261
теулер белгiлеуге жол беретін және оларға қосымша мiндеттер жүктейтiн ерекше құқықтық
режим болып табылатын уақытша шара.
Қазақстан Республикасының Конституциясы және Қазақстан Республикасының өзге де
нормативтiк құқықтық актiлерi төтенше жағдайды енгiзудiң құқықтық негiзi болып табылады
1
.
Төтенше жағдайды енгiзуге себеп болған мән-жайларды жою, адам мен азаматтың қауiпсiз-
дiгiн, құқықтары мен бостандықтарын қорғауды, Қазақстан Республикасының конституциялық
құрылысын қорғауды қамтамасыз ету төтенше жағдайды енгiзудiң мақсаты болып табылады.
Қазақстандағы әкімшілік-құқықтық режимнің түрлері туралы баяндауға кіріспес бұрын ре-
жим деген сөздің мағынасына, «құқықтық режим» және әкімшілік-құқықтық режим деген
ұғымдардың мәніне тоқталып өтейін.
«Режим» деген сөз көпшілік әдебиеттерде қазақшаға аударылмай, режим деп қолданылып
жүрсе де, біздің бүгінгі тақырыбымызға байланысты режим деген сөзді арнайы реттеу деп
қазақшаға аударуға болады, яғни құқықтық режим деген сөз тіркесін арнайы құқықтық реттеу
деп түсінеміз.
Режим сөзінің аудармасын – арнайы реттеу деп айтуға болады.
Төтенше режимдер — бұл арнайы құқықтық режимнің көмегімен тұрғындардың өмірлік,
шаруашылық әрекеттін жүзеге асуын және төтенше жағдай қайдан шықса, соған сәйкес аумақта
билік органдарының қызметтерін реттеу. Оның мазмұнына сәйкес жағдайды реттеу үшін шара-
лар ұйымдастырылады, субъектілердің құқықтық мәртебесі мен осы территориядағы атқарушы
билік органдарының жүйесі өзгереді.
Заң шығарушы орган төтенше режимнің 3 негізгі түрін бекітеді:
1) ерекше;
2) төтенше;
3) әскери жағдай.
Осылардың ішінен заң шығарушы орган төтенше жағдай режиміне ерекше мән беріп
қарайды.
Төтенше жағдайдың құқықтық мәртебесі Конституция мен заңда көрсетілгендей, 2003
жылғы 08 ақпандағы «төтенше жағдайдың құқықтық режимі» (13.06.2017ж өзгертулер мен
толықтырулар), сонымен қатар басқа да заңдармен, Қазақстан Республикасы Президенті Жарлы-
ғымен, төтенше жағдай шарттарымен жеке басқару органдарының мәртебесі мен әрекетін рет-
тейтін қаулы; жергілікті өкіл және атқарушы орган, ішкі істер органы және Ұлттық Қауіпсіздік
Комитеті, Қорғаныс министрлігінің органдары, Ұлттық Ұлан және т.б.
заңдармен айқындалады
2
.
Төтенше жағдай әлеуметтік мәселелерді қоғамдық шешуді қиынға соқтырады, сондықтан
мемлекет қоғамдық қатынастарға қатаң заңдық-ұйымдық ықпал орнатуын міндеттейді, осы
жағдайды тоқтатуға құқықтық құралдарды өзгерту және қоғамды жақсы өмір сүруге әкелуді
көздейді.
«Төтенше жағдай шартында құқықтық шектеу режимін жүзеге асырудағы ең негізгі жүкті
басқару органының ұйымдық- әкімдік қызметі артады. Іс жүзіне асу процесінде белгілі бір құ-
қық пен бостандық тәртібін реттеу, соның нәтижесінде көбісі азаматтық өзіндік әрекеттерді жү-
зеге асыра алмайды». Азаматтардың құқығы мен бостандығын шектеу басқару органының өкі-
леттілігін өсіру арқылы жүзеге асырылады. Әкімшілік әрекет қабілеттілігін шектеу мақсатын-
дағы басқару органының әрекеті екі нысанда түсіндіріледі: бірінші нысанда мемлекеттік басқару
органының белсенді әрекеті әкімшілік мәжбүрлеуді қолдану, әкімшілік-ескерту шараларын
қолданудағы азаматтардың кейбір құқық және бостандық негізін жүзеге асыру арқылы тарты-
лады. Мысалы, төтенше жағдай орналасқан аумақ бойынша бостандығын шектеу, «басқару
органдары азаматтардың өзінің құқығы мен бостандығын занды түрде іс жүзіне асыруды тоқ-
татады. Жеке тұлғаға осы жағдайда мәжбүрлеуді қолдану нақты қарама-қарсы құқықтық тәртіп-
пен байланысты емес».
