Қазақстан республикасы ішкі істер министрлігі м. БӨкенбаев атындағы ақТӨбе заң институты


Сейткулов И.А. — Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің



Pdf көрінісі
бет147/216
Дата06.01.2022
өлшемі7,29 Mb.
#15950
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   216
Сейткулов И.А. — Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің 
экономика және құқық факультетінің «Құқықтану» мамандығының 3-курс студенті; 
       Ғылыми 
жетекшісі  —  Қ.Жұбанов  атындағы  Ақтөбе  өңірлік  мемлекеттік 
университетінің кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының магистрі А.А. Абуов  
СЫРТТАЙ ШЕШІМ ШЫҒАРУ 
Қазақстан  Республикасы  АПК-нің  256-бабының  1-бөлігіне  сәйкес  отырыстың  уақыты  мен 
орны  туралы  тиісті  түрде  хабарландырылған,  келмей  қалуының  дәлелді  себептерін  хабарлаған 
және  істі  өзінің  қатысуынсыз  қарауды  сұрамаған  жауапкер  сот  отырысына  келмей  қалған 
жағдайда, талап қоюшы бұған қарсы болмаса, іс сырттай іс жүргізу тәртібімен қаралуы мүмкін. 
Сырттай іс жүргізу бірінші сатыдағы сотта іс жүргізуге жатқызылған, яғни ол сотта іс қараудың 
бір бөлігі болып танылады.    
Сот сырттай іс жүргізу тәртібімен істі қарау кезінде іске қатысушы адамдар берген дәлел-
демелерді  зерттейді,  олардың  дәлелдерін  ескереді  және  сырттай  шешім  деп  аталатын  шешім 
шығарады
1
.  
Сырттай  шешім  кәдімгі  сот  шешімі  сияқты  кіріспе,  сипаттау,  дәлелдеу  және  қарар  бөлік-
терінен тұрады. 
Кіріспе бөлігінде сырттай шешім шығарылған уақыты пен орыны; сырттай шешім шығарған 
соттың атауы; судьяның, сот отырысының хатшысы және тараптар тегі, аты-жөні, даудың ныса-
насы немесе мәлімделген талап көрсетіледі. 
Сипаттау  бөлігінде  сырттай  іс  жүргізу  негіздері  көрсетіледі.  Сырттай  дәлелді  шешім  шы-
ғаруды кейінге қалдыруға жол берілмейді, яғни сырттай шешім істі қарау аяқталған соң бірден 
дәлелді нысанда шығарылады. 
Қарар бөлігінде жауапкердің бұл шешімнің күшін жою туралы өтініш беруінің мерзімі мен 
тәртібі көрсетілуі тиіс. 
 Сырттай  шешімнің  көшірмесі  жауапкерге  оның  шығарылған  күннен  бастап  бес  күннен 
кешіктірілмей,  оның  тапсырылғаны  туралы  хабарланатын  етіп  жіберіледі.  Сырттай  шешімнің 
көшірмесі  сот  отырысында  қатыспаған  талап  қоюшыға  да  ол  шығарылған  күннен  бастап  бес 
күннен  кейін  хабарланатын  етіп  жіберілеп,  Қазақстан  Республикасы  АПК-нің  259-бабында 
көзделген.  
Ал сырттай шешімге апелляциялық шағым, я наразылық берілсе, алайда оның күші жойыл-
маса, онда апелляциялық қаулы шығарған  күні заңды күшіне енеді. Кодексте сырттай шешімге 
шағым  жасаудың  екі  әдісін  белгілей  аламыз.  Бірінші  әдісінде  мұны  жауапкер  ғана  қолдануға 
құқылы. Жауапкер шешімнің көшірмесін сырттай шешім шығарған соттан алған кезден бес күн 
ішінде  арыз  беруге  тиіс.  Екінші  әдіске  сүйенетін  болсақ,  талап  қоюшы  мен  жауапкер  тең 
қолдана  алады.  Сырттай  шешімге  апелляциялық  тәртіппен  тарап  шағым  беруі  немесе 
прокурордың  наразылық  келтіру  мүмкіндігі  Қазақстан  Республикасы  АПК-нің  264-бабының  4 
бөлігінде айқындалған
2

Аппеляциялық шағым немесе наразылық берудің он бес күн мерзімі сырттай шешімнің кү-
шін жою туралы арыз беру бес күн мерзім өткен соң есептеледі. Егер арыз берілген жағдайда, 
бірінші  сатыдағы  сот  арызды  қанағаттындырудан  бас  тарту  туралы  ұйғарым  шығарған  кезден 
бастап  он  бес  күн  есептеледі.  Сондықтан  бұл  нормаға  сәйкес  жауапкер  осы  екі  шағым  жасау 
әдістерін қолдана алады:  
- біріншіден сырттай шешімнің күшін жою туралы арыз беру арқылы
- екіншіден – апелляциялық шағым беру арқылы. 


 
292 
Сот сырттай шешім шығарып, одан кейін жауапкердің сырттай шешімді бұзуы туралы ұйға-
рым шығарылған жағдайда, жауапкер соттың шешімі мен ұйғарымына шағымдануға құқылы.  
Іске  қатысушылар  сырттай  шешімді  бұзу  туралы  ұйғарымға  шағымдануға  құқылы  емес, 
себебі ол істің әрі қарай жылжуына кедергі жасамау және мұндай ұйғарымға шағымдану құқығы 
заңда көрсетілмеген. 
Сырттай шешімнің күшін жою туралы арыздың мазмұнында: 
- сырттай шешім шығарған соттың атауы; 
- арыз берген жауапкердің атауы; 
-  жауапкердің  сот  отырысына  дәлелді  себептермен  келмей  қалуын  куәландыратын  мән-
жайлар туралы мәліметтер және бұл мән-жайларды растайтын дәлелдемелер, сондай-ақ шешім-
нің мазмұнына әсер етуі мүмкін дәлелдемелер; 
- арыз беруші жауапкердің өтініші;  
-  арызға  қоса  тіркелетін  материалдардың  тізбесі  болуп,  Қазақстан  Республикасы  АПК-нің 
260-бабының 1-бөлігіне сәйкес. 
Арызға жауапкер немесе өкілеттілігі болған жағдайда оның өкілі қол қояды. Іске қатысушы 
адамдардың саны бойынша жауапкер сырттай шешімнің күшін жою туралы арыздың көшірмесін 
сотқа ұсынады. 
Сырттай шешімнің күшін жою туралы арызға мемлекеттік баж төленбейді (ҚР АПК-нің ). 
В.И. Решетняктің және И.И.Черныхтың айтуынша, бұл нормада қарама-қайшылық бар: бір 
жағынан  —  заң  шығарушы  жауапкерді  жағымсыз  жағдайға  соқтырады,  екінші  жағынан  – 
сырттай шешімнің күшін жою туралы арыз берумен байланысты шығыннан босатады.  
Олардың  ой-пікірлері  бойынша  талап  арызды  қарау  кезінде  сот  үшін  және  талап  қоюшы 
үшін  материалдық  шығындар  туындайды,  сондықтан  жауапкер  сырттай  шешімнің  күшін  жою 
арызын  беруде  мемлекеттік  баж  төлеуге  тиіс.  Осындай  арызды  қабылдағаннан  кейін  сот  іске 
қатысушы адамдарға сырттай шешімнің күшін жою туралы арыздың және оған қоса тіркелетін 
материалдардың көшірмесін жібереді. 
Сотқа арыз түскеннен кейін он күн ішінде сырттай шешімді жою туралы арызды қарайды. 
Өтетін сот отырысының орны мен уақыты туралы хабарланып, іске қатысушы адамдар келмей 
қалған жағдайда арыздың қаралуына кедергі  болмайды. Бұл Қазақстан Республикасы  АПК-нің 
262-бабының    1-бөлігінде  көзделген.  Сот  сырттай  шешімнің  күшін  жою  туралы  арызды  қарап 
болған  соң  сырттай  шешімнің  күшін  жою  туралы  арызды  қанағаттардырдан  бас  тарту  туралы 
немесе  сырттай  шешімнің  күшін  жою  туралы  және  істі  мәні  бойынша  соттың  сол  құрамында 
немесе өзге құрамында қайта қарау туралы ұйғарымдардың біреуін қабылдайды.  
Соттың сырттай шешімнің күшін жою туралы арызды қанағаттандырудан бас тарту туралы 
ұйғарымына жеке шағым (наразылық) жалпы тәртіп бойынша берілуі мүмкін. 
Сырттай  шешімнің  күшін  жою  негіздемелерінің  толық  тізімі  Қазақстан  Республикасының 
АПК-нің 265-бабында көзделген. Осылай сырттай шешімнің күші жойылуға тиіс: 
- сот отырысына жауапкердің келмей қалуына дәлелді себептер болған жағдайда 
-  егер  жауапкер  дәлелді  себептер  туралы  сотқа  мезгіліне  хабарлауға  оның  мүмкіндігі 
болмағанын сот анықтаса; 
- егер жауапкер шешімнің мазмұнына ықпал ету мүмкін дәлелдемелерді табыс етсе. 
Егер  жауапкер  сот  отырысына  хабарламай  келмей  қалған  болса,  істі  жаңадан  қараған 
жағдайда,  сот  шығарған  шешім  сырттай  деп  танылмайды.  Жауапкердің  сырттай  іс  жүргізу 
тәртібімен қарау құқықы жоқ. 
Қорытындылай келе, сырттай шешім Қазақстан Республикасы АПК-нің  
21-тарауының  256-267  баптарын  көздейді.  Сырттай  шешім  шығару  процесіне  бірнеше  қатысу-
шылар  қатысып,  барлық  қатысушылар  сот  отырысына  дәлелсіз  себептермен  келмей  қалған 
жағдайда  жол  беріледі.  Сот  отырысы  басталған  кезде,  судья  келген  талапкерге  істі  әдеттегі 
тәртіпте немесе сырттай іс жүргізу тәртібімен талқылауға деген оның құқығын түсіндіреді, яғни, 
талапкерге  өзінің  қуыным  талабын  талқылаудың  тәртібін  таңдау  құқығы  беріледі.  Алайда 
аталған таңдау құқығы тек жауапкер сотқа келмей қалған жағдайда ғана жүзеге асырыла алады.
                                                 
1
   Егембердиев  Е.О.  Қазақстан  Республикасының  Азаматтық  іс  жүргізу  құқығы.  —  Астана:  «Фолиант»  баспасы, 
2006.  
2
   Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі. // http://adilet.zan.kz/kaz/docs/K1500000377.  
 


 
293 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   216




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет