 — орынауыстыруды өлшейтін құрылғы (индикатор).
Түйісу беттері кіші және қалыпты күштер шамасы үлкен болған кездегі үйкелісті анықтау үшін қозғалмалы бөлігінің гидроцилиндрлі жетегі бар және тензометрлік балка арқылы күшті тіркейтін құрылғы (сурет 7.2, в) қолданылады.
3. МТИММП-тің әмбебап адгезиометрінің корпусы, пластинаны орнатуға арналған микрометрлің бұрандалы құрылғысы бар. Ол тензобалкаға орнатылған ұстағыш арқылы бекітіледі және жүйенің қозғалмалы бөлігінің бірөстілігін қамтамасыз ететін құйрықшамен жабдықталған. Алдын-ала түйісуді жүзеге асыру мақсатында тензобалкаға жүк орнатылады.
Техникалық сипаттамасы: алдын-ала түйісу қысымы 300÷3,5∙105 Па; адгезиялық қысымды өлшеу шегі 300÷6180 Па, алдын-ала түйісу ұзақтылығы шектелмейді.
Эксперимент кезінде күш сызықты түрде өседі, жылдамдықтың өсуі осциллограммадағы сызықтың көлбеулік бұрышының тангенсімен сипатталады.
Ю.В. Клаповскийдің адгезиометрі кондитерлік өнімдердің қасиеттерін анықтауға арналған. Зерттелетін масса қақпағында тесігі бар кюветаға салынады. Адгезиялық қасиеті анықталатын материалдан жасалған пластина кішкене саңылау қалатындай етіліп, бұл тесікке енгізіледі. Пластина серіппелі өлшегіш сақина арқылы бағыттағыш бойымен сырғитын штокқа бекітіледі. Шток екінші жағынан топсамен рычагқа бекітіледі. Үзу күшін анықтау үшін өлшегіш сақинаға тензорезисторлар жапсырылады. Түйісуші пластинаның орынауыстыруы жарықтандырғыш және фотодиод орналасқан екі жағынан шторканың көмегімен өлшенеді.
Ю.В. Ашкеров үйкеліс пен кинетикалық адгезия зерттеулерін жүргізді. Аспаптағы май пленкасына орнатылатын жылжымалы тиек, айналмалы дисктен қалыпты түрде ажырайды. Үзу күші тензобалканың деформациясы арқылы анықталады (сурет 7.2, д).
Еттің болат боймын үйкелісі сурет 7.2, е суретте көрсетілген қондырғы көмегімен зерттелді. Диск тұрақты тоқты электрқозғалтқыш арқылы қозғалыс алады, айналыс жиілігі өніммен түйіскен жерінде 0,1-ден 72 м/с-қа дейінгі шеңберлік жылдамдықты қамтамасыз ету арқылы реттелуі мүмкін. Зерттелетін өнім үйкеліс күшін анықтау үшін екі тензобалкаға орнатылған рамкаға салынады.
Өзінді тексеруге арналған сұрақтар
1. Адгезияны анықтау әдістері мен аспаптарының жұмыс принципі қандай құбылысты жасауға негізделеді? 2. Адгезиялық беріктікті анықтау әдістері қандай? 3. С.В. Сорокин мен С.А. Мачихин қандай аспап жасап шығарды? 4. Өнімдердің кіші және үлкен қозғалыс жылдамдықтары кезіндегі сыртқы үйкеліс жылдамдықтарын анықтауға арналған аспаптардың түрлері қандай? 5. Трибометр деген не? 6. МТИММП-тің әмбебап адгезиометрінің құрлысы қандай? Оның техникалық сипаттамасы қандай? 7. Ю.В. Клаповскийдің адгезиометрі қандай өнімдердің қасиеттерін анықтауға арналған? 8. Ю.В. Ашкеров қандай зерттеулерін жүргізді?
Ұсынылатын әдебиет:
1. Горбатов А.В. Реология мясных и молочных продуктов. – М.: Пищевая промышленность, 1979. – 384 с.
2. Мачихин Ю.А., Мачихин С.А. Инженерная реология пищевых продуктов. – М.: Легкая и пищевая промышленность, 1981. – 215 с.
3. Реология пищевых продуктов. /Еркебаев М.Ж., Кулажанов Т.К., Мачихин Ю.А., Медведков Е.Б. – Алматы, 2003. – 192 с.
4. Реология пищевых масс /К.П. Гуськов, Ю.А. Мачихин, С.А. Мачихин и др. – М.: Пищевая промышленность, 1970. – 207 с.
5. Реометрия пищевого сырья и продуктов: Справочник /Под ред. Ю.А. Мачихина. – М.: Агропромиздат. – 1990 – 271 с.
Достарыңызбен бөлісу: |