Екінші нысанда әкімшілік-құқықтық тыйым салудағы негізгі түрінің қосымша міндеттері
қолданылады. Олар белгілі бір әрекетте жекеленген жазу немесе абсолюттік тиым салынатын
нормалармен белгіленеді. Әкімшілік-құқықтық реттеу төтенше жағдай шартында азаматтық-
құқықтық және еңбек қатынасымен таратылады.
Төтенше жағдай енгізу туралы жарлық күшіне енгенге дейін, кем дегенде 6 сағат бұрын
бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халыққа хабарланады. Төтенше жағдай, Республиканың
бүкіл аумағында 30 тәулікке дейін, ал Республика аумағының бір бөлігінде 60 тәулікке дейін
262
мерзімге енгізіледі. Осы мерзім өткенде Президент төтенше жағдайдың күшін жояды. Төтенше
жағдай енгізуге негіз болған жайттер жойылмаған жағдайда, Президент төтеше жағдайдың
күшін тиісінше 30 немесе 60 тәулікке бірнеше мәрте ұзартуға құқылы. Төтенше жағдайдың
қолданылу мерзімін ұзарту туралы Жарлықты Республика Парламенті бекітеді.
Мысалы: 2010 жылдың көктемгі су тасқыны кезінде Алматы облысының Қызылағаш
ауылын бөгетті бұзып кеткен су ауылды толайым алып кетті, нәтижесінде ауыл үйлері құлап,
лай көшкіні астында жергілікті халықтың қорадағы малдары қырылды, адам өлімі де біраз
болды.Сол сияқты осы жылы да көктемгі су тасқыны кезінде де Шығыс Қазақстан облысының
Тарбағатай ауылында да су тасқыны кезінде ауыл тұрғындарының тұрғын үйлерін су шайып
кетті, бірақ бұл ауылда адам өлімі
болған жоқ, есесіне халықтың қорадағы малы қырылды.
Дүлей зілзалаға келсек ол апат та айтып келмейді, 2010 жылды мысалға келтірсек, Қа-
зақстанның көршілес Қытай мемлекетінде қатты жер сілкінісі болып, біраз үйлер қирап, біраз
адамдар қаза тапты.
Төтенше әкімшілік-құқықтық режимі азаматтардың конституциялық құқықтары мен
бостандықтарының шектелуімен, мекемелердің шаруашылық жүргізу қызметінің шектелуімен,
мемлекттік органдарға төтенше өкілеттік берумен, жеке және занды тұлғаларға қосымша
міндеттер жүктеумен сипатталады.
Төтенше әкімшілік-құқықтық режим үш түрге бөлінеді:
1)
әскери жағдай режимі;
2)
айрықша жағдай режимі;
3)төтенше жағдайдың құқықтық режимі.
Әскери жағдай режимі, Конституцияның 44-бабының 17-тармағына сәйкес, Республикаға
қарсы агрессия жасалғанда немесе Республиканың қауіпсіздігіне сырттан тікелей қатер төнген
жағдайда, Республиканың бүкіл аумағында немесе оның жекелеген жерлерінде Президенттің
Жарлығымен енгізіледі және бұл туралы Республика Парламентіне дереу хабарлайды.
Айрықша жағдай режимі. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен, сонымен
қатар, Үкіметтің және әкімдердің жариялауымен енгізілуі мүмкін. Айрықша жағдай режимінің
кең тараған түрі "карантин" деп аталады.
Төтенше жағдайдың құқықтық режимі дегеніміз
— бұл төтенше жағдайлар қалыптасқан
аумақтағы тұрғындардың тіршілік әрекетін, заңды тұлғалардың шаруашылық жүргізу қызметін,
мемлекеттік органдардың қызметін, арнайы құқықтық реттеуге бағытталған іс-шаралардың
жиынтығы.Төтенше жағдайдың құқықтық режимі Конституцияның 44-бабының 16-тармақша-
сына сәйкес және "Төтенше жағдай туралы" Заңның 5-ші бабына сәйкес Президенттің Жарлы-
ғымен енгізіледі.
«Қазақстан Республикасының ІІО
туралы» Заңына сәйкес, ІІО, авария, өрт, дүлей апат және
басқада төтенше жағдайлар
қалыптасқан кезеңде, сондай-ақ төтенше жағдайлардың зардаптарын
жою кезінде қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге міндетті
3
.
Достарыңызбен бөлісу: