288
Е Каиржанов: «Қылмыстық заң құқықтық мемлекет өмір сүруінің негізі болуы қажет,
азаматтардың теңдігі мен босатндығының қорғаушысы болуы қажет және әлеуметтік әділдік
қағидасының кепілдемесі болып қоғамдағы ұйымшылдық пен тәртіптің негізі болуы қажет» деп
көрсеткен
5
.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық заңнамасы тек қана әрекет етуші Қазақстан
Республикасының қылмыстық кодексінен тұрады. Қылмыстық жауапкершілікті қарастыратын
басқа заңдар тек қылмыстық кодекске оларды енгізгеннен кейін ғана қолданылуға жатады.
Қылмыстық заңдар тек оларды әлеуметтік зертеудің жаңа әдістерін пайдалану арқылы терең
және нақты дайындық жұмысын жүргізгенннен кейін ғана қабылданады.
Құқықтық мемлекеттілікті орнатуда, оның тетіктерін одан әрі жетілдіруде құқық ғылымы
салаларының атқаратын міндеті зор болып отыр.
Сонымен заң талаптарың құқық нормаларын құрметтеу және оны бұлжытпай жүзеге асыру
— әрбір азаматтың қасиетті борышы және адамның жасаған әрекетін немесе әрекетсіздігін
қылмыс деп тану және оған қылмыстық жаза тағайындау, басқа нормативтік актілерге сүйенбеу,
соттық тәжірибеге немесе соттың қарауына байланысты шешілмей, тек қана заңмен анықталған
жағдайда ғана жүзеге асырылады. Іс-әрекетті қылмыс қатарына жатқызу және жаза тағайындау
сияқты мәселелерді заң қағидаларын бұлжытпай сақтай отырып шешу қажет. Бұл қоғамға
қауіпті әрекеттердің қылмыстылығын, жазалануын, одан босату шарттарын қылмыстық заң
нормаларымен анықтағанда ғана мүмкін болады.
1
Қазақстан Республикасының Конституциясы (1995 жылғы 30 тамызда қабылданған, 2017. 10.03. берілген
өзгерістерімен және толықтыруларымен).
2
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі (Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шiлдедегі №226-
V ҚРЗ).
3
Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық (жалпы бөлім): Оқулық. — Алматы: Жеті жарғы, 2007. Б.18-19.
4
Смағұлов А.А. Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы. — Астана, 2003. Б. 21-22.
5
Каиржанов Е. Уголовное право Республики Казахстан (общая часть) Изд. 3-е. — Алматы, 2003., Б. 23.
Достарыңызбен бөлісу: