30
Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 1080-бабына сәйкес, мұраны қабылдап
алған немесе ие болған мұрагер мұралық мүлік есебінен мынандай шығындарды жұмсауға
құқылы:
1) мұра қалдырушы ауырған кезде оны күту, сондай-ақ оны асырау шығындарына;
2) мұра қалдырушының қарауында болған азаматтарды асырау шығындарына;
3) жалақы жөніндегі талаптар мен соған теңестірілген талаптарды қанағаттандыруға;
4) мұралық мүлікті қорғау және оны басқару шығындарына.
5) сонымен қатар, мұраға ие болу туралы куәлік берілгендігі үшін заң бойынша белгілі-бір
мөлшерде баж салығы төленеді. Баж салығының мөлшері мұралық мүліктің тұратын бағасына
байланысты есептеледі. Бұл салықтан мына мұралық мүліктер босатылады: жеке қауіпсіздендіру
шарты бойынша қауіпсіздендіру сомасы, кредиттік ұйымдардағы ақшалар жинағы, мемлекеттік
займ облигациялары, авторлық ақы сомалары.
Өсиет хат жазатын адам мен мұра қалдыра алатын адамның заңды статусы бөлек:
1) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіндегі 1046-баптың 1-бабының 1-тармақ-
шасына сай ақыл-есі дұрыс, қандай да бір әрекетке қабілетті, өзінің азаматтық міндеттерін
білетін және азаматтық құқығын орындата алатын адам ғана өсиет хат жаза алады.
2) Мұра қалдырушы – қартайса да, сырқаттанып жатса да, ақыл-есі орнында болмаса да мұ-
ра қалдыра алатын адам. Қандай да бір мүлік ол көз жұмғаннан кейін ғана мұра болып саналады.
3) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы №31 бұйры-
ғына сәйкес мұра мен өсиет хатты Әділет министрлігінде тіркелген нотариус рәсімдей алады.
Азаматтық заңдар бойынша мұраны қабылдауда қолданылатын тәсілдер:
мұрагер мұралық
мүлікті иелену немесе басқаруға іс жүзінде кіріскенде; мұра қабылданғаны туралы мұра ашыл-
ған жердегі мемлекеттік нотариалдық кеңсеге жазбаша арыз бергенде. Арыз мұра қалдыру-
шының соңғы түпкілікті тұрғындағы нотариалдық кеңсеге жіберіледі. Онда арыз беруші адам
өзінің атын, тегін, әкесінің атын және тұратын жерін толық көрсетуі керек (заңды мұрагердің
мұралық мүлікті иеленуге немесе басқаруға кірісуі мұра ашылғаннан кейін 6 айдың ішінде
жүзеге асырылуы тиіс).
Сонымен қатар, арызда мұрагер мұра қалдырушының мүлкін қабылдайтынын, қайтыс бол-
ған адаммен туысқандық қарым-қатынасын, мұраның ашылған уақытын, мұра қалдырушының
соңғы түпкілікті тұрағын, мұралық мүлікті және басқа да мұрагерлер туралы көрсетеді.
Мемлекеттік нотариус түскен арызды қабылдап, мұрагерлік туралы кітапқа тіркеуге міндет-
ті. Арызды мұрагер нотариалдық кеңсеге өзі келіп немесе почта арқылы жіберуіне болады. Егер
арыз почта арқылы жіберілген болса, онда арызға қойылған қолдың дұрыстығы нотариалды
куәландырылуы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: