321
Заң үстемдігі осы құқықтардың орындалуын дәйекті түрде және толық қамтамасыз етуі тиіс.
Осыған байланысты өмірдің түрлі салаларында құқықтық теңдік мәселесі түбегейлі маңыз-
дылыққа ие болады. Бұл
проблеманы шешу мемлекетте осындай теңдікті қамтамасыз ететін
сенімді кепілдіктерді
құру болып табылады
2
.
Қорыта келе, конституцияда көрсетілген құндылықтар мен кепілдіктер біздің қоғамды өмір
сүру үшін үлкен мүмкіндіктер береді. Конституцияға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар
бізге қажетті қоғам құруға кепілдік береді деп есептеймін. Осы кезге дейінгі еліміздің
Конституциясына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар тек қана халықтың игілігі үшін
жасалынды. Атап айтатын болсақ, біздің мемлекетіміздің Конституциясына мемлекет болып
құрылғаннан бастап 4 мәрте өзгерістер мен толықтырулар енгізілген.
1998 жылғы 7 қазанда алғашқы енгізілген өзгерістер Президент пен үкіметтің және парла-
менттің, сенат депутарының өкілеттіліктерін қамтыды.
2007 жылғы 21 мамырда Конституцияға "Қазақстанның елордасы Астана қаласы болып
табылады деген ерекшелігімен және ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиюға хақысы жоқ. Өлім
жазасы адамдардың қаза болуымен байланысты террористік қылмыстар жасағаны үшін,
сондай-ақ соғыс уақытында ерекше ауыр қылмыстар жасағаны үшін ең ауыр жаза ретінде заң-
мен белгіленеді, ондай жазаға кесілген адамның кешірім жасау туралы өтініш ету хақы бар,"
— деген өзгерістер енгізілді
3
.
2011 жылғы енгізілген өзгерістер мен толықтырулар келесідей мәтінде көрінеді:
«Президенттің кезектен тыс сайлауы Республика Президентінің шешімімен тағайындалады
және конституциялық заңда белгіленген тәртіп пен мерзімде өткізіледі»
4
.
2017 жылғы енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға келетін болсақ, азаматтардың
құқықтары мен бостандықтарын қандай да бір түрде шектеуге жол берілмейтіндігі, Президент,
парламент, үкімет өкілеттіліктері, сонымен қатар басқада 25 мемлекеттік органдарға қатысты
өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Салыстырмалы түрде шетел мемлекеттерінің конституциясын алатын болсақ, мысалға
Украина мемлекеті конституциясына 5 мәрте өзгерістер, Ресей Федерациясы конституциясына 4
мәрте өзгерістермен толықтырулар, оның ішінде бір жылда мысалға 2014 жылдың өзінде екі
мәрте өзгерістермен толықтырулар енгізілсе, АҚШ конституциясына 27 түзетулер енгізілген.
Бірнеше тарихы, бірнеше елдері бар АҚШ конституциясы біздің конституциямызбен салыстыр-
ғанда қысқаша ғана мазмұнда жазылған, ал біздің Конституциямыз барлық халықаралық
құжаттарды, нормативтік құқықтық актілердің негізі ретінде саналады.
Біздің Ата заңымыз заңдылықтың, келісімнің және еліміздің қарқынды дамуының кепілі
болып табылады, өзіміздің түп-тамырымыз салт- дәстүрімізге байланыстырылады. Ел азаматы-
ның жоғары құндылығын, оның құқығы мен бостандығын жариялады және мемлекеттің негізгі
зайырлы құндылықтарын іс жүзінде сақтауға және қорғауға міндеттейтін Қазақстанның зайырлы
тәртібінің негізін белгіледі.
Конституция ұлттық және діни дәстүрлерді, халқының құндылықтары мен мәдениетін
жаңғыртуды қамтамасыз етті. Мемлекеттік тәуелсіздіктің идеологиясын және ең жақсы әмбебап
құндылықтарды
ұстанатындығын жариялады
5
.
Бұл
біздің жеңістеріміздің, бізді тәуелсіздікке жеткізген жетістіктеріміздің барлығын кешен-
ді түрде шеше білгенін дәлелдейді.
1
Амандықова С.К. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы. Қарағанды: Жeтi жaрғы, 2001. Б. 123.
2
Тaбaнов C.A. Құқық тeорияcы мeн cот жүйeciнiң конcтитуциялық нeгiздeрi: Оқу құрaлы. – Aлмaты: «Aйдaнa»
ЖШC, 2001. Б. 96.
3
Қaзaқcтaн Рecпубликacының Kонcтитуцияcы 30.08.1995ж. (10.07.2017ж. жaғдaй бойыншa өзгeртулeр мeн
толықтырулaр). // «Зaң» элeктрондық бaзa ортaлығы.
4
Бұл да сонда.
5
Мeмлeкeт бacшыcы Н.A. Нaзaрбaeвтың 2017 жылғы 12 cәуiрдегі «Болaшaққa бaғдaр: Р
ухaни жaңғыру» aтты
мaқaлacы. // «Зaң» элeктрондық бaзa ортaлығы.