Қазақстан республикасы ішкі істер министрлігі м. БӨкенбаев атындағы ақТӨбе заң институты


А.Х.  Тобышбаева  —  Қазақстан  Республикасы  ІІМ  М.Бөкенбаев  атындағы  Ақтөбе  заң



Pdf көрінісі
бет159/216
Дата06.01.2022
өлшемі7,29 Mb.
#15950
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   216
Байланысты:
СБОРНИК-6-апреля

А.Х.  Тобышбаева  —  Қазақстан  Республикасы  ІІМ  М.Бөкенбаев  атындағы  Ақтөбе  заң 
институтының  1 «Б» курсының курсанты
      Ғылыми жетекшісі — Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң 
институтының  әкімшілік  құқық  және  ІІО-ның  әкімшілік  қызметі  кафедрасының 
оқытушысы полиция капитаны Б.Ж. Уайсов 
ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫ УЧАСКЕЛІК ПОЛИЦИЯ ИНСПЕКТОРЫНЫҢ 
ҚЫЗМЕТІНДЕГІ ӘКІМШІЛІК ҚАДАҒАЛАУДЫ ЖҮРГІЗУДІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
Қазақстан  Республикасының  ІІМ  Әкімшілік  полиция  қызметінің  облыстық,  аудандық, 
қалалық  басқармалары  мен  бөлімдерінде  және  бөлімшелерінде  қызмет  атқаратын  учаскелік 
полиция  инспекторлары  заңдылық  пен  тәртіпті  қамтамасыз  ету  мақсатында  әкімшілік  қадаға-
лауға алынған тұлғаларға өз қызметі шеңберінде бақылау жүргізе отырып, ұйымдық құрылымы 
жағынан  азаматтардың  жалпыға  бірдей  міндеттелген  нормалары  мен  ережелерін,  талаптарын 
орындауына  қатысты  немесе  олардың  құқық  бұзушылықтардың  алдын  алу  және  жолын  кесу, 
кінәлілерді әкімшілік жауаптылыққа тарту мақсатында жүргізілетін арнайы уәкілеттенген лауа-
зымды  тұлға  ретінде    Қазақстан  Республикасының  Конституциясын,  Қазақстан  республикасы 
ІІМ  №282  бұйрығын,  Қазақстан  Республикасының  Қылмыстық  кодексін,  Қазақстан  Республи-
касының  Қылмыстық  атқару  кодексін,  Қазақстан  Республикасының  Әкімшілік  құқық  бұзушы-
лықтар туралы кодексін, Қазақстан Республикасының «Бас бостандығынан айыру орындарынан 
босатылған  адамдарды  әкімшілік  қадағалау  туралы»  Заңын,  Қазақстан  Республикасы  ІІМ-нің 
2005 жылғы 11 ақпандағы «Әкімшілік қадағалауда тұрған адамдарды есепке алу ережесін бекіту 
туралы»  №97  бұйрығын  және  басқа  да  Қазақстан  Республикасының  нормативтік-құқықтық 
актілерін басшылыққа алу арқылы қызметін жүзеге асырады
1
.     
Әкімшілік  қадағалауда  тұрған  тұлғаны  есепке  алу  Қазақстан  Республикасы  ІІМ-нің  2005 
жылғы 11 ақпандағы «Әкімшілік қадағалауда тұрған адамдарды есепке алу ережесін бекіту тура-
лы» №97 бұйрығы бойынша жүзеге асырылады. 
Әкімшілік қадағалаудың жалпылық сипаттамасы бар, өйткені оны ішкі істер органдарының 
әкімшілік  полиция  қызметтері  жүзеге  асырады,  оның  ішінде  көпшілігі  ішкі  істер  органдары 
полициясының учаскелік инспекторларының қызметінде орын алады
2
.  
Атап  өтетін  өзекті  мәселе  —  бас  бостандығынан  айыру  мекемелерінен  мерзімінен  бұрын 
босатылған  тұлғаларға  әкімшілік  қадағалау  орнатуға  болмайды.  Ішкі  істер  органы  бас  бостан-
дығынан айыру мекемелерінен мерзімінен бұрын босатылған тұлғаға әкімшілік қадағалау орнату 
туралы ұсынысты,  жазасының өтелмеген мерзімі өтіп кеткеннен кейін және бас бостандығынан 
айыру  мекемесінен  босатылған  кезден  бастап  үш  жыл  мерзім  өткен  соң  ол  адам    әрдайым 
қоғамдық тәртіпті бірнеше рет бұзған болса ғана тиісті органға әкімшілік қадағалау орнату үшін 
жібере  алады.Соттар  өз  қызметтерінде  әкімшілік  қадағалау  ережелерін  бұзу  туралы  әкімшілік 
істерді  қарау  кезінде    қадағаланушының  тек  ғана    Қазақстан  Республикасы  ӘҚБтК-нің  480-
бабында көрсетілген құқық бұзушылық туралы әрекетін қарап қоймай, сонымен қатар, әкімшілік 
қадағалауды  орнатудың  және  оны  ұзартудың  заңдылығын  да  ескеру  қажет.  Сот  әкімшілік 
қадағаланушыға  шектеу  орнату  кезінде  қадағаланушыға  мекенжайын  тек  қана  түнгі  уақытта 
тастап кетуіне, яғни сағат түнгі 22-00ден таңғы 06-00 дейін шектеу қоя алады. Қаулыны орын-


 
318 
дайтын  орган  азаматтар  құқықтарына  шектеу  қоюға,  (еңбек,  сайлау,  қоғамдық  т.б.)    сонымен 
қатар, сот орнатқан шектеулердің шегінен шықпауы қажет
3

Егер  әкімшілік  қадағалауда  тұрған  тұлға  уақытша  басқа  мекенжайға  барғысы  келген  жағ-
дайда,  ол ішкі істер органының жазбаша рұқсатымен ғана шығуға міндетті. 
Соттың  күшіне  енген  қаулысын  немесе  соттың  орнатқан  шектеулерінің  ережесін  бұзған 
жағдайда  әкімшілік  қадағалауда  тұрған  тұлғаға  қатысты  Қазақстан  Республикасының  ӘҚБтК-
нің 480-бабы бойынша оған учаскелік инспектор тиісті құжаттар жинақтап, оны жауапқа тартуға  
құжаттарды шешім шығару үшін сот органына жолдайды. Осы жерде атап өтетін мәселе, учас-
келік инспектор өзінің қызметтік міндетіне сәйкес әкімшілік қадағалау ережесін бұзған тұлғаға 
қатысты  құжаттарды  сот  органдарына  жолдаған  кезде,  судья  кейбір  жағдайларда  әкімшілік 
құжатпен танысып оқып шығып, құжатты кейін қарай жетіспеушіліктер болуы себепті қайтаруы 
мүмкін.  Сол  себепті  учаскелік  инспектор  өз  қызметінде  сот  органы  қызметкерлерімен  тығыз 
қызметтік  қарым-қатынаста  болғаны  дұрыс  және  сонымен  қатар  сотқа  жолданған  әкімшілік 
құжаттың    дұрыс  жинақталғанына  көзі  жетуі  керек,  яғни  құжаттың  жан-жақты  және  толықтай 
жинақталғанына  сенімді  болуы  тиіс.  Ал  соттар  бас  бостандығынан  айыру  орнынан  босатылып 
келгеннен  кейін, үш жыл мерзім өткеннен соң ғана сотталып келген тұлғаға әкімшілік қадағалау 
орната  алады.  Оның  ішінде  егер  бұрын  сотталған  тұлға  бірнеше  рет  қоғамдық  тәртіпті  бұзып, 
әкімшілік құқық бұзушылықтар жасап, ішкі істер органы мен учаскелік полиция инспекторының 
назарына  жаман  қоғамға  жат  қылықтарымен  көзге  түсетін  болса  ғана  әкімшілік  қадағалауға 
алынады. Егер бұрын сотталып, бас бостандық орнынан босатылып келген тұлғаға босатылған 
уақытынан  бастап  үш  жылдың  ішінде  оған  қатысты  әкімшілік  қадағалау  мерзімінен  бұрын 
немесе уақыты өтуіне байланысты қысқартылған болса, ол тұлғаны осы үш жыл мерзім ішінде 
Заңда  көрсетілген  негіздерде  қайтадан  әкімшілік  қадағалауға  алуға  болады.  Осы  үш  жыл 
мерзімді  өткізіп  алып,  содан  соң  барып  тұлғаны  әкімшілік  қадағалауға  алу  туралы  ұсыныс 
қанағаттандыруға  жатпайды.  Орнатылған  шектеулерге  қатысы  жоқ  құқық  бұзушылықтар  үшін 
әкімшілік  қадағалауда  тұрған  адам  Қазақстан  Республикасы  ӘҚБтК-нің  480-бабында  көрсе-
тілген әкімшілік жауаптарға тартылмайды. Учаскелік полиция инспекторы әкімшілік қадағалау 
жүргізу кезінде туындайтын қиындықтарға қарамастан,  әкімшілік қадағалауда тұрған тұлғаны 
күнделікті  мекенжайына  барып  тексеріп,  онымен  бірге  тұрып  жатырған  туыстарынан  оның 
мінез-құлқы  туралы  мәліметтер  жинақтайды,  қадағаланушының  мекенжайы  бойынша  көрші-
лерімен  сөйлеседі  және  қадағаланушымен  оның  құқық  бұзушылық  немесе  қылмыс  жасамауы 
үшін  профилактикалық    бағытта  әңгіме  жүргізеді.  Осы  жерде  учаскелік  полиция  инспекторы 
қадағаланушының мінез-құлқы туралы мәліметтер жинақтау кезінде оның бірге тұрып жатырған 
туыстарымен және көршілерімен кездесіп, сұхбаттасқан кезде олардың беріп отырған мәлімет-
терінің жалған болмауы үшін өзінің қызметтік психологиялық әдіс-тәсілдерін қолданғаны жөн. 
Сонымен  қатар,  учаскелік  полиция  инспекторы  қадағаланушымен  жүздескен  кезде,  оған 
әкімшілік қадағалаудың басты мақсаты оны  жазалау немесе басқалардан кемсіту  емес қылмыс 
пен құқық бұзушылық жасаудың  алдын алу және қадағаланушыны   дұрыс жолға салып, заңды 
сыйлайтын  азамат  қатарына  қосу  екендігін  нақтылап  түсіндіру  қажет.  Егер  құқық  қоғау 
қызметкері кез келген бұрын сотталған адамның психикасына және мінез-құлқына теріс жағы-
нан  әсер  ететін  заңға  қайшы  іс-әрекеттер  жасайтын  болса,  онда  ондай  адамның  дұрыс  жолға 
түсуі мүмкін емес. Учаскелік полиция инспекторы қадағаланушының мекенжайы бойынша оны-
мен бірге тұрып жатырған тұрғындармен және көршілерімен жақсы тығыз қарым-қатынаста бо-
луы  керек.  Әкімшілік  қадағалауда  тұрған  тұлға  учаскелік  инспектордың  жүргізген  профилак-
тикалық  қадағалау  шараларынан  еш  нәтиже  шығармай,  әрдайым  қоғамдық  тәртіпті  өрескел 
бұзып,  ішкі  істер  органының назарына  жаман  қоғамға  жат  қылықтарымен  көзге  түсетін  болса, 
осы  жағдайда  учаскелік  полиция  инспекторы  өз  тарапынан  шұғыл    әкімшілік  іс-әрекет  шара-
ларын жүргізіп, оны тез арада заңды жауапкершілікке тартуы керек. Өйткені тәжірибе жүзінде 
атап көрсетілген жағдайлардың алдын алмау салдарынан нәтижесінде қайғылы жағдайлар орын 
алып жатады
4

Ішкі  істер  органдарының  (полицияның)  учаскелік  инспекторының  әкімшілік  қадағалауы  
бірқатар  факторлармен  сипатталынады.  Ең  алдымен,  оған  мемлекеттік  биліктік  сипаттаманың 
тән  екендігін  көруге  болады.  Қоғамдық  тәртіп  және  қоғамдық  қауіпсіздікті  қамтамасыз  етуді 
жүзеге  асыру  барысында  ішкі  істер  органдары  (полиция),  оның  ішінде  учаскелік  полиция 


 
319 
инспекторлары  әкімшілік  көндірудің  әртүрлі  шараларын  қолданады,  олар  өз  құзыреті  шегінде 
орындауға міндетті талаптар мен өкімдер беруге құқылы. 
Әкімшілік  қадағалаудың  келесі  сипаттамасының  белгісі  —  оның  айқын  бейнеленген 
профилактикалық бағыттылығында. Өйткені әкімшілік қадағалау процесінде ішкі істер органда-
рының  қызметкерлері  қылмыс  пен  құқық  бұзушылықтың  болуына  итермелейтін  жағдайларды 
анықтауға мүмкіндік береді; теріс қоғамдық мінез-құлыққа бейімделген адамдардың құқық бұзу-
шылық  жасауларына  әсер  ету  мақсатында:  құқық  бұзушылықтың  жолын  кеседі,  құқық 
бұзушыны жауапкершілікке тартуды қамтамасыз етеді. 
Әкімшілік  қадағалаудың  ұйымдастырушылық  бағыттылығы  ішкі  істер  аумағында  бақы-
ланатын  қоғамдық  қатынастарды  тәртіптеуінде  көрінеді:  құқықтар  мен  заңға  қайшы  қол 
сұғушылықтардың салдарынан болған жайсыз жағдайларды орнына келтіреді. 
Әкімшілік қадағалаудың кезеңділігі, оның жүзеге асырылу барысында бірнеше сатылардан 
өтуі: бақылау, көңіл бөлуді талап ететін фактілерін (жағдайларды) табу және құжаттау, міндетті 
нұсқаулар  мен  өкімдер  беру,  құқық  бұзушыны  заңмен  белгіленген  жауапкершілікке  тартуды 
қамтамасыз ету. 
Әкімшілік қадағалаудың жалпылық сипаттамасы бар, өйткені оны ішкі істер органдарының 
әкімшілік  полиция  қызметтері  жүзеге  асырады,  оның  ішінде  көпшілігі  ішкі  істер  органдары 
полициясының учаскелік инспекторларының қызметінде орын алады. 
Айтылғандарды қорыта келе, ішкі істер органдары (полиция) оның ішінде учаскелік поли-
ция инспекторларының әкімшілік қадағалауы түсінігін тұжырымдауға болады, ол — азаматтар, 
лауазымды  тұлғалар  және  шетел  азаматтары  немесе  азаматтығы  жоқ  адамдардың  қоғамдық 
тәртіпті және қауіпсіздікті реттейтін ережелерді нақты және бұлтартпай орындаулары және осы 
ережелерді  бұзушыларды  ескерту,  алдын  алу,  табу  және  жауапкершілікке  тарту  мақсатындағы 
күнделікті  бақылауы.  Учаскелік  полиция  инспекторлары  өзінің  қызметінде  әкімшілік  қадаға-
лауды  жүзеге  асыру  барысында  қадағаланушынының  мінез-құлқын  бақылап,  қадағалап  қана 
қоймай,  онымен  профилактикалық  әңгімелер  жүргізу  арқылы  қылмыстың  немесе  құқық  бұзу-
шылықтың алдын ала алады. Сол себепті учаскелік инспекторлар өз тараптарынан қадағалауда 
тұрған  тұлғаны  оған  орнатылған  әкімшілік  қадағалау  арқылы  дұрыс  жолға  түсуіне  ықпал  етуі 
тиіс. Әкімшілік қадағалауда тұрған тұлға өзінің күнделікті жүріс тұрысы және мінез-құлқының 
лауазымды  тұлға  тарапынан  қатаң  қадағалауда  тұрғанын,  егер  оған  орнатылған  ережелер  мен 
шектеулер  бұзылатын  болса,  оған  қарсы  қатаң  заңды  шаралар  қолданылатынын  үнемі  есінде 
сақтауы қажет. Ол үшін учаскелік полиция инспекторы қадағаланушыға егер ол әкімшілік қада-
ғалау  ережелерін  және  орнатылған  шектеулерді  бұзатын  болса,  сонымен  қатар    бірнеше  мәрте 
әкімшілік құқық бұзушылықтар жасайтын болса ол, Заңда көрсетілгендей қылмыстық жауапты-
лыққа тартылуы мүмкін екендігін қатаң түрде ескертіп жүруі тиіс.  
Учаскелік полиция инспекторларының әкімшілік қадағалауды жүргізуінің өзектілігі, жүргі-
зілген әкімшілік қадағалау  арқылы  учаскелік полиция инспекторы қадағалауда тұрған тұлғаны 
оның мінез-құлқына әсер ету әдістерін қолданып, оған қылмыс немесе әкімшілік құқық бұзушы-
лықтар  жасамауы  керектігін  ескертіп,  әкімшілік  қадағалаудың  арнайы  Заңда  көрсетілгендей 
шараларын жүргізу арқылы қоғамдық тәртіппен қауіпсіздікті қамтамасыз ете алады.  
Учаскелік  полиция  инспекторының  әкімшілік  қадағалауды  жүргізуінің  ерекшелігі  қадаға-
ланушыны  атқарылған  іс-шаралар  арқылы  дұрыс  жолға  түсіру  және  қадағаланушы  тарапынан 
құқық  бұзушылық  жасаудың  алдын-алу,  егер  қадағаланушы  учаскелік  инспектор  тарапынан 
жүргізген  профилактикалық  шаралардан  ешқандай  нәтиже  шығармай,  қоғамдық  тәртіппен 
қоғамдық  қауіпсіздікке  қауіп  төндіретіндей  жағдайлар  туғызса,  осы  жағдайларды  болдырмау 
мақсатында  учаскелік  инспектор  тарапынан  алдын-алу  шаралары  жүргізілуі  қажет.  Қоғамдық 
тәртіппен қауіпсіздікті қамтамасыз  ету  мақсатында  әкімшілік  қадағалау  жүргізу  қадағаланушы 
тарапынан жасалынуы мүмкін қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу үшін өте маңызды 
болып саналады.
                                                 
1
   Қызылов М. Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы: Оқулық. — Астана: Фолиант, 2009. — 504 б. 
2
   «Әкімшілік қадағалауда тұрған адамдарды есепке алу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы ІІМ-нің 
№ 97 Бұйрығы. — Астана, 2005. — 8 б. 
3
   Методические  рекомендации  для  участковых  инспекторов  полиции  Актюбинской  области.  —  Актобе:ТОО 
«Литера-А», 2008. — 60 с. 
4
   Қызылов М. Көрсет.еңбек. 


 
320 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   216




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